Басты бет
/
Авторлар
/
Ж
/
Жанарбек Садыханұлы ӘШІМЖАН

Жанарбек Садыханұлы ӘШІМЖАН

Жанарбек Садыханұлы ӘШІМЖАН

1976 жылы 1 сәуiрде Алматы облысы Кеген ауданы Жалаңаш ауылында дүниеге келген.
1993 жылы Жалаңаш қазақ орта мектебін бітірді.
1995-1999 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетiнiң журналистика факультетiнде білім алды.
Тырнақалды туындылары аудандық «Хантәңірі» (бұрынғы «Коммунизм нұры»), облыстық «Жетісу» басылымдарында жарық көрген.
2015-2017 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетiнiң магистрі ғылыми дәрежесін алды.
Польша Республикасы Познань қаласындағы Адам Мицкевич атындағы университетінде тағылымдамадан өтті.

Атқарған қызметтері:
1996-1999 жылдары - қалалық «Алматы ақшамы» газетiнде тiлшi;
2000 жылы - республикалық қоғамдық-саяси «Қазақстан» журналында бөлiм редакторы;
2000-2005 жылдары - республикалық «Жас Алаш» газетiнде әдебиет және саясат бөлiмдерiнiң меңгерушiсi;
2005-2008 жылдары республикалық «Жас қазақ» ұлттық апталығында бас редактордың орынбасары қызметтерiн атқарды.
2008 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстан Жазушылар одағына қарасты «Жұлдыз», «Простор», «Сын» журналдары мен «Қазақ әдебиеті» газеттерін біріктірген «Қаламгер-Медиа» орталығының директоры болды.
2012 жылғы Қаламгерлер құрылтайында Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары болып сайланды.
2017-2018 жылдары республикалық "Қазақ әдебиеті" газетінің Бас редакторы;
2018-2021 жылдары аралығында республикалық "Ана тілі" газетінің Бас редакторы болып қызмет етті.
2021 жылы ҚР Парламентінің YII-шақырылымың депутаты болып сайланды.
2023 жылы ҚР Парламентінің YIII-шақырылым депутаты болып қайта сайланды.
Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі.

Марапаттары:
2003 жылы – Астанада өткен халықаралық «Шабыт» фестивалiнiң «Гран-при» иегерi.
2006 жылы – Түркiстан қаласында өткен Өмiрбай Сәуiрбаевқа арналған республикалық жыр мүшәйрасының І-орын жүлдегерi.
2007 жылғы «БТА» банкі ұйымдастырған жазба ақындардың республикалық жыр бәйгесінің бас жүлдегері.
2008 жылы – «Бір өлең – бір әлем» атты халықаралық жазба ақындар жыр мүшәйрасының бас жүлдегері.
2009 жылы ҚР Үкіметінің арнайы Жарлығымен мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты атанды.
«Қазақ журналистикасына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталған.
Қазақстан Журналистер академиясының толық мүшесі.
2017 жылы мемлекет басшысының Жарлығымен "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағымен марапатталды.
2019 жылы журналистика саласының ең жоғары мемлекеттік марапаты – "ҚР Президенті сыйлығының лауреаты" атанды.
2022 жылы ел Президентінің Жарлығымен "Құрмет" орденінің кавалері марапатына қол жеткізді.

"Панда жылаған жаз", "Алғашқы қоңырау" кітаптарының, бірнеше ұжымдық жинақтардың авторы.

Хоббиі: Бокс, шаңғы, футбол, бильярд.

Көп оқылғандар