Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
СЫН
«Жошы хан» тарихи драмасының премьерасына келіңіз...

22.06.2023 1028

«Жошы хан» тарихи драмасының премьерасына келіңіз 14+

«Жошы хан» тарихи драмасының  премьерасына келіңіз - adebiportal.kz

Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры 23-24 маусым күндері «Жошы хан» тарихи драмасының премьерасын ұсынады. 

«Жошы хан» тарихи драмасының авторы – Думан Рамазан. Қоюшы режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Болат Ұзақов. Спектакльге музыканы арнайы композитор, этномузыкант, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Еділ Құсайынов пен Қайрат Тоқымбетов жазды. Қойылымның суретшісі ретінде Ерлан Тұяқов шақыртылды. Хореографы - Салтанат Сұңғат, сахна сайысын Абылай Салимханов қойды. 

Спектакль Шыңғыс ордасы мен Қазақ ордасы атты бөлімдерден тұрады. Үргеніш шаһарын басып алу барысындағы Шағатай мен Жошы арасындағы текетірес хандық ішіндегі дауға ұласу қаупі туады. Шыңғыс ханның ұлдары арасындағы алауыздықты шешіп, сыртқы жаулардың қитұрқы ойларының жүзеге асуына жол бермеу жолы көрініс табады. Шыңғыс ханның өз қарамағындағы жерлерін төрт ұлы арасында ұлыстарға бөлу сахнасы арқылы оның көрегендігі мен сарабдал саясаткерлігі байқалады. Заңғар таулардан асып, терең теңіздерді кешіп, таралғы созылғанша, үзеңгі қажалғанша тыным таппай, қаншама халықты қарамағына қаратып, бір ұлысқа ұйыстырған хан әке мен оғлан Жошының Ел билеу жөніндегі ой ерекшеліктері, талғам-түйсіктері бой көрсетеді. 

Кей сәттерде әке шешіміне қатысты өз пікірін ашық айтатын Жошы оғлан бейнесі бүгінгі Қазақ мемлекеттігінің қалыптасуының ежелгі шарт-талаптарын негіздеуші ұлы тұлға Жошы хан бейнесіне дейін көтеріледі. Жошы өз иелігіне берілген  Ертіс өзенінен Орал тауына, оңтүстіктен Каспий теңізі мен Арал теңізіне дейінгі жерлер, Сырдария аймағы, Қойлық пен Сақасыннан Бұлғардың шетіне дейінгі Қыпшақтың кең даласын зор мәртебе тұтады. Ұлы дала кіндігі Ұлытауда Жошы ордасы тігіледі. 

Түркі баласын бір тудың астына жинап, артынан ерген елдің тыныштығы мен біртұтастығын ойлаған оғлан. Шыңғыс ханнан кейін қаны түркі баласына бір шаңырақтың астына бас қосқызып, бір қазаннан дәм татқызған, тағдырын бір қазыққа байлаған Жошы өмірі – елдің елдігін, ділдің бастауын көрсететін құндылық.

Спектакльде Жошы хан рөлін театрдың жас актері Қайыржан Садықов сомдайды. Шыңғыс хан бейнесін екі құрамда Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Асылбек Қапаев пен Жанқалдыбек Төленабаев сомдайды. Спектакльде негізгі, қосалқы рөлдермен қатар көпшілік сахналарында 43 артист өнер көрсетеді. 

 Өтетін күні мен уақыты: 23 маусым  19.00

                                                          24 маусым 18.00

Аккредитация үшін: kazteatr@mail.ru

+7 705 9902595 (whatsapp)


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар