Пір мен пырақ
Ақын Әділбек Ыбырайымұлының «Пір мен Пырақ» жыр жинағында азаматтық үн басым. Адам жанын қинайтын мәселелер жайында шындап толғанып, ар мен сезімнің айтарына құлақ түріп, сол қиындықты оңайлатпай, сол күрделіні тұрпайыландырмай нәзік жеткізген.
Жалпы, мұндағы жырлардың азаматтық үні – тіршілік драматизмін қалтқысыз қалт басып, ұстай білгендігінде. Сөйтіп, адамзат тіршілігінің әлеуметтік болмысына терең бойлай алған.