Басты бет
/
Әдеби үдеріс
/
ЖАҢАЛЫҚТАР
/
Таңдаулы 100 кітап анықталды...

11.08.2025 1958

Таңдаулы 100 кітап анықталды 6+

Таңдаулы 100 кітап анықталды - adebiportal.kz

3 айға созылған «100 кітап» жалпыұлттық жобасына 100 мыңнан астам адам қатысып, өз таңдауын жасады. «100 кітап» жалпыұлттық сауалнамасының қорытындысы Ұлттық құрылтайдың ресми сайтында жарияланды.  

Бұл жоба биылдан бастап тұрақты түрде жалғасын тауып, тізім жаңартылып отыратын болады. Бастамаға белгілі қаламгерлер мен сарапшылар да атсалысып, дауыс берді.

Мемлекет басшысы Атырауда өткен III Ұлттық құрылтай отырысында: «Шын мәнінде, озық ойлы ұлт болудың ең төте жолы – кітап оқу. Сондықтан кітап оқу мәдениетін қоғамда барынша орнықтыруымыз керек»,- деген еді. 

Президент тапсырмасына сәйкес, биыл алғаш рет 23 сәуір – Ұлттық кітап күні болып атап өтілді. Осы мерекеде қазақ әдебиетін кеңінен насихаттауды көздейтін жаңа жоба – «100 кітап» сауал­­намасы басталып, Абай күні қарсанында аяқталды. Сауалнама еGov.kz порталында жүргізілді. 

Бүгін бұл жобаның қорытынды шарасы өтіп, оған қоғам қайраткерлер мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Жиналғандар бұл бастаманың ел руханияты үшін айрықша маңызды қадам болғанын атап өтті. 

Жиынға қатысқандардың пікірі бойынша, бұл жоба қазақ әдебиетін насихаттауға ықпал етіп қана қоймай, кітап өндірісіне де, кітапхана ісіне де соны серпін береді.

Қорытынды тізімге казақстандық классикалық шығармаларынан бастап, қазіргі заман авторларының да туындылары енді. Тізім құрамына көркем әдеби роман мен повестер, өлең жинақтары кірді.

«100 кітап» жобасы – ұлтымыздың болмысын айшықтайтын, қалың оқырманның әдеби талғамын қалыптастыратын, келер ұрпаққа рухани бағыт-бағдар болатын маңызды қадам. 


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Байланыс: adebiportal@qcontent.kz 8(7172) 64 95 58 (ішкі – 1008, 1160)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар