Көсемәлі Сәттібайұлы
Көсемәлі Сәттібайұлы - 1959 жылы 3 ақпанда Жамбыл облысы Талас ауданы Амангелді ауылында туған.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін журналист мамандығы бойынша 1985 жылы бітірген. 1976-77 жж. Жамбыл облысы Талас ауданына қарасты А.А. Жданов атындағы кеңшарда құрылысшы болып жұмыс істеген. 1979-81 жж. КСРО-ның Моңғол еліндегі әскери қызметінде болған. 1981-86 жж. Талас ауданындағы «Ленин жолы» («Талас тынысы») газетінде тілші, 1986-91 жж. облыстық «Еңбек туы» («Ақжол») газетінде тілші, 1991-93 жж. Жамбыл облыстық телерадио тарату компаниясында редактор және аға редактор болды. 1993-94 жж. республикалық «Жас Алаш» газетінің Жамбыл облысындағы тілшісі, 1994-97 жж. республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің осы облыстағы тілшісі, 1998 жылы Жамбыл облыстық «Ақжол» газетінің баспа-коммерциялық бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. 1998 жылдан 2004 жылға дейін республикалық «Жас Алаш» газетінің Жамбыл облысындағы тілшісі болып еңбек етті. 2004-14 жж. Республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі болды. 2014 жылдан бері Жамбыл облыстық «Ақ жол» газеті ЖШС-ның директор-бас редакторы.
1988 жылы «Жалын» баспасының жабық бәйгесіне қатысып, екінші жүлдеге ие болды. Әр жылдарда «Шеткері үйдің жарығы», «Бағдаршамның басынан кешкендері», «Күнге ғашық өлкеде», «Тараздан тәбәрік», «Сайқымазақ дүние», «Шарбақтының жалғызы», «Аран», «Шың мен Шынар» және «Хауа Ананың көз жасы» атты кітаптары жарық көрген. «Бастау», «Қазақ балуандары», «Елбасы», «Кәусәр бұлақ» және басқа да ұжымдық жинақтарға әңгімелері, ертегілері, хикаяттары мен эсселері енген. Шығармалары орыс, қырғыз және түрік тілдеріне аударылды.
Қазақстан Жастар одағы мен Қазақстан Журналистер одағының Баубек Бұлқышев атындағы сыйлығының лауреаты. Халықаралық «Дарабоз» әдеби бәйгесінің бірнеше дүркін жүлдегері, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған, (2009), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2014), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), т.б. мерекелік медалымен марапатталған. Талас ауданының Құрметті азаматы (2009), Тараз қаласының Құрметті азаматы (2016).
Көп оқылғандар
Сағындық Рахымжан. «Инженю...» (әңгіме)
Өркениеттік өлшем: сана дағдарысының қазіргі сәті
Тарыдай болып кіресің...
«Островский ‒ ФЕСТ» фестиваліндегі жүлде
Ертегілер – көркем ойдың бесік жыры
Жүз кітапты қалай насихаттаймыз?
XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі драма жанры
Нұрбек Нұржанұлы. Қаһарман құмырсқалар (хикаят)
Америкалық жазушылар ЖИ-ды сотқа берді
Айнаш Қасым. Сол қол (әңгіме)
Ғабдул-Сәбит Юсупов. Детектив – күрмеуі қиын, күрделі жанр
Конституция және қазақ қаламгерлері
СӨЗ ҚАЗЫҒЫ – «БӘДУӘМ!»
Қазақ ертегілеріндегі фантастикалық элементтер
«Сен ішкен у – әбілхаят сусыны...»
Көл қорыған қызғыш құс секілденіп...
Мақсат Тәж-Мұрат. Көксіл - ауа тұрғыны-2 (элегия#минор)
Жадыра Шамұратова. Нөлінші қабатта жоғалу
Таңдаулы 100 кітап анықталды
Абай тойы қалай өтті?
Айнаш Қасым. Ақ пен қара
Жарық пен көлеңкенің арасын жазу
Маржан Ершу. Жаңғырық (мистикалық микропоэма)
Жазушы және socialnetwork: идиократия қақпанында
Жазушы Қуандық Түменбай жетпіс жаста
Мұхарбек Жәкейұлы. Ай жарығында оқылған хат