Басты бет
/
Әдеби үдеріс
/
ЖАҢАЛЫҚТАР
/
"Маңғыстау – түркі мәдениетінің төрі" республикалы...

11.07.2025 981

"Маңғыстау – түркі мәдениетінің төрі" республикалық командалық айтысы мәреге жетті 6+

"Маңғыстау – түркі мәдениетінің төрі" республикалық командалық айтысы мәреге жетті - adebiportal.kz

Ақтауда республикалық командалық ақындар айтысының финалдық бәсекесі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Маңғыстау – түркі мәдениетінің төрі" атты республикалық айтыс қорытындысы жарияланды.   

Қасиетті Маңғыстау топырағында халқымыздың ұлы мұрасы саналатын айтыс өнерінің үлкен думаны өтті. Екі жыл бойы еліміздің барлық аймағын қамтыған "Командалық айтыс" жобасы өз мәресіне жетіп, ақтық сайыс дәл осы жерден түркі мәдениетінің төрінен бастау алып отыр. Наурыз мерекесінде бес мың адам жиналып, әлемдік рекорд орнаттық. Одан кейін жүз мыңнан аса адам қатысқан Түркі әлемінің мәдени астанасында тағы бір мәрте халқымыздың бірлігін көрсетті. Бүгінгі шара да сол айтулы оқиғалардың жалғасы әрі рухани жалғасы десек, артық айтқандық емес. Бүгінгі айтыс саны аз болса да, қадірі биік, қара шаңырақтағы кенже баланың мәртебесіндей шара. Осы өнер мерекесінің төрі Маңғыстауда өтуі - біз үшін үлкен қуаныш әрі мәртебе. Бабалар аманатын көздің қарашығындай сақтап келе жатқан Маңғыстау халқы әуелден қонақжай. Бұл сахнада кім жеңсе де, бәрі қазақтың баласы, бәрі бауыр, - деді Нұрдәулет Қилыбай.

Қорытынды айтыста Қарағанды мен Түркістан облыстарының өнерпаздары сөз сайысына түсті. Сонымен 1,5 жылға созылған мега жобаның нәтижесі төмендегідей болды:

3-орын – Солтүстік Қазақстан мен Қызылорда облыстары;

2-орын – Астана қаласы мен Ақтөбе облысы;

1-орын – Түркістан мен Қарағанды облыстарының командалары.


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Байланыс: adebiportal@qcontent.kz 8(7172) 64 95 58 (ішкі – 1008, 1160)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар