Бақтығұл Ойшыбаев
Ойшыбаев Бақтығұл Жұмашұлы - жазушы, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі (1975 ж.)
Бақтығұл Жұмашұлы Ойшыбаев 1940 жылы 5 ақпанда Батыс Қазақстан облысы, Тайпақ ауданы, Базартөбе ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 1959 жылы Калмыков орта мектебін тәмамдаған соң аудандық «Ленин жолы» газетінде корректор болып бастайды.
1961 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне қарасты журналистика кафедрасына оқуға түсіп, 1966 жылы жоғары білімін аяқтайды.
1966 жылы жоғары оқу орнын тәмамдаған соң, еңбек жолын республикалық жастар басылымы — «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде жалғастырады. Мұнда алты ай қызмет атқарып жүргенінде ауылдағы бауырлары хат жазып, оқуына көмектесуге берген уәдесін еске салады. Осылайша туған ауылына оралып, еңбек жолын туған жерінде жалғастыруды жөн көреді.
Еңбек жолының елеулі кезеңі 1966-1973 жылдар аралығында туған өлкесіндегі «Ленин жолы» газетінде жалғасып, онда бас редактордың орынбасары, кейін редактор қызметін атқарады. Осы жылдары әдебиетке ден қойып, аудан мен облыс өмірінен алынған әңгіме, очерк, повестер жаза бастайды. Оның қаламынан туған туындыларда қарапайым еңбек адамдарының тағдыры мен тұрмыс-тіршілігі, туған өлкенің шежіресі шынайы суреттеледі.
1970 жылы Алматыдағы «Жазушы» баспасынан жарық көрген «Алыстан көрінген от» атты повесінде автор жастардың болашағы, олардың арманы мен өмірге деген көзқарасы жайында ой толғайды. Ал «Шұғыла» атты жас жазушылар жинағына енген әңгімелерінде білімге құштар жастардың бейнесі сомдалады.
1980 жылы «Жалын» баспасынан жарық көрген «Қимас күндер» атты прозалық кітабы жазушы шығармашылығының тағы бір белесіне айналды. Бұл жинақта замандастары мен туған ауылындағы еңбек адамдарының тағдыры, олардың тұлғалық болмысы шынайы сезіммен өрілген.
1973 жылдан 1997 жылға дейін Сырым аудандық «Қызыл ту» газетінде 15 жыл бойы бас редактор болып қызмет атқарып, кейін еңбек жолын журналист ретінде жалғастырады. Оның мақалалары мен көркем шығармалары облыстық және республикалық басылымдарда үзбей жарияланып тұрды.
Бақтығұл Ойшыбаев — қаламын еңбек адамдарының өміріне арнаған шынайы публицист-жазушы. Оның мақалалары мен көркем шығармаларынан туған жерге деген махаббат пен азаматтық жауапкершілік айқын аңғарылады.
Ол журналистік және көркем-әдеби еңбектері үшін түрлі марапаттарға ие болған. 1975 жылы Қазақстан Жазушылар одағының мүшелігіне қабылданған.
Отбасы туралы ақпарат:
1971 жылы Бақтығұл Жұмашұлы Бигалиева Манира Закирқызымен отбасын құрады. 1973 жылы отбасы Жымпиты ауданына қоныс аударып, бұл өңірде 1998 жылдың 1 қыркүйегіне дейін тұрады.
Бақтығұл Жұмашұлы мен Манира Закирқызы бес перзент сүйді:
қызы Жаннат (14 маусым 1972 ж.),
қызы Гүлжамал (20 қазан 1975 ж.),
ұлы Кемелбек (13 шілде 1977 ж.),
қызы Баянгүл (8 тамыз 1979 ж.),
ұлы Еркінбек (5 мамыр 1986 ж.).
Жазушы 1997 жылдың 5 қыркүйегінде өмірден өтті.
Көп оқылғандар
Сағадат Ордашева. Таласбек Әсемқұлов руханияты
Бақыт Бәйтібаева. Диастың періштелері
«Солар жайлы ойлансын ұрпағымыз...»
Баянауыл дейтін ел көрдік...
Асанәлі Әшімұлы: «Актермін мен, мың өліп, мың тірілген»
«Кішкентай мемлекеттегі» үлкен тоталитаризм
Дзюнъитиро Танидзаки. Кішкентай мемлекет
Асқар Алтай. Бала жанының бағбаны
Гүлтас Құрманбай. Тағдыр сыйы
Көрнекті ғалым Әуелбек Қоңыратбаевтың туғанына 120 жыл
Зияш Телеуова. Шал мен шам
«Қаллеки театры» жаңа маусымын «Абаймен» ашты
Қаламгер Қайым-Мұнар Табеев дүниеден озды...
Төрегелді Тұяқбайдың «Сөзбилерінің» рецепциясы
Мақсат болу үшін идея керек...
Тикондерога (шотланд мифі)
Төлен Әбдік. Ол кезде бәріміз бақылауда болдық
Жадыра Шамұратова. Нөлінші қабатта жоғалу
Жарық пен көлеңкенің арасын жазу
Жазушы және socialnetwork: идиократия қақпанында
Жазушы Қуандық Түменбай жетпіс жаста
Мұхарбек Жәкейұлы. Ай жарығында оқылған хат
Балалар әдебиеті кітаптарын мектепте қалай насихаттау керек? (Заманауи трендтер мен бағыт-бағдарлы әдістеме)
Өркениеттік өлшем: сана дағдарысының қазіргі сәті
Нұрпейіс Байғанин – ұлт жыршысы
Сағындық Рахымжан. «Инженю...» (әңгіме)
«Солар жайлы ойлансын ұрпағымыз...»
Уақыт – үнсіз куәгер...
Абайдың даналығы