Сарбас Ақтаев
Сарбас Ақтаев - 1934 жылы 30 қыркүйекте Ақмола облысының Көкшетау ауданындағы Жылымды ауылында туған. Орта мектепті бітіргеннен кейін аудандық «Колхоз жолы» газетінде жауапты хатшы болып қызмет атқарды. 1957 жылы Қарағанды педагогика институтын бітіріп, сегіз жылдық мектепте бір жылдай ұстаздық еткен. 1958 жылы Көкшетау облыстық газетінің редакциясына қызметке ауысқан ол содан бері баспасөз саласында үзбей еңбек етіп келеді. Республикалық саяси сықақ журналы «Ара-Шмель» редакциясында фельетоншы, Алматы облыстық «Жетісу» газетінде бірқатар жыл редактордың орынбасары, бірінші орынбасары, он жеті жыл бойы «Егемен Қазақстан» газеті редакторының орынбасары, «Халық кеңесі» газетінің бас редакторы, «Ақиқат» журналының бас редакторы, бөлім редакторы болған. Әдебиеттегі алғашқы қадамын өлеңмен бастаған ол әдебиеттің әр саласына атсалысып келеді.
Ш.Уәлиханов атындағы университеттің Құрметті профессоры. Оның аударуында Сетон-Томпсон мен М.Шолоховтың әңгімелері, В.А.Обручевтің «Жұмбақ жер», Н.И.Ановтың «Ән қанаты», А.Джапар-Заденің «Отаныңа орал», А.Камьюдің «Оба» және «Бөгде», Булгаковтың «Ақ гвардия» және «Майталман шебер мен Маргарита» романдары мен Р.Фраерманның «Түз тағысы Динго» повесі, Мамин-Сибиряктің әңгімелер мен повестер жинағы, т.б. жеке-жеке кітап болып шықты.
Екі мәрте «Құрмет Белгісі» орденімен және медальдармен, екі мәрте Қазақ КСР Құрмет Грамотасымен марапатталған. Бірнеше мәрте Қазақстан Журналистер одағы сыйлығына ие болған. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, «Парасат» орденінің және «Баспасөз үздігі» төсбелгісінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты.
Шығармалары: Тұңгыш ітап. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1965; Дала туралы толгау. Очерктер. А., «Қайнар», 1971; Қапшагай хикаясы. Повесть. А., «Жазушы», 1973; Бұлар бірінші болып еді. Очерктер. А., «Қазақстан», 1975; Абылай хан. Тарихи очерк. А., «Алаш», 1992; Ханзаданың қасіреті. Хикаялар. А., «Жібек жолы», 1999; Оқ жетпес. Өлеңдер. А., «Жібек жолы», 2001; Қазақ ханымдары. Тарихи эсселер. А., «Ана тілі», 2001; Алтын қалам. Эсселер. А., «Жібек жолы», 2004; Шарапатты шаңырақ. Деректі очерк. 2004; Ақбоз ат. Хикаяттар. А., «Балауса», 2009.
Көп оқылғандар
Сағындық Рахымжан. «Инженю...» (әңгіме)
Өркениеттік өлшем: сана дағдарысының қазіргі сәті
Тарыдай болып кіресің...
Жүз кітапты қалай насихаттаймыз?
Айнаш Қасым. Сол қол (әңгіме)
Қазақ ертегілеріндегі фантастикалық элементтер
Ертегілер – көркем ойдың бесік жыры
Төлен Әбдік. Ол кезде бәріміз бақылауда болдық
Нұрбек Нұржанұлы. Қаһарман құмырсқалар (хикаят)
Ғабдул-Сәбит Юсупов. Детектив – күрмеуі қиын, күрделі жанр
Тіл білімінің атасы
«Көк есектің» кейіпкерлері кім?
Шәріп Айтмуханбетұлы. Әріптер тілдің тағдырына айналғанда
«Әдебиет танытқышты» тани алдық па?
Асылдың тұяғы, алтынның сынығы алпыс жаста
Көл қорыған қызғыш құс секілденіп...
Мақсат Тәж-Мұрат. Көксіл - ауа тұрғыны-2 (элегия#минор)
Жадыра Шамұратова. Нөлінші қабатта жоғалу
Таңдаулы 100 кітап анықталды
Абай тойы қалай өтті?
Айнаш Қасым. Ақ пен қара
Жарық пен көлеңкенің арасын жазу
Маржан Ершу. Жаңғырық (мистикалық микропоэма)
Жазушы және socialnetwork: идиократия қақпанында
Жазушы Қуандық Түменбай жетпіс жаста
Мұхарбек Жәкейұлы. Ай жарығында оқылған хат
Балалар әдебиеті кітаптарын мектепте қалай насихаттау керек? (Заманауи трендтер мен бағыт-бағдарлы әдістеме)
Нұрпейіс Байғанин – ұлт жыршысы