Құлбек Ергөбек
Құлбек Ергөбек - 1952 жылы 26 желтоқсанда Түркістан облысы Отырар ауданы Ақынтоғай елді мекенінде, Көксарай деген жерде туған. ҚазМУ-ды 1975 жылы «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша бітірген. ҚР Ұлттық Ғылым академиясы, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында және Республикалық халық шығармашылығы үйінде (1976) зертханашы, аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі (1975, 1990-92; 1996-99), «С.Мұқанов мемориальдық музей-үйінде» әдіскер, ғылым бөлімінің басшысы (1976-78; 80-87 «Лениншіл жас» (1978-80), «Социалистік Қазақстан» (1987-90), «Қазақ әдебиеті», «Ана тілі» газеттерінде тілші, бөлім меңгерушісі, «Ақиқат», «Қазақ ССР Ғылым академиясы Хабарлары», «Түркология» журналдарында бөлім меңгерушісі, редактор, бас редактор, Қ.А.Иасауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде доцент, профессор, «Қазақ әдебиеті», «Түрік халықтары әдебиеті» кафедрасы меңгерушісі, декан, вице-президент, вице-президент – Білім және ғылым минстрлігінің өкілі, 1-вице-президент, Президент міндетін атқарушы, Президент кеңесшісі, «Түркология» ҒЗИ, «Б.Кенжебайұлының түріктану музейінің» директоры (1992 – бүгінге дейін), Түркістан облысы әкімі Аппараты жетекшісінің орынбасары- бөлім меңгерушісі, облыс әкімі кеңесшісі (1999-2003) қызметін атқарды.
Филология ғылымдарының докторы, Халықаралық академиялардың мүшесі.
Алматы қаласында Өзбекәлі Жәнібек жетекшілігімен «Мұқановтың мемориальдық музей-үйінің» (1977) негізін қалады. Түркістанда «Б.Кенжебайұлының түріктану музейін», «Түрік тілдес халықтар кітапханасын», «Түрік халықтары өнер галереясын», «Сәбина», «Бөрте» балабақшасын, «Профессор Құлбек Ергөбектің зияткерлік мектебін» ашты. Өз қаражатына құрылысын салып, жазушылық, ғалымдықты кәсіпкерлікке ұштастырды.
«Жан жылуы» (1981), «Мейірім шуағы» (1985), «Қазақ совет балалар жазушылары» (1987), «Сәбит Мұқанов» (1989), «Баянғұмыр» (1992), «Жақсыдан қалған сөз» (1992), «Өтебай Тұрманжанов» (1992), «ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті» (1994), «Өлеңсөз» (2012), «Қарасөз» (2012), «Сарасөз» (2013), «Дарасөз» (2015), «Баянсөз» (2019), «Баласөз» (2019) әдеби сын, зерттеу, оқулық кітаптарының, «Адасқандар ақиқаты», «Сібір сабақтары» филологиялық повестердің авторы. Көптеген кітаптарды құрастырды. Екі мыңға тарта мақаласы ағымдағы баспасөзде жарық көріп келеді.
«Арыстар мен ағыстар» (1992-2006) алты томдығының, «Түрікстан жинағы» (2007-16) жеті томдығының авторы. Сегіз кітабы шет ел тілдерінде жарық көрді.
Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының, «Парасат» орденінің, ҚР Президенті стипендиясының иегері.
Көп оқылғандар
ОЙСОҚТЫ АҢСАР...
Сағындық Рахымжан. «Инженю...» (әңгіме)
Өркениеттік өлшем: сана дағдарысының қазіргі сәті
Тарыдай болып кіресің...
Төлен Әбдік. Ол кезде бәріміз бақылауда болдық
Жүз кітапты қалай насихаттаймыз?
Айнаш Қасым. Сол қол (әңгіме)
Қазақ ертегілеріндегі фантастикалық элементтер
Ертегілер – көркем ойдың бесік жыры
Нұрбек Нұржанұлы. Қаһарман құмырсқалар (хикаят)
Ғабдул-Сәбит Юсупов. Детектив – күрмеуі қиын, күрделі жанр
Тіл білімінің атасы
«Көк есектің» кейіпкерлері кім?
Шәріп Айтмуханбетұлы. Әріптер тілдің тағдырына айналғанда
«Әдебиет танытқышты» тани алдық па?
Асылдың тұяғы, алтынның сынығы алпыс жаста
Көл қорыған қызғыш құс секілденіп...
Мақсат Тәж-Мұрат. Көксіл - ауа тұрғыны-2 (элегия#минор)
Жадыра Шамұратова. Нөлінші қабатта жоғалу
Таңдаулы 100 кітап анықталды
Абай тойы қалай өтті?
Айнаш Қасым. Ақ пен қара
Жарық пен көлеңкенің арасын жазу
Маржан Ершу. Жаңғырық (мистикалық микропоэма)
Жазушы және socialnetwork: идиократия қақпанында
Жазушы Қуандық Түменбай жетпіс жаста
Мұхарбек Жәкейұлы. Ай жарығында оқылған хат
Балалар әдебиеті кітаптарын мектепте қалай насихаттау керек? (Заманауи трендтер мен бағыт-бағдарлы әдістеме)
Нұрпейіс Байғанин – ұлт жыршысы