Тынымбай Нұрмағанбетовке “Отан” ордені табысталды

Бөлісу:

14.07.2025 1672

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен шаһардың мәдениет, әдебиет және өндіріс салаларында ұзақ жылдар бойы адал еңбек етіп, ел дамуына үлес қосқан бірқатар азаматтарға мемлекеттік наградалар табыстады.

Бұл мәртебелі марапаттар Жұмысшы мамандықтары жылы аясында өткен салтанатты рәсім барысында берілді.

Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы Тынымбай Нұрмағанбетов қазақ руханияты мен мәдениетіне сіңірген ерен еңбегі үшін “Отан” орденімен марапатталды. Дархан Сатыбалды қаламгердің ұлттық идеяға адалдығы мен рухани құндылықтарды дәріптеудегі үлесін ерекше атап өтті. Сондай-ақ прозалық және драматургиялық шығармаларымен әдебиет пен театр өнерінің дамуына сүбелі үлес қосқанын атап көрсетті.

Мемлекеттік марапат иелеріне берілген бұл жоғары құрмет – көп жылғы мінсіз еңбек пен халық алдындағы адал қызметтің айғағы

Бөлісу:

Көп оқылғандар