Айзат Рақыш
Айзат Серікқызы РАҚЫШ - жазушы, ұстаз, ҚР Журналистер одағының мүшесі. Қаламгер 1983 жылы 23 қыркүйекте ШҚО Күршім ауданы Жиделі ауылында дүниеге келген. Жиделі орта мектебін тәмамдаған соң, 2002 жылы С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың қазақ филологиясы факультетіне оқуға түседі. 2006 жылы оқуын аяқтап, 2007 жылы үлкен шығармашылық ортаны аңсап Алматы қаласына келеді. Сол жылдан бастап тілшілік, жазушылық жолға түседі. Алғашқы әңгімелері республикалық «Мұқағали» журналында, халықаралық «Қазақстан Заманы» газетінде жарық көрген.
Қаламгер 2015 жылы тұңғыш прозалық жинағын «Өлгендер қайтып келеді» атауымен оқырмандарына ұсынды. Бұл кітап үлкен қаламгерлер тарапынан оң бағасын алып, оқырмандарының жылы ықыласын туғызды. 2018 жылы сәуір айында автор өзінің екінші прозалық жинағының тұсауын кесіп, оқырмандарына «Мұз үстіндегі қызғалдақ» атауымен ұсынды. Сонымен қатар, Айзат Рақыш 100-ден астам мақалалардың авторы. Қоғамдағы көкейтесті мәселелерді жұртшылық назарына ұсына білу де қаламгердің қанына сіңген.
Кітаптары
- «Өлгендер қайтып келеді» прозалық жинақ
- «Мұз үстіндегі қызғалдақ» әңгімелер мен хикаяттар жинағы
Мақалалар
- «Айзат айшықтары» Шерияздан Елеукенов, «Қазақ әдебиеті» газеті, 2016 жыл, №41-42
- «Тегеурінді .ойдың иесі» Зүбәйдә Сахиқызы, «Қазақ әдебиеті» газеті, №21, 8-14 маусым
Көп оқылғандар
Сағындық Рахымжан. «Инженю...» (әңгіме)
Өркениеттік өлшем: сана дағдарысының қазіргі сәті
Тарыдай болып кіресің...
Жүз кітапты қалай насихаттаймыз?
Айнаш Қасым. Сол қол (әңгіме)
Қазақ ертегілеріндегі фантастикалық элементтер
Ертегілер – көркем ойдың бесік жыры
Төлен Әбдік. Ол кезде бәріміз бақылауда болдық
Нұрбек Нұржанұлы. Қаһарман құмырсқалар (хикаят)
Ғабдул-Сәбит Юсупов. Детектив – күрмеуі қиын, күрделі жанр
Тіл білімінің атасы
«Көк есектің» кейіпкерлері кім?
Шәріп Айтмуханбетұлы. Әріптер тілдің тағдырына айналғанда
«Әдебиет танытқышты» тани алдық па?
Асылдың тұяғы, алтынның сынығы алпыс жаста
Көл қорыған қызғыш құс секілденіп...
Мақсат Тәж-Мұрат. Көксіл - ауа тұрғыны-2 (элегия#минор)
Жадыра Шамұратова. Нөлінші қабатта жоғалу
Таңдаулы 100 кітап анықталды
Абай тойы қалай өтті?
Айнаш Қасым. Ақ пен қара
Жарық пен көлеңкенің арасын жазу
Маржан Ершу. Жаңғырық (мистикалық микропоэма)
Жазушы және socialnetwork: идиократия қақпанында
Жазушы Қуандық Түменбай жетпіс жаста
Мұхарбек Жәкейұлы. Ай жарығында оқылған хат
Балалар әдебиеті кітаптарын мектепте қалай насихаттау керек? (Заманауи трендтер мен бағыт-бағдарлы әдістеме)
Нұрпейіс Байғанин – ұлт жыршысы