«Жүз жылдық жалғыздықтың» авторы дүниеден өтті...
Бөлісу:
Колумбияның атақты жазушысы, Нобель сыйлығының иегері Габриэль Маркес 17 сәуір күні Мехико қаласында 87 жасында дүниеден өтті. Бұл жөнінде Associated Press хабарлайды.
Алғашқы шығармалары 1947 жылдан бастап жарияланған. Туған жері Аракатаға ұқсайтын Маконда қаласы бейнеленген «Үзілген жапырақтар» (1951) повесінен бастап, жалғыздық сарыны Маркес шығармаларының басты тақырыбына айналды. Латын Америкасында әр түрлі газеттерде тілші қызметін атқарған ол көптеген Еуропа елдерін аралады. 1961 ж. Мексикаға барып, алғаш Испанияда, толық нұсқасы 1966 ж. Мексикада жарық көрген «Қайырымсыз мезет» романын аяқтады. 1962 жылы «Үлкен шешені жерлеу» атты шығармасы, 1967 жылы «Жүз жылдық жалғыздық» романы жарыққа шықты.
Романды орыс тілінен қазақ тіліне 80-жылдардың аяғында Кеңес Юсупов аударған болатын. Жарты миллион данамен таралған романда Буэндиа ұрпағының өсіп-өркендеуі арқылы Латын Америкасының тарихы мен өркениеті, адамзаттың сана-сезімдік эволюциясы көрсетілді. Ауыр науқастан көз жұмған қаламгер Колумбия халқының мақтанышы, әлем әдебиетінің классигі.
Бөлісу:
Көп оқылғандар
Сағадат Ордашева. Таласбек Әсемқұлов руханияты
Бақыт Бәйтібаева. Диастың періштелері
«Солар жайлы ойлансын ұрпағымыз...»
Баянауыл дейтін ел көрдік...
Асанәлі Әшімұлы: «Актермін мен, мың өліп, мың тірілген»
«Кішкентай мемлекеттегі» үлкен тоталитаризм
Гүлтас Құрманбай. Тағдыр сыйы
Дзюнъитиро Танидзаки. Кішкентай мемлекет
Асқар Алтай. Бала жанының бағбаны
Көрнекті ғалым Әуелбек Қоңыратбаевтың туғанына 120 жыл
Зияш Телеуова. Шал мен шам
«Қаллеки театры» жаңа маусымын «Абаймен» ашты
Қаламгер Қайым-Мұнар Табеев дүниеден озды...
Төрегелді Тұяқбайдың «Сөзбилерінің» рецепциясы
Мақсат болу үшін идея керек...
Төлен Әбдік. Ол кезде бәріміз бақылауда болдық
Жадыра Шамұратова. Нөлінші қабатта жоғалу
Жарық пен көлеңкенің арасын жазу
Жазушы және socialnetwork: идиократия қақпанында
Жазушы Қуандық Түменбай жетпіс жаста
Мұхарбек Жәкейұлы. Ай жарығында оқылған хат
Балалар әдебиеті кітаптарын мектепте қалай насихаттау керек? (Заманауи трендтер мен бағыт-бағдарлы әдістеме)
Өркениеттік өлшем: сана дағдарысының қазіргі сәті
Нұрпейіс Байғанин – ұлт жыршысы
Сағындық Рахымжан. «Инженю...» (әңгіме)
«Солар жайлы ойлансын ұрпағымыз...»
Уақыт – үнсіз куәгер...
Абайдың даналығы