Зейнолла Сәніктің 90 жылдығына орай халықаралық әдеби байқау жарияланады
Бөлісу:
Жазушы, этнограф-ғалым Зейнолла Сәніктің 90 жылдығына орай этнографиялық шығармаларға халықаралық әдеби байқау жарияланады
Байқаудың мақсаты – қазақ әдебиетіндегі этнографиялық әңгімелер мен өлеңдерге конкурс жариялау арқылы қаламгерлерге қолдау көрсету.
Байқауды Қазақстан Жазушылар одағы мен Зейнолла Сәнік атындағы мәдениет қоры өткізеді.
Халықаралық байқауды өткізу мерзімі:
• Өтінімдерді қабылдау 2025 жылдың 30 тамызына дейін;
• 2025 жылы қазан айында өтетін Зейнолла Сәніктің 90 жылдығына арналған салтанатты кеште марапатталады.
Байқау шарттары:
Байқауға Қазақстандағы жазушылар мен ақындар, шет елдегі қандас қаламгерлер де қатыса алады; Байқауға қатысушылардың жасына шек қойылмайды.
Шығармалар электрондық нұсқада Microsoft Word форматында (14 кегльде (шрифт), жол арасы 1 интервал, Times New Roman қарпімен) ұсынылуы қажет;
Шығармалар қазақ, орыс тілінде қабылданады;
Әңгіме желісінде ұлтымыздың этнографиясы қамтылуы міндетті;
жинақтарда, мерзімді басылымдарда, сайттарда, әлеуметтік желілерде жарияланған, басқа байқауларға ұсынылған шығармалар қаралмайды;
қолжазбалар Zeinollasanik@mail.ru электронды поштада қабылданады.
Байқауға қатысқандар шығармасын бұқаралық ақпарат құралдарында, жинақтарда және ғаламторда жариялауға рұқсат береді, қаламақы талап етпейді.
Байқауға келіп түскен шығармалардың ішінен іріктелген еңбектер жеке кітап болып басылып шығады.
Марапаттау:
Ең үздік деп танылған шығарма авторлары «Зейнолла Сәнік атындағы сыйлықтың иегері » марапаты мен қаржылай сыйлыққа ие болады.
Бірінші орын(екеу) - 1,5 миллион теңгеден.
Екінші орын(екеу ) - 1 миллион теңге.
Үшінші орын(екеу )- 500 мың теңгеден
Ынталандыру сыйлығы(үшеу) - 300 мың теңгеден.
Бөлісу: