Алтантуяагийн Пүрэвмаа
Моңғолия оқырмандары арасына ерекше шығармалары арқылы кең танымал бола бастаған жас қаламгер Алтантуяа әкелі Пүрэвмаа 1987 жылы ел астанасы Улаанбаатарда дүниеге келген. Жалпы орта мектепті бітіргеннен кейін жоғарғы оқу орнына оқуға түскенімен отбасы жағдайына байланысты оқуын аяқтай алмай ерте өмірге араласады. 2003-2012 жылдар аралығында сән үлгісін көрсетуші болып қызмет жасаған. 2012 жылы отбасылық зорлық-зомбылықтың кесірінен 4-қабаттан құлап қатты жарақат алады. Қайта аяғынан тұру үшін күресіп, басынан өткен уақиғаларға байланысты жазған дүниелері алғашқы шығармашылғы болды. 2014 жылы жазған «Жүрек тыншымайды» (Зүрх зогсохгүй) деген кино драма жанрындағы шығармасы шекара әскерлерінің өмірін суреттейді. Осы шығармашылығы үшін Моңғолия мемлекеті Шекара қорғау қызметі Бас басқармасының «Шекара үшін» орденімен марапатталған. 2015 жылы «Ғажайып «Сиқырлы киенің арманы» (Шидет савдгийн хүсэл) деген тарихи тақырыпта балаларға арналған шығармасын жазды. Осы жылы «Періштелер» (Сахиусан тэнгэрүүд) деген өз өмірінен алып жазған әдеби шығармасы баспадан шығысымен жылдам сатылып кетеді. Сол жылғы ең жоғарғы сатылымды кітаптар қатарына кіреді. 2016 жылы «Манго жемісті шай» (Манго жимстэй цай) деген шығармасында сән үлгісін көрсетіп жүрген кезіндегі жұмысынан айырылмау үшін аборт жасатып, ой сананың қатты күйзелісіне ұшыраған өмірі өрнектеледі. Бұл кітабы да өте жылдам сатылып қоғамда резонанс тудырғандықтан әйелдер оқуға тиісті кітаптар тізімінен орын алды. 2017 жылғы «Гүл тәжі» (Цэцэгэн титэм) кітабы осы жылғы ең жақсы кітаптар тізімінің басынан орын алады. 2018 жылы жазған «Амансың ба, досым?» (Сайн уу, найз минь?) кітабы арқылы ісік ауруына қарсы өз көзқарасын білдірген. 2019 жылы жазған «Үрім бұтақ» (Үр сад) кітабы «Мен сені жақсы көремін» (Би чамд хайртай), «Үрім бұтақ» (Үр сад) деген екі повестен тұрады. Өмірге әкелген ұрпағы үшін ең соңғы күш мүмкіндігін сарқып қайта өмір сүруге талпынған ана өмірінен алынған шығарма. Алланың адамға екі қол беруінің себебі, біреуі басқаға көмек қолын созу үшін деген мағынаны сыйдыруымен ерекше. 2020 жылы «Сен нағыз мүмкіндігіңді қашан шығарасың?» (Чи жинхэнэ хүчээ хэзээ гаргах юм бэ?) деген жеке адамның даму мүмкіндігі туралы, 2021 жылы «Күнім менің» (Нархан минь) деген баласы жоғалып кеткен отбасының өмірінен алып жазған кітаптары жарық көрген. Барлығы сегіз кітіптың авторы. Кітаптары Қытайда, Японияда аударылып жарық көрген. «Періштелер» кітабын Монголияның аға жазушысы Шынай Рахметұлы аударған.
Көп оқылғандар
ОЙСОҚТЫ АҢСАР...
Сағындық Рахымжан. «Инженю...» (әңгіме)
Өркениеттік өлшем: сана дағдарысының қазіргі сәті
Тарыдай болып кіресің...
Төлен Әбдік. Ол кезде бәріміз бақылауда болдық
Жүз кітапты қалай насихаттаймыз?
Айнаш Қасым. Сол қол (әңгіме)
Қазақ ертегілеріндегі фантастикалық элементтер
Ертегілер – көркем ойдың бесік жыры
Нұрбек Нұржанұлы. Қаһарман құмырсқалар (хикаят)
Ғабдул-Сәбит Юсупов. Детектив – күрмеуі қиын, күрделі жанр
Тіл білімінің атасы
«Көк есектің» кейіпкерлері кім?
Шәріп Айтмуханбетұлы. Әріптер тілдің тағдырына айналғанда
«Әдебиет танытқышты» тани алдық па?
Асылдың тұяғы, алтынның сынығы алпыс жаста
Көл қорыған қызғыш құс секілденіп...
Мақсат Тәж-Мұрат. Көксіл - ауа тұрғыны-2 (элегия#минор)
Жадыра Шамұратова. Нөлінші қабатта жоғалу
Таңдаулы 100 кітап анықталды
Абай тойы қалай өтті?
Айнаш Қасым. Ақ пен қара
Жарық пен көлеңкенің арасын жазу
Маржан Ершу. Жаңғырық (мистикалық микропоэма)
Жазушы және socialnetwork: идиократия қақпанында
Жазушы Қуандық Түменбай жетпіс жаста
Мұхарбек Жәкейұлы. Ай жарығында оқылған хат
Балалар әдебиеті кітаптарын мектепте қалай насихаттау керек? (Заманауи трендтер мен бағыт-бағдарлы әдістеме)
Нұрпейіс Байғанин – ұлт жыршысы