Мұхтар Мағауин
Мұхтар Мұқанұлы Мағауин 1940 жылы 2 ақпанда Семей облысының Шұбартау ауданында туған. 1962 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін, 1965 жылы аспирантурасын бітірген. Еңбек жолы 1965 жылдан басталады. «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі, 1967 – 71 жж. «Жазушы» баспасында бас редактордың орынбасары, Қазақ КСР Ғылым академиясының М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер болып, сонымен қатар Мәскеуде М.Горький атындағы Әдебиет институтында қазақ фольклоры мен қазақ әдебиеті тарихы бойынша арнайы лекциялық курстар жүргізді. 1983 – 84 жж. еркін шығармашылық жұмыста, 1984 – 86 жж. «Жазушы» баспасының бас редакторы, 1987 жылы еркін шығармашылық жұмыс- та, 1988 – 2006 жж. «Жұлдыз» журналының бас редакторы болды.
Баспасөз бетінде алғаш рет 1959 жылы көрінді. 60-жылдары негізінен әдебиет зерттеушісі ретінде танылды. Бұдан соңғы кезеңде көркем прозаға көбірек ден қойды. Шығармалары орыс тіліне аударылған, шетел тілдерінде басылған. Филология ғылымының кандидаты (1967). Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының хатшысы. «Аласапыран» тарихи роман-дилогиясы үшін Қазақ КСР-інің Абай атындағы мемлекеттік сыйлығы берілді. Қазақстанның Халық жазушысы (1984). Түркияның халықаралық «Түрік дүниесіне қызмет» сыйлығының иегері (1997). «Тарлан» сыйлығының лауреаты (2002). Қазақстанның Құрметті жазушысы (2019).
Шығармалары: Қобыз сарыны. XV–XVІІІ ғасырларда жасаған қазақ ақын, жыраулары. Монография. А., «Жазушы», 1969; Көк мұнар. Роман. А., «Жазушы», 1972; Бір атаның балалары. Повестер мен әңгімелер. А., «Жалын», 1974; Көк кептер. Повестер мен әңгімелер. А., «Жазушы», 1979; Аласапыран. Тарихи роман. Бірінші кітап. А., «Жалын», 1983; Шоқан Шері. «Известия», 1993; Ғасырлар бедері. «Ер Дәулет», 1994; Мен. Роман-дилогия. «Гауһар», 1998. Тасқа басылған қолжазбалар. «Қағанат», 1999; Шыңғыс ханның шарапаты.»Ильдан», 2003; Көк мұнар. Роман. Рига. «Лиесма», 1981 (латыш тілінде); Гибель борзого. Повести и рассказы. М., «Советский писатель», 1978; М., «Русская речь», 2003; Поэты Казахстана. М., «Советский писатель», 1978; Змеиное лето. Повесть. М., «Советский писатель», 1984; Голубое марево. Роман, повести, рассказы. М., «Известия», 1985; Вешние снега. Роман-дилогия. М., «Советский писатель», 1990; Кобыз «колье». А., «Мектеп», 2003. Он үш томдық шығармалар жинағы. «Қанағат», 2002; Шыңғыс ханның шарапаты. А., 2003; Қобыз. «Колье». А., 2003;
2006 жылдың желтоқсанында елден біржола кетіп, Чех республикасында қоныстанды.
2007 - «Жармақ» романы.
2007-2008 - «Әрқилы әңгімелер», «Талайсыз әңгімелер» топтамалары.
2008, қараша - 2015, қараша - «Шыңғыс хан және оның заманы», тарихи деректі тетралогия.
2015, шілде - Америкаға түпкілікті қоныс аудару. Мэриленд штаты, әуелде Вашингтонға іргелес Роквилл кенті,
2017 жылдың соңынан бастап осы төңіректегі Силвер Сприң кенті.
2016-2017 - «Естеліктер кітабы»: «Ілияс аға Есенберлин», «Әбіш екеуіміз», және басқа жазбалар
2018 - «Естеліктер кітабының» жаңа тараулары.
2019 - Шығармаларының жиырма бес томдық «Толық жинағын» баспаға әзірлеу.
Көп оқылғандар
«Кішкентай мемлекеттегі» үлкен тоталитаризм
Төрегелді Тұяқбайдың «Сөзбилерінің» рецепциясы
Баянауыл дейтін ел көрдік...
Төлен Әбдік. Ол кезде бәріміз бақылауда болдық
Айнаш Қасым. Сол қол (әңгіме)
Жүз кітапты қалай насихаттаймыз?
Қазақ ертегілеріндегі фантастикалық элементтер
Максималар мен қоғамдық ойлар...
Тіл білімінің атасы
Ғабдул-Сәбит Юсупов. Детектив – күрмеуі қиын, күрделі жанр
Шәріп Айтмуханбетұлы. Әріптер тілдің тағдырына айналғанда
Асылдың тұяғы, алтынның сынығы алпыс жаста
«Көк есектің» кейіпкерлері кім?
«Әдебиет танытқышты» тани алдық па?
«Кішкентай мемлекеттегі» үлкен тоталитаризм
ОЙСОҚТЫ АҢСАР...
«Астана Опера» ХІІІ маусымын «Абай» операсымен ашпақ
«BIKEN» халықаралық театр фестивалі өтеді
Көл қорыған қызғыш құс секілденіп...
Мақсат Тәж-Мұрат. Көксіл - ауа тұрғыны-2 (элегия#минор)
Жадыра Шамұратова. Нөлінші қабатта жоғалу
Таңдаулы 100 кітап анықталды
Абай тойы қалай өтті?
Айнаш Қасым. Ақ пен қара
Төлен Әбдік. Ол кезде бәріміз бақылауда болдық
Жарық пен көлеңкенің арасын жазу
Маржан Ершу. Жаңғырық (мистикалық микропоэма)
Жазушы және socialnetwork: идиократия қақпанында
Жазушы Қуандық Түменбай жетпіс жаста
Мұхарбек Жәкейұлы. Ай жарығында оқылған хат