Басты бет
/
Әдеби үдеріс
/
ЖАҢАЛЫҚТАР
/
Бард ақынға арналған байқау өтті...

09.09.2025 117

Бард ақынға арналған байқау өтті

Бард ақынға арналған байқау өтті - adebiportal.kz

Ақтөбе қаласында қазақтың бард ақыны, қайталанбас өнер иесі Табылды Досымов атындағы «Сәйгүлік» ІІІ республикалық байқауы өтті. Бұл байқау – ел руханиятында өшпес із қалдырған дара тұлғаның мұрасын дәріптеп, жас ұрпаққа насихаттаудың жарқын үлгісіндей болды.

Табылды Досымов – қазақ бард әндерінің биігін бағындырған, ойы терең, сазы бөлек ақын. Оның әндері халық жүрегінде сақталып, уақыт өткен сайын жаңғыра түсуде. Ақтөбеде өткен байқауда жас өнерпаздар Табылды әндерін нақышына келтіре орындап, жиналған көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Бұл өнер додасы арқылы жастардың Табылды шығармашылығына деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігі артқаны анық байқалды. Бұл туралы Табылды Досымов атындағы «СӘЙГҮЛІК» атты III Республикалық байқауының әділқазылар алқасы мүшесі Тәуірбек Бозекенов:

«Байқау тамаша өтті. Қазіргі жастардың Табылды әндеріне деген махаббаты ерекше. Атақты академик Зейнолла Қабдолов «Менің Әуезовімде» ұлы жазушыны өзінше танып, өзінше қабылдайды ғой. Тура сол сияқты, бүгінгі жастардың кеудесінде өз Табылдысы бар, жүрегінде өз Табылдысы өмір сүреді. Біреу үшін ол – еркіндіктің үні, біреу үшін – сағыныштың сазы, енді біреулер үшін – ар, намыс, абырой», - деп тоқталып өтті.

Белгілі қаламгер Бауыржан Омарұлы Табылды жайлы: «Үш ұрпақтың да сұранысына жауап беретін сұрапыл өнер иесі!» - дегені бар еді. Ақтөбедегі байқауда осы пікірдің өміршеңдігінің тағы бір мәрте дәлелдегендей болды.

Бұл байқау – жастарға қазақтың тұңғыш бард ақынының рухани қазынасымен қауыштырып, оны жаңа қырынан тануға есік ашты. Биыл, ақынның туғанына 60 жыл толуына орай Атырау облысында да арнайы іс-шаралар өткізіліп, бард ақынының әндері мен өлеңдері қайта насихатталды. Табылдының рухани мұрасы – халқымен бірге жасайтынын, әр ұрпақ өз жүрегінен өзінше өткізіп, өзінше қабылдайтынын осы жолғы байқау анық көрсетті.


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Байланыс: adebiportal@qcontent.kz 8(7172) 64 95 58 (ішкі – 1008, 1160)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар