Кеңес Биекенов
Кеңес Үмбетжанұлы Биекенов (29 қыркүйек 1933 жылы, Ақтөбе облысы, Шалқар қаласында туған) – социология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы әлеуметтанушылары академиясының академигі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультетінің социология кафедрасының профессоры, Қазақстан әлеуметтанушылары Ассоциациясының вице-президенті, әл-Фараби атындағы ҚазМУ-дің тарих факультетін және КОКП Орталық Комитетінің жанындағы қоғамдық ғылымдар академиясын бітірген. Биекенов қазақстандық әлеуметтану мектебінің қалыптасуына зор үлес қосқан ғалым. 1968 жылы ол "Жұмысшылардың саяси санасын қалыптастырудағы өндірістік коллективтің рөлі" атты тақырыпта кандидаттық диссертация, кейін "Басшының саяси мәдениетін методологиялық және әлеуметтанулық талдау" атты тақырыпта докторлық диссертация қорғады. 1973 — 1978 жылы Ақтөбе медицина институтының философия кафедрасының меңгерушісі, 1978 жылдан Алматы жоғары партия мектебінің доценті, философия кафедрасының меңгерушісінің орынбасары, Алматы саясаттану және басқару институтының әлеуметтану және әлеуметтік психология кафедрасының меңгерушісі, Қазақстандық менеджмент, экономика және болжау институтында социология және философия кафедрасы меңгерушісінің орынбасары, 1993 — 2005 жылдар аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің философия және саясаттану факультетінің социология кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарды. Биекенов саяси әлеуметтану, әлеуметтік институттардың әрекет етуі, қазіргі қоғамдағы әлеуметтік құрылым мен әлеуметтік процестерді зерттеумен айналысады. Биекенов сонымен қатар әлеуметтік саясатты мемлекеттің қызметі тұрғысынан зерттеуде. Әлеуметтік саланың даму критерийлерін зерттеу және әр-түрлі әлеуметтік топтарды әлеуметтік қорғаудың даму бағыттарын зерттеу де ғалымның зерттейтін мәселелерінің қатарына жатады.
Шығармалары
Биекеновтің 200-ден астам еңбектері, 6 монографиясы, 8 оқулық және оқу құралдары жарық көрген. Солардың ішінде:
"Қазақстан әлеуметтануының институтционалдануы" (2006),
"Қазақстан тіл әлеуметтануының ғылыми статусы" (2007).
Социология. Оқулық. Алматы, 2002. ( Н.А. Аитовпен бірге).
"Тіл әлеуметтенуі және әлеуметтік іс-әрекетті қалыптастыру" оқу-әдістемелік құрал, 2007 ж.
Экономикалық социология. Алматы, 2002. (М.С. Әженов, т.б бірге).
Социология негіздері. Бішкек, 2002.
Қазақстаннан орыс тілді тұрғындардың Ресейге миграциясы. РҒА-ның халық шаруашылығы институтының Бюллетені. Ноябрь, 1999 жыл.
Қоғамдық пікір социологиясы (З.Ж. Жаназаровамен, Ж.А. Нұрбековамен бірге). Алматы, 2001.
Әлеуметтану. Сөздік. Алматы, 2004. (Қазақ университеті)
Әлеуметтану. Алматы, 2005. (Авторлар үжымы)
"Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі", А., 2007 (сөздік).
Биекенов 19 ғылыми жобаларға, соның ішінде 13 халықаралық жобаларға қатысты. Ғалымның басшылығымен 5 ғылым докторы мен 17 ғылым кандидаты дайындалды. "Мәдени мұра" бағдарламасының "Әлеуметтану" секциясының жетекшісі ретінде "Әлем әлеуметтануының антологиясы" атты кітаптарының 10 томын құрастырып "Қазақстан" баспасынан шығарушы. 2004 жылы Түрік әлеуметтанушыларының Конгресіне, 2005 жылы Түркі тілді елдер әлеуметтанушынарының Құрылтайына қатысты. Қазақстан әлеуметтанушыларының 1,2 конгрестерін өткізді, ҚСА-ның Алматыдағы, Түркістандағы, Өскемендегі, Ақтөбедегі мектептерін ұйымдастырушылардың бірі. Сонымен қатар, Биекенов 2006 жылы "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" мемлекеттік грантының иегері атанды.
Көп оқылғандар
Көрнекті ғалым Әуелбек Қоңыратбаевтың туғанына 120 жыл
Дзюнъитиро Танидзаки. Кішкентай мемлекет
«Солар жайлы ойлансын ұрпағымыз...»
Тикондерога (шотланд мифі)
Мақсат болу үшін идея керек...
Төлен Әбдік. Ол кезде бәріміз бақылауда болдық
Айнаш Қасым. Сол қол (әңгіме)
Қазақ ертегілеріндегі фантастикалық элементтер
Максималар мен қоғамдық ойлар...
Тіл білімінің атасы
«Кішкентай мемлекеттегі» үлкен тоталитаризм
Асылдың тұяғы, алтынның сынығы алпыс жаста
Баянауыл дейтін ел көрдік...
Шәріп Айтмуханбетұлы. Әріптер тілдің тағдырына айналғанда
«Көк есектің» кейіпкерлері кім?
«Әдебиет танытқышты» тани алдық па?
ОЙСОҚТЫ АҢСАР...
Төрегелді Тұяқбайдың «Сөзбилерінің» рецепциясы
«Астана Опера» ХІІІ маусымын «Абай» операсымен ашпақ
«BIKEN» халықаралық театр фестивалі өтеді
Мақсат Тәж-Мұрат. Көксіл - ауа тұрғыны-2 (элегия#минор)
Жадыра Шамұратова. Нөлінші қабатта жоғалу
Төлен Әбдік. Ол кезде бәріміз бақылауда болдық
Абай тойы қалай өтті?
Айнаш Қасым. Ақ пен қара
Жарық пен көлеңкенің арасын жазу
Маржан Ершу. Жаңғырық (мистикалық микропоэма)
Жазушы және socialnetwork: идиократия қақпанында
Жазушы Қуандық Түменбай жетпіс жаста
Мұхарбек Жәкейұлы. Ай жарығында оқылған хат
Балалар әдебиеті кітаптарын мектепте қалай насихаттау керек? (Заманауи трендтер мен бағыт-бағдарлы әдістеме)
Нұрпейіс Байғанин – ұлт жыршысы
Сағындық Рахымжан. «Инженю...» (әңгіме)