Шериаздан Елеукенов
Шериаздан Елеукенов (1929-2020) 3 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданы Аршалы ауылында туған.
Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультеті орыс журналистика бөлімін үздік дипломмен бітірген. 1951-59 жж. Шығыс Қазақстан облыстық «Алтай большевигі», кейін «Коммунизм туы» газетінде істейді. 1963 жылы КОКП Орталық Комитеті жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясы әдебиет теориясы бөлімінің аспирантурасына түседі.
«Қазақ романы және қазіргі заман» тақырыбына кандидаттық диссертация қорғайды. 1964 жылы «Газет жанрлары» атты оқу құралы, 1968 жылы «Казахский роман и современность» атты монографиясы жарық көрді.
1967-71 жж. партия қызметінде: ККП ОК-нің Насихат және үгіт бөлімінің нұсқаушысы, баспасөз, радио және теледидар секторының меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарды. 1971- 86 жж. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы болды. 1986-88 жж. Қазақ КСР ҒА М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры қызметін атқарды. Ш.Құдайбердиев, М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытовтардың өмірі мен шығармашылығы туралы «Жаңа жолдан» («С новой строки») атты кітап жазып жарыққа шығарды. (1989). 1988 жылдың қыркүйек айынан бастап М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бөлім меңгерушісі, бас ғылыми қызметкері болып істеді. Филология ғылымдарының докторы (1989).
«Казахский роман и соврем менность», «Замандас парасаты», «От фольклора до романа-эпопеи», «Әдебиет және ұлт тағдыры» (1997), «Сұлулыққа іңкәрлік (1999), «Ғасырмен сырласу» (2004), «Қазақ әдебиеті тәуелсіздік кезеңінде» (2006), «Казахская литература: новое прочтение» (2007), «Тәуелсіздік биігінен» (2007), «Мағжан. Өмірі мен шығармагерлігі» (2008) атты кітаптары, «Әттең, дүние» романы (2002) мен «Мұхаметжан – Мархума» (1998) атты деректі повесі, «Кітаптану негіздері» (1997), «Қазақ кітабының тарихы» (Ж.Шалғынбаевамен бірге, 1999) оқулықтарын, «Мағжан Жұмабаев» (1999) кітапшасы және мектеп оқушыларына арналған «Мағжан Жұмабаев» атты (1991) оқулықтары жарық көрді. Мағжан» монографиясы үшін ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Қазақ ПЕН-клубының Мағжан Жұмабаев атындағы халықаралық сыйлығының иегері.
Көркем публицистикасы үшін Қазақстан Журналистер одағының Смағұл Сәдуақасов атындағы сыйлығы берілген. «Емтихан» атты сатиралық комедиясы Абай атындағы Жамбыл облыстық және Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық драма театрларында қойылды.
Бірқатар пьесаларды қазақ тіліне тәржімалады. Екі дүркін Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің құрамына, үш мәрте Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаттығына сайланды. Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы болды. Қазақстан тарихи және мәдени ескерткіштерін қорғау қоғамы орталық кеңесінің мүшесі, ГДР-мен достықтың Кеңес қоғамы қазақ бөлімінің төрағасы, ҚР Үкіметі жанындағы Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы ҚР Мемлекеттік сыйлықтары жөніндегі комиссияның мүшесі секілді қоғамдық жұмыстарды ұзақ жылдар бойы атқарып келді.
«Құрмет Белгісі» орденімен, көптеген медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының Құрмет Грамоталарымен марапатталған.
«Баспа және полиграфия ісінің қайраткері». ҚР Президентінің стипендиянты. Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері «Парасат» орденімен марапатталған (2009).
Көп оқылғандар
Сағындық Рахымжан. «Инженю...» (әңгіме)
Өркениеттік өлшем: сана дағдарысының қазіргі сәті
Тарыдай болып кіресің...
Төлен Әбдік. Ол кезде бәріміз бақылауда болдық
Жүз кітапты қалай насихаттаймыз?
Айнаш Қасым. Сол қол (әңгіме)
Қазақ ертегілеріндегі фантастикалық элементтер
Ертегілер – көркем ойдың бесік жыры
Нұрбек Нұржанұлы. Қаһарман құмырсқалар (хикаят)
Ғабдул-Сәбит Юсупов. Детектив – күрмеуі қиын, күрделі жанр
Тіл білімінің атасы
«Көк есектің» кейіпкерлері кім?
Шәріп Айтмуханбетұлы. Әріптер тілдің тағдырына айналғанда
«Әдебиет танытқышты» тани алдық па?
Асылдың тұяғы, алтынның сынығы алпыс жаста
Көл қорыған қызғыш құс секілденіп...
Мақсат Тәж-Мұрат. Көксіл - ауа тұрғыны-2 (элегия#минор)
Жадыра Шамұратова. Нөлінші қабатта жоғалу
Таңдаулы 100 кітап анықталды
Абай тойы қалай өтті?
Айнаш Қасым. Ақ пен қара
Жарық пен көлеңкенің арасын жазу
Маржан Ершу. Жаңғырық (мистикалық микропоэма)
Жазушы және socialnetwork: идиократия қақпанында
Жазушы Қуандық Түменбай жетпіс жаста
Мұхарбек Жәкейұлы. Ай жарығында оқылған хат
Балалар әдебиеті кітаптарын мектепте қалай насихаттау керек? (Заманауи трендтер мен бағыт-бағдарлы әдістеме)
Нұрпейіс Байғанин – ұлт жыршысы