Әлібек Асқаров
Әлібек Асқаров – 1951 жылы 24 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданындағы Екіаша қыстағында туған. Мектеп бітірген соң ауылда түрлі шаруашылық жұмыстарын атқарды, киномеханик болды. Алматыдағы көркемсурет училищесін, ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірді. Әскер қатарында азаматтық борышын өтеді.
Еңбек жолын 1975-86 жж. «Білім және еңбек» журналында көркемдеуші редактордан бастап,әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары, 1986 жылдан респуб- ликалық «Өнер» баспасының бас редакторы болды. 1992 жылы Тәуелсіз Қазақстанның Президенті мен Министрлер Кабинеті аппаратына қызметке келді. 1993-98 жж. Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрінің орынбасары, бірінші орынбасары, 1998-2004 жж. Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Баспа және полиграфия істері жөніндегі департамент директоры, 2005 -12 жж. ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінде сектор меңгерушісі, бас инспектор, бөлім меңгерушісінің орынбасары. 2012-14 жж. Астанадагы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының бас директоры, 2014-16 жж. Алматыдағы ҚР Ұлттық кітапханасының бас директоры қызметтерін атқарды. 2016 жылдың мамыр айынан ҚР Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасының директоры болды. 2019 жылдан Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми орталығының бас директоры. ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2001), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2006), «Парасат» орденінің (2013), көптеген мерекелік медальдардың иегері.
Шығармалары: «Құтмекен» (1979), «Тайга толгауы» (1981), «Жасыл әлемге саяхат» (1985), «Ерте түскен бозқырау» (1989), «Өр Алтай, мен қайтейін биігіңді» (1997, 2006, 2010), «Родникирождаются в горах» (2000), «Мұнар тауды, мұзарт шыңды аңсаймын» (2004), «Скрип соленого сердца» (2006), «Социализм әңгімелері» (2006),«Социализм хикаяты» (2007), «Стон дикой долины» (2008), «Кешегі күннің хикаясы» (2008), «И смех, и слезы, и любовь..» (2009), «АЛТАЙ- алтын бесік, ата жұрт» (2009), «Надейся и жди!» (2009), «Озарение» (2009), «Көңілдің көк дөнені» (2010), «Батқан күннің бояуы» (2010), Төрт томдық таңдамалы шығармалары (2011-2012), «Алтайда алтын күз еді» (2013, 2014), «Однажды осенью, далеко в горах» (2014), «Страшный черный медведь (2015), «Әдебиет әлемінің әзілдері» (2015), «Қойға шапқан қара аю» (2015), «Көккөл», «Шанағаты», «Аспантау», «Шабанбай», «Мұзтау», «Қазығұрт» (2017), «Қайырымды Үміт мүйісі немесе Жер шетіне саяхат» (2018), «Қиғаш хикаясы» (2018).
Көп оқылғандар
Максималар мен қоғамдық ойлар...
Төлен Әбдік. Ол кезде бәріміз бақылауда болдық
Сағындық Рахымжан. «Инженю...» (әңгіме)
Өркениеттік өлшем: сана дағдарысының қазіргі сәті
Айнаш Қасым. Сол қол (әңгіме)
Жүз кітапты қалай насихаттаймыз?
Қазақ ертегілеріндегі фантастикалық элементтер
Ертегілер – көркем ойдың бесік жыры
Тіл білімінің атасы
Ғабдул-Сәбит Юсупов. Детектив – күрмеуі қиын, күрделі жанр
Максималар мен қоғамдық ойлар...
Шәріп Айтмуханбетұлы. Әріптер тілдің тағдырына айналғанда
«Көк есектің» кейіпкерлері кім?
«Әдебиет танытқышты» тани алдық па?
Асылдың тұяғы, алтынның сынығы алпыс жаста
ОЙСОҚТЫ АҢСАР...
Көл қорыған қызғыш құс секілденіп...
Мақсат Тәж-Мұрат. Көксіл - ауа тұрғыны-2 (элегия#минор)
Жадыра Шамұратова. Нөлінші қабатта жоғалу
Таңдаулы 100 кітап анықталды
Абай тойы қалай өтті?
Айнаш Қасым. Ақ пен қара
Жарық пен көлеңкенің арасын жазу
Маржан Ершу. Жаңғырық (мистикалық микропоэма)
Жазушы және socialnetwork: идиократия қақпанында
Жазушы Қуандық Түменбай жетпіс жаста
Мұхарбек Жәкейұлы. Ай жарығында оқылған хат
Балалар әдебиеті кітаптарын мектепте қалай насихаттау керек? (Заманауи трендтер мен бағыт-бағдарлы әдістеме)
Төлен Әбдік. Ол кезде бәріміз бақылауда болдық