Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Таласбек» сыйлығына өтінім қабылдау басталды!...

13.05.2025 776

«Таласбек» сыйлығына өтінім қабылдау басталды!

«Таласбек» сыйлығына өтінім қабылдау басталды! - adebiportal.kz

Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы, күйші, сыншы, ойшыл Таласбек Әсемқұловтың рухани мұрасына тағзым ретінде тағайындалған «Таласбек» сыйлығы – тек жеке тұлғаның шығармашылығын ұлықтаумен шектелмейді. Бұл ұлттық әдебиетіміздің қазіргі тынысын, жаңа үдерісін, терең мазмұн мен биік көркемдікті қолдауға бағытталған маңызды бастама. Сыйлық жыл сайын әдеби кеңістіктегі ерекше туындылар мен Таласбек шығармашылығына арналған зерттеу еңбектеріне табысталады.

Сыйлық арқылы әдеби қауымдастыққа жаңашыл, батыл, ізденімпаз қаламгерлердің үнін естірту, сондай-ақ, Таласбектей терең танымды, ұлттық кодты көркем тілмен жеткізе білген тұлғалардың дәстүрін жалғастыру көзделеді. Бұл бастама жас қаламгерлерге де, тәжірибелі әдебиет майталмандарына да тең мүмкіндік беретін, ашық әрі әділ әдеби орта қалыптастыруды көздейді.

 

«Таласбек»  сыйлығының ережелері


1.⁠ ⁠Бір қаламгер өмірінде тек бір рет «Таласбек» сыйлығының иегері атана алады.

2.⁠ ⁠«Таласбек» сыйлығы “үздік әдеби туынды” және “Таласбектану” сынды екі аталым бойынша беріледі.

3.⁠ ⁠«Таласбек» сыйлығына қаламгерлер өзін ұсына алады немесе сол жылы жарияланған шығармалар ішінен ұйымдастырушылар өздері таңдауы да мүмкін.

4.⁠ ⁠Қаламгерлерге жас шектемесі жоқ.

5.⁠ ⁠Автордың тұрғылықты мекенжайына, азаматтығына, шығармашылық одақтардағы мүшелігіне ешқандай шектеу қойылмайды.

6.⁠ ⁠Шығарманың жанрына, көлеміне ешқандай шеткеу қойылмайды.

7.⁠ ⁠“Таласбек” сыйлығына шығармаларды қабылдау, іріктеу әр жылы 1 наурызда басталады. 7 тамызда сыйлықтың  қысқа тізіміне (шорт лист) енген шығармалар жарияланады.

8.⁠ ⁠Сыйлықтың қорытындысы әр жылы 23 қыркүйекте шығарылады.

9.⁠ ⁠Қысқа тізімге енген шығармалар Otuken.kz сайтына жарияланады.

10.⁠ ⁠Автордың сыйлықты алудағы басты артықшылығы немесе шығарманың сыйлық алу себебі жария етіледі.

11.⁠ ⁠Қазылардың басым бөлігінің дауысын алған автор сыйлық алады. Шешім қайта қаралмайды.

12.⁠ ⁠Шығармалар қазақ тілінде қабылданады. Аударма шығарма келіп түссе, автор мен аударушы бір сыйлықты бөліп алады.

13.⁠ ⁠Сыйлыққа қабылданған жұмыстар рецензияланбайды және қайтарылмайды.

14.⁠ ⁠Сыйлыққа ұсынылатын шығармалар talasbekaward@gmail.com электронды поштасына жолдануы қажет.
       


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Байланыс: adebiportal@gmail.com 8(7172) 64 95 58 (ішкі – 1008, 1160)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар