Басты бет
/
Әдеби үдеріс
/
ЖАҢАЛЫҚТАР
/
Тынымбай Нұрмағанбетовке “Отан” ордені табысталды...

14.07.2025 1674

Тынымбай Нұрмағанбетовке “Отан” ордені табысталды 12+

Тынымбай Нұрмағанбетовке “Отан” ордені табысталды - adebiportal.kz

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен шаһардың мәдениет, әдебиет және өндіріс салаларында ұзақ жылдар бойы адал еңбек етіп, ел дамуына үлес қосқан бірқатар азаматтарға мемлекеттік наградалар табыстады.

Бұл мәртебелі марапаттар Жұмысшы мамандықтары жылы аясында өткен салтанатты рәсім барысында берілді.

Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы Тынымбай Нұрмағанбетов қазақ руханияты мен мәдениетіне сіңірген ерен еңбегі үшін “Отан” орденімен марапатталды. Дархан Сатыбалды қаламгердің ұлттық идеяға адалдығы мен рухани құндылықтарды дәріптеудегі үлесін ерекше атап өтті. Сондай-ақ прозалық және драматургиялық шығармаларымен әдебиет пен театр өнерінің дамуына сүбелі үлес қосқанын атап көрсетті.

Мемлекеттік марапат иелеріне берілген бұл жоғары құрмет – көп жылғы мінсіз еңбек пен халық алдындағы адал қызметтің айғағы


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Байланыс: adebiportal@qcontent.kz 8(7172) 64 95 58 (ішкі – 1008, 1160)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар