Бауыржан Жақып
Бауыржан Жақып - 1963 жылы 1 мамырда бұрынғы Семей облысы Абай ауданы Аққора ауылында туған. Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын Қазақ теледидарының әдеби-драмалық хабарлар бас редакциясында, одан кейін «Жалын» кітап баспасында редактор болып бастады. Қазақ теледидарында қызмет атқарған кезінде «Дидар» әдеби телеальманахын, «Халық қазынасы», «Жыр жазамын жүрегімнен», «Сұхбат» хабарларын әзірлеп, жүргізді. «Айтыс» хабарын жасауға қатысты. «Алатау» телеарнасы арқылы «Өлең – сөздің патшасы», «Баспасөзге шолу» циклді хабарларын жүргізді.
1986 – 2001 жж. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде оқыту- шы, стажер-зерттеуші, ассистент, аға оқытушы, доцент, деканның оқу ісі жөніндегі орынбасары, журналистік шеберлік және әдеби редакциялау кафедрасының меңгерушісі, баспа ісі кафедрасының, мерзімді баспасөз кафедрасының меңгерушісі, журнал- истика факультетінің деканы болып істеді. 2009 жылы «Қазақ энциклопедиясының» бас директор- бас редакторы болды.
1994 жылы профессор Т.С. Амандосовтың жетекшілігімен «Мұхтар Әуезов – публицист» атты тақырыпта кандидаттық диссертациясын, 2004 жылы академик З.Қабдоловтың жетекшілігімен «Қазақ публицистикасының қалыптасу, даму жолдары» деген тақырыпта докторлық диссертациясын қорғады. 1997 жылы доцент, 2005 жылы профессор ғылыми атағын алды. 200-ден астам ғылыми еңбектің авторы.
Қазақстан Жазушылар одағының Басқарма мүшесі (2002), Қазақстан Журналистика академиясының академигі (2006), халықаралық Жазушылар мен Публицистер ассоциациясының мүшесі (2006), ҚР Жоғары мектеп ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі (2007), Халықаралық Шыңғыс Айтматов академиясының академигі (2011). ҚР ҰҒА-ның корреспондент мүшесі.
«Аудитория» (1984), «Баспалдақтар» (1987), «Бір кеменің үстінде» (1987), «Парусь времени» (1987), «Аралым – арым, Балқашым – бағым» (1988), «Көзімнің нұры» (1990), «Айдындағы аспан» (1996), «Мұхтар Әуезов – публицист» (1997), «Ақ лақ» (1997), «Қолтаңба» (2001), «Уақыт ұршығы» (2004), «Қазақ публицистикасының қалыптасу, даму жолдары» (2004), «Публицистикалық шығармашылық негіздері» (2007), «Қызыл қайың» (2008), «Абайдың Қасқабұлағы» (2012), «Еліккөрген» (2013), «Менің далам» (2014), т.б. кітаптары жарық көрді. Таңдаулы жырлары «Екі мың жылдық дала жыры» (2000) антологиясына, «Жыр маржаны» атты он томдық қазақ поэзиясының антологиясына (2015) енгізілген. Шығармалары орыс, түрік, украин, македон, түркімен, қырғыз тілдеріне аударылды.
Шығармашыл жастардың «Жігер» фестивалінің иегері (1984), Қазақстан Жазушылар одағының М.Мақатаев атындағы сыйлығының (1990), Дарынды жас ғалымдардың мемлекеттік стипендиясының (1998), Қазақстан Журналистер одағының С. Сәдуақасов атындағы сыйлығының (1998), «Дарын» мемлекеттік сыйлығының (1999), 2004 жылы Бакуде өткен Бүкіл түркі дүниесі ақындарының 11-ші «Хазар шеир ақшамдары» фестивалінің иегері. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» төсбелгісімен марапатталған (2006). Түркияның Елазығ шаһарында өткен әйгілі жазушы Шыңғыс Айтматовқа арналған бүкіл түркі дүниесі ақындарының 15-ші «Хазар шеир ақшамдары» фестивалінің дипломанты (2007). Македонияның Скопье, Косованың Приштина қалаларында өткен бүкіл түркі дүниесі ақындары фестивалінің иегері (2007). «ЖОО- ның үздік оқытушысы» республикалық байқауының жеңімпазы (2009), ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасын (2010), 2011 жылы сәуірде Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Алғыс хатын алды. «ҚР тәуелсіздігіне 20 жыл», медалімен, «Құрмет» орденімен, 2013 жылы «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік педагогикалық университетінің «Құрметті профессоры». 2014 жылы Қазақстан Журналистика академиясының «Алтын жұлдыз» сыйлығымен, т.б. көптеген сыйлықтармен марапатталған.
2015 жылдың наурызынан бастап әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универсиетінде ректордың кеңесшісі – «Өнегелі өмір» сериялық басылымы бас редакторының орынбасары қызметін атқарады.
2018 жылдың 12 наурызында өткен Қазақстан Жазушыларының ХV құрылтайында Қазақстан Жазушылар одағы Басқарма Төрағасының орынбасары болып сайланды.
Көп оқылғандар
“Alqa” әдеби подкастының алғашқы шығарылымы жарық көрді
21 мамыр - Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні
Қазақ әдебиетіне жаңа образдағы әйел бейнесі керек
«Күлтөбедегі» бүгінгі талқы: «Ағыраптағы аты жоқ адам»
«Әр адамның өз үні болуы керек...»
Мәтін эволюциясы
Түркістан әдебиетіндегі постколониалды сын
Қазіргі қазақ поэзиясындағы ұйқас тәсілдері
Әдебиеттегі Ана образының мәні
ҚАЛА ЖӘНЕ ӨРКЕНИЕТ
ChatGPT және көркем мәтін: Семиотикалық жүйенің жаңа деңгейі
Асқар Алтай. Тасқын тып-типыл қылған «...Табыты»
Кеңес Ілиясұлы шығармашылығы туралы
Бақытбек Қадыр. Шаштараз
Жұбан ақынның елдегі үйі
"Кітапқұмарлар" тобына қош келдіңіз!
«Ән патшасы Шәмші » республикалық драма байқауы
Күзгі бұралаң жол
Әдеби мәтіндерді қалай және қандай деңгейде талдауға болады немесе бір мәтінді бірнеше түрде талдау мүмкін бе?
"Алыс Алтай" Ғалымбек Елубайдың бір әңгімесі жайлы
Қазақ-қырғыз арасындағы көңіл айту дәстүрі
Шерияздан Тайконұлы. Кенші толғауы
Әлихан Мақсұт атындағы робототехника орталығы ашылды
Қазақ әдебиетіне жаңа образдағы әйел бейнесі керек
Ақын жүрегіндегі иман