Джеймс Мэтью Барри
Дже́ймс Мэ́тью Ба́рри (ағыл. James Matthew Barrie, 1860 жылдың 9 мамырында Кирримьюрда (Шотландия) дүниеге келген - 1937 жылдың 19 маусымы Лондонда дүниеден өткен) — шотланд драматургы және романшы, танымал «Питер Пэн» балалар әдебиетінің авторы. Ол тоқымашы отбасының тоғызыншы ұлы.
Дамфриса Академиясында, сосын Эдинбург университетінде білім алған. Универсиетті тәмамдаған соң «Ноттингем Джорнэл» газеті редакциясында жұмыс жасайды.
Әдебиет қызметін 1885 жылы бастаған. Жазушы 1889 жылы ауылдық өмір жайында сериялы «Идиллия Олд Лихта» повесті мен журналистер өмірі туралы «Адам жалғыз болғанда» романы жарияланған. Содан кейін Барри «Өлген артық» сәтсіз мелодрамасын, (Better Dead,1888), «Кіші қызметкер» (The Little Minister, 1891) махаббат-психологиялық романын, «Сентименталды Томми» (Sentimental Tommy,1896) және оның жалғасы «Томми және Гризел» (Tommy and Grizel, 1900), «Маргарет Огилви» (Margaret Ogilvy, 1896) ана туралы кітабы жарияланған.
1897 жылдан бастап Барри драматургиямен айналыса бастайды (сценалық өңдеу «Кіші қызметкер»). XIX ғасырдың басында Англияда «Кволити-стрит» (Quality Street, 1901) комедиясы - оның танымалдығын арттырады. Барридің («Мери Роуз», «Ғажайып Крихтон», «Кволити-стрит», «Әр әйел не біледі») пьесалары сол уақыттағы драматургтер арасында көзге түскен.
1898 жылы Барри Сильвия және Артур Дэвиспен танысады. Бұл таныстық Барри мен Дэвистің отбасы ұзақ достығының бастауы болды.
1894 жылы Барри өзінің пьесасында ойнаған жас актриса Мэри Энселлмен үйленеді. 1909 жылы некесін бұзады. Барри жұбайынан балалары болмайды.
Сильвия және Артур Дэвистің өлімінен кейін Барри оның балалары, яғни бес баласының бейресми қамқоршысы болды.
1904 жылы «Питер Пэн» пьесасы сахнада қойылды.
Барри көптеген құрметтерге лайық болды: 1913 жылы баронетаны алды, 1922 жылы «Құрмет үшін» ордені; 1919—1922 жылдары Сент-Эндрюсс университетінің ректоры, 1930—1937 жылдары Эдинбург университетінің канцлері; 1928 жылы «Әдебиетшілер қоғамы» президенті болды.
Джеймс Мэтью Барри 1937 жылдың 19 маусымында тікелей мұрагерлерін қалдырмастан дүниеден өткен.
Көп оқылғандар
Қазақ әдебиетіне жаңа образдағы әйел бейнесі керек
Жолтай Жұмат-Әлмашұлы. Еркек-соқпақ
Айгүл Үсен. Талантты қаламгер оқырман үшін жазады
«Qazaq Book Fair» кітап көрме-жәрмеңкесіне шақырады
«Күлтөбедегі» бүгінгі талқы: «Ағыраптағы аты жоқ адам»
Максималар мен қоғамдық ойлар...
Гүл Зарқұмар. Есімде ғажап нұрға ұқсап (аудармалар)
Туған жерге кіндікпен байлану (Бір фразеологизм негізінде)
Түркістан әдебиетіндегі постколониалды сын
«Әр адамның өз үні болуы керек...»
Мәтін эволюциясы
Әдебиеттегі Ана образының мәні
ҚАЛА ЖӘНЕ ӨРКЕНИЕТ
Мәтін талдаудың филологиялық негізі
Асқар Алтай. Тасқын тып-типыл қылған «...Табыты»
Кеңес Ілиясұлы шығармашылығы туралы
Бақытбек Қадыр. Шаштараз
Жұбан ақынның елдегі үйі
"Кітапқұмарлар" тобына қош келдіңіз!
«Ән патшасы Шәмші » республикалық драма байқауы
Әдеби мәтіндерді қалай және қандай деңгейде талдауға болады немесе бір мәтінді бірнеше түрде талдау мүмкін бе?
Күзгі бұралаң жол
Әдеби мәтіндерді қалай және қандай деңгейде талдауға болады немесе бір мәтінді бірнеше түрде талдау мүмкін бе?
"Алыс Алтай" Ғалымбек Елубайдың бір әңгімесі жайлы
Қазақ-қырғыз арасындағы көңіл айту дәстүрі
Әлихан Мақсұт атындағы робототехника орталығы ашылды
Шерияздан Тайконұлы. Кенші толғауы
Ақын жүрегіндегі иман