Әлім Қайсар
Әлім Қайсар 1947 жылы 9 қаңтарда Қостанай облысы Жанкелдин ауданының Саға ауылында (қазіргі «Қызбел» шаруашылығы, Сарықопа өңірі) туған. 1971 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі институтының Алматы филиалын, 1984 жылы Алматы Жоғары партия мектебінің журналистика бөлімін тамамдады. 1969 жылы Қостанай облыстық «Коммунизм таңы» газетіне жұмысқа шақырылды. 1990–1997 жж. республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Торғай облысындағы меншікті тілшісі болып істеді. Облыс жабылған соң Ақмола қаласында облыстық «Арқа ажары» газетінде тілші, 1998–2000 жж. ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінде бас маман болды. Қазір республикалық «Егемен Қазақстан» газетінде қызмет істейді.
16 кітаптың авторы. 2007 жылы 8 томдық шығармалар жинағы жарық көрген. Алаш ардақтысы М.Дулатовтың мәйітін 57 жылдан соң Карелиядан әкеліп, туған жері Торғайға қайта жерлеу экспедициялық сапарының (1992) басықасында болған Қайсардың қаламынан «Мұңды сапар» атты тағылымы мол хикаят туды. 1998 жылы Қазақстан Журналистер одағы М.Дулатов атындағы сыйлығының иегері атанды. Ел тәуелсіздігінің 10 жылдығы құрметіне Елбасының «Алғыс хатымен» (2001) марапатталды. «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Торғай қаласының Құрметті азаматы (2004), «Астана қаласының еңбек сіңірген қайраткері» (2007).
Шығармалары: Сейітхан Темірбаев. Очерк. А., «Жазушы», 1975; «Жамбыл» совхозы. Очерк. А., «Қайнар», 1977; Шабытты еңбек. Көсемсөз. А., «Қазақстан», 1978; Түлеген тыңның түлектері. Көсемсөз. А., «Қайнар», 1979; Чернобыль қаһарманы. Хикаят. А., «Жалын», 1989; Сұлтанбек пен Бәтима. Зерттеу. Арқалық баспаханасы, 1993; Мұңды сапар. Хикаятсапарнама. А., «Ана тілі», 1997; Мықшеге. Хикаят. А., «Ана тілі», 1998; Адам ізі. Хикаят. Ақмешіт баспаханасы, 2001; Міржақыптың оралуы. Возвращение из небытия. Хикаят (қазақ, орыс тілінде). Астана, «Фолиант», 2001; Сырбай мен Ғафу. Эссехикаят. Астана, «Фолиант», 2003; Жанығу. Эссе, новеллалар, әңгімелер. Астана, «Парасат әлемі», 2003; Махаббат жыршысы. Эпистолярлық хикаят. Астана, «Фолиант», 2005; Мәңгілік шер. Хикаят. Астана, «Фолиант», 2006; Сегіз томдық шығармалар жинағы. Астана, «Фолиант», 2007; Актер тағдыры. Хикаят, естеліктер. Астана, «Фолиант», 2008; Терең тамыр. Хикаят. Астана, «Фолиант», 2009.
Қайнар көз: http://writers.kz
Көп оқылғандар
Сағындық Рахымжан. «Инженю...» (әңгіме)
Төлен Әбдік. Ол кезде бәріміз бақылауда болдық
Өркениеттік өлшем: сана дағдарысының қазіргі сәті
Айнаш Қасым. Сол қол (әңгіме)
Жүз кітапты қалай насихаттаймыз?
Қазақ ертегілеріндегі фантастикалық элементтер
Ертегілер – көркем ойдың бесік жыры
Ғабдул-Сәбит Юсупов. Детектив – күрмеуі қиын, күрделі жанр
Тіл білімінің атасы
«Көк есектің» кейіпкерлері кім?
Шәріп Айтмуханбетұлы. Әріптер тілдің тағдырына айналғанда
«Әдебиет танытқышты» тани алдық па?
Асылдың тұяғы, алтынның сынығы алпыс жаста
«Астана Опера» ХІІІ маусымын «Абай» операсымен ашпақ
«BIKEN» халықаралық театр фестивалі өтеді
Көл қорыған қызғыш құс секілденіп...
Мақсат Тәж-Мұрат. Көксіл - ауа тұрғыны-2 (элегия#минор)
Жадыра Шамұратова. Нөлінші қабатта жоғалу
Таңдаулы 100 кітап анықталды
Абай тойы қалай өтті?
Айнаш Қасым. Ақ пен қара
Жарық пен көлеңкенің арасын жазу
Маржан Ершу. Жаңғырық (мистикалық микропоэма)
Жазушы және socialnetwork: идиократия қақпанында
Жазушы Қуандық Түменбай жетпіс жаста
Мұхарбек Жәкейұлы. Ай жарығында оқылған хат
Балалар әдебиеті кітаптарын мектепте қалай насихаттау керек? (Заманауи трендтер мен бағыт-бағдарлы әдістеме)
Нұрпейіс Байғанин – ұлт жыршысы