Ғали Орманов
Ғали Орманов (15.08.1907, Алматы облысы Қапал ауданы Қызыл жұлдыз ауылы – 5.9.1978, Алматы) – ақын Қазақ педогогикалық инcтитутын бітірген (1943).
1929 – 60 ж. Іле ауданы оқу бөлімінің меңгерушісі, “Социалистік Қазақстан”(қазіргі “Егемен Қазақстан”) газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, Жамбыл ақынның әдеби хатшысы, “Майдан”альманағының редакторы, “Әдебиет және искусство” (қазіргі “Жұлдыз”) журналының жауапты редакторы, Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, секция меңгерушісі қызметтерін атқарған. Тұңғыш өлеңдер жинағы “Шеңбер” деген атпен 1934 ж. жарық көрді. “Шәуілдір” (1934), “Алынған қамал” (1935) поэмалары, “Абысын сыры” (1936) жыр кітабы, “Көтерме” атты прозалық жинағы (1935) жарыққа шықты. Ормановтың туындылары адамдардың қаһармандық ерлігін, табиғаттың дүлей күшіне қарсы шыққан күресін бейнелеуге арналған. “Халық – қаһарман” (1941), “Емен” (1944) атты жыр кітаптарында соғыстың ауыртпалығын, жауынгерлердің Отанға деген сүйіспеншілігі жолындағы ерліктерін, тылдағы тынымсыз еңбекті сөз етті. Ақын поэзиясы айшықты тілінің ажарымен, оның асыл қазыналарын қолданудағы шеберлігімен ерекшеленеді. “Өмір дастаны” (1948), “Бөбек жүрегі” (1949), “Сәт сапарда” (1957), “Ой қанаты” (1961), “От өзен” (1965), “Жер қазығы” (1972), “Жыр қанаты” (1975), “Жылдар жыры” (1976), т.б. өлең жинақтарында әлеуметтік оқиғаны суреттеуде ақындық шеберлік танытты.
Ол қырғыз эпосы “Манастың” 1-кітабын, А.С. Пушкиннің, М.Ю. Лермонтовтың, Ян Райнистің, Ф.Мақтымқұлының, А.Тоқомбаевтың бірқатар поэмаларын, Л.Н. Толстойдың “Анна Каренина” романын, Н.В. Гогольдің “Нева проспектісі” повесін, А.П. Чеховтың әңгімелерін, М.С. Бубенцовтың “Ақ қайың” романын, М.Тұрсын-Заденің “Үндістан балладалары” өлең кітабын қазақ тіліне аударды. Ормановтың көптеген туындылары шетел тілдеріне тәржімаланған. Еңбек Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз, Ленин ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған.
Көп оқылғандар
Төлен Әбдік. Ол кезде бәріміз бақылауда болдық
«Солар жайлы ойлансын ұрпағымыз...»
Максималар мен қоғамдық ойлар...
Баянауыл дейтін ел көрдік...
«Кішкентай мемлекеттегі» үлкен тоталитаризм
Асанәлі Әшімұлы: «Актермін мен, мың өліп, мың тірілген»
Дзюнъитиро Танидзаки. Кішкентай мемлекет
Көрнекті ғалым Әуелбек Қоңыратбаевтың туғанына 120 жыл
Асқар Алтай. Бала жанының бағбаны
ОЙСОҚТЫ АҢСАР...
Төрегелді Тұяқбайдың «Сөзбилерінің» рецепциясы
«Астана Опера» ХІІІ маусымын «Абай» операсымен ашпақ
«BIKEN» халықаралық театр фестивалі өтеді
Тикондерога (шотланд мифі)
«Қаллеки театры» жаңа маусымын «Абаймен» ашты
Жадыра Шамұратова. Нөлінші қабатта жоғалу
Төлен Әбдік. Ол кезде бәріміз бақылауда болдық
Абай тойы қалай өтті?
Жарық пен көлеңкенің арасын жазу
Жазушы және socialnetwork: идиократия қақпанында
Жазушы Қуандық Түменбай жетпіс жаста
Мұхарбек Жәкейұлы. Ай жарығында оқылған хат
Балалар әдебиеті кітаптарын мектепте қалай насихаттау керек? (Заманауи трендтер мен бағыт-бағдарлы әдістеме)
Өркениеттік өлшем: сана дағдарысының қазіргі сәті
Нұрпейіс Байғанин – ұлт жыршысы
Сағындық Рахымжан. «Инженю...» (әңгіме)
Абайдың даналығы
Уақыт – үнсіз куәгер...