Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
Астанада «Шәкәрім оқулары» республикалық байқауы ө...

27.03.2023 1432

Астанада «Шәкәрім оқулары» республикалық байқауы өтті 14+

Астанада «Шәкәрім оқулары» республикалық байқауы өтті - adebiportal.kz

Астанада Шәкерім Құдайбердіұлының 165 жылдығына орай  ұйымдастырылған республикалық байқау аяқталды. 

Екі мыңнан аса оқушы қатысқан сайыс бір айға созылған. Алдымен аймақтарда іріктеу кезеңі өтті. Онда топ жарған 22 оқушы жарыстың жартылай финалына жолдама алған болатын. Кейін олардың арасынан тағы 11-і іріктеліп, ақтық сынға өткен еді. 

Сөйтіп финалдық бәсекеде бас жүлдені Қайрат Айханым, І орынды – Кәдірхан Дінмұхамед, ІІ орынды – Айырбай Аружан, Жеңісбек Гүлназ, Әміртай Айару, ІІІ орынды – Бақберген Гүлназ, Қосылбек Айша, Жүрсін Азитай алды.

Шараның мақсаты – оқушыларды Шәкәрім Құдайбердіұлының мұрасымен танысуға, оны әрі қарай зерттеуге ынталандыру. Астанадағы сайыс барысында қатысушыларға ақынның 20 өлеңі жаттауға берілген болатын. 


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар