Анкарада Айтматов көшесі ашылды
Бөлісу:
Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Анкара муниципалитеті тарапынан Анкараның Батыкент ауданында бір көшеге қырғыз жазушы Шыңғыс Айтматовтың есімінің берілуі және бюстінің ашылу рәсіміне қатысты.
Атамбаев рәсімде Айтматовтың есімінің Анкарадағы жаңғыруына қуанғанын білдірді. Қырғыз басшы Айтматовтың Түркияда көп оқылған қаламгер екенін, құрмет көрсетілгенін, көптеген қалада жазушының атының саябақтарға, көшелерге берілгенін айтып, алғысын білдірді.
Атамбаев Қырғызстан мен Түркияның қуанышты күнде де, қаралы күнде де әрдайым бірге болғанын еске салып, екі ел арасындағы осы жақындықтың болашақта да жалғасатынын атап көрсетті.
Рәсімге қатысқан премьер-министрдің орынбасары Емруллах Ишлер де Шыңғыс Айтматовтың туындыларының барлығына дерлігінің түрік тіліне аударылғаны, кітаптарының Түркияда көп оқылған туындылар арасынан қалмайтынын айтты.
Анкара муниципалитеті төрағасы Мелих Гөкчек те Айтматовтың әлем әдебиетіне құнды үлес қосқан маңызды қаламгер екенін атап көрсетті.
Артынан Шыңғыс Айтматов атындағы көше ашылды.
adebiportal.kz
Бөлісу:
Көп оқылғандар
Сағадат Ордашева. Таласбек Әсемқұлов руханияты
Бақыт Бәйтібаева. Диастың періштелері
«Солар жайлы ойлансын ұрпағымыз...»
Баянауыл дейтін ел көрдік...
Асанәлі Әшімұлы: «Актермін мен, мың өліп, мың тірілген»
«Кішкентай мемлекеттегі» үлкен тоталитаризм
Гүлтас Құрманбай. Тағдыр сыйы
Дзюнъитиро Танидзаки. Кішкентай мемлекет
Асқар Алтай. Бала жанының бағбаны
Көрнекті ғалым Әуелбек Қоңыратбаевтың туғанына 120 жыл
Зияш Телеуова. Шал мен шам
«Қаллеки театры» жаңа маусымын «Абаймен» ашты
Қаламгер Қайым-Мұнар Табеев дүниеден озды...
Төрегелді Тұяқбайдың «Сөзбилерінің» рецепциясы
Мақсат болу үшін идея керек...
Төлен Әбдік. Ол кезде бәріміз бақылауда болдық
Жадыра Шамұратова. Нөлінші қабатта жоғалу
Жарық пен көлеңкенің арасын жазу
Жазушы және socialnetwork: идиократия қақпанында
Жазушы Қуандық Түменбай жетпіс жаста
Мұхарбек Жәкейұлы. Ай жарығында оқылған хат
Балалар әдебиеті кітаптарын мектепте қалай насихаттау керек? (Заманауи трендтер мен бағыт-бағдарлы әдістеме)
Өркениеттік өлшем: сана дағдарысының қазіргі сәті
Нұрпейіс Байғанин – ұлт жыршысы
Сағындық Рахымжан. «Инженю...» (әңгіме)
«Солар жайлы ойлансын ұрпағымыз...»
Уақыт – үнсіз куәгер...
Абайдың даналығы