Жанұзақ Аязбеков
Жанұзақ Аязбекұлы Аязбеков - 1977 жылы қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін, 1984 жылы Алматы Жоғары партия мектебінің журналистика бөлімін бітірген.
Алдымен Қостанай облыстық телевизия және радио комитетінде қатардағы редактор болып жұмыс істеген. 1977-1988 жылдар аралығында жастар редакциясының меңгерушісі, аға редактор, облыстық радионың бас редакторының орынбасары, 1987-1991 жылдары Қостанай облыстық партия комитетінің баспасөз жөніндегі нұсқаушысы болып қызмет атқарады.
1991-1995 жылдары Қазақ радиосы мен Қазақ теледидарының «Қазақстан» және «Хабар» агенттігінің Қостанай облысындағы меншікті тілшісі, ал 1995-1998 жылдар аралығында Қостанай облыстық телерадиокомпаниясы төрағасының орынбасары және осы компания құрылымындағы «Заман» телеарнасының директоры қызметтерін атқарған.
1998 жылдан 2014 жылдың наурызына дейін «Қазақстан» телерадиокорпорациясы АҚ Қостанай облысық филиалы директорының орынбасары - Бас редакторы қызметін атқарған. 2014 жылдан бастап «Қостанай таңы» газетінің Директоры – Бас редакторы қызметін атқарып келеді.
2000 жылы Қазақстан Республикасы мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім Министрлігінің Қазақстан Журналистер одағының Құрмет грамоталарымен марапатталған. 2002 жылы «Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылдығы» медалінің иегері, 2008 жылы Қазақ теледидарының 50 жылдығына орай «Алтын жаршы» төсбелгісіне ие болды. 2009 жылы «Қазақстанның Құрметті журналисі» құрмет белгісінің иегері атанған. 2014 жылы облыстық Мұхаметжан Сералин атындағы сыйлыққа ие болды.
2001 жылы Мәскеуде өткен VI Еуразиялық телевизиялық форумына «Қазақ тұлпары» авторлық бағдарламасы арқылы қатысқан.
2002 жылы «Қазақстан» РТРК телебайқауында «Апта» ақпаратты сараптау бағдарламасында республикада 1 орынға ие болған. 1999 жылы облыс әкімінің «Облыстық ең үздік репортері» атты арнайы сыйлығының жүлдегері атанған.
2014 жылы Ж.Аязбековтың «Ағайынның арасы» атты тұңғыш прозалық кітабы жарық көрді. 2015 жылы «Кие мен ие» атты екінші кітабы шықты.
2015 жылы Республикалық Г.Толмачев атындағы «Қазақстандағы ең үздік облыстық газеттің Бас редакторы» жүлдесін жеңіп алды. 2017 жылы «Қазақ журналистикасының қайраткері» деген құрметті атағы мен медаліне ие болды.
Ж.Аязбеков республикалық «Қазақ әдебиеті», «Айқын», «Жас алаш» газеттері, «Жұлдыз», «Қазақстан әйелдері», «Жалын» журналдарында әдебиет пен өнер, танымдық т.б. материалдары жарық көруде.
Көп оқылғандар
Сағындық Рахымжан. «Инженю...» (әңгіме)
Өркениеттік өлшем: сана дағдарысының қазіргі сәті
Тарыдай болып кіресің...
Жүз кітапты қалай насихаттаймыз?
Айнаш Қасым. Сол қол (әңгіме)
Төлен Әбдік. Ол кезде бәріміз бақылауда болдық
Қазақ ертегілеріндегі фантастикалық элементтер
Ертегілер – көркем ойдың бесік жыры
Нұрбек Нұржанұлы. Қаһарман құмырсқалар (хикаят)
Ғабдул-Сәбит Юсупов. Детектив – күрмеуі қиын, күрделі жанр
Тіл білімінің атасы
«Көк есектің» кейіпкерлері кім?
Шәріп Айтмуханбетұлы. Әріптер тілдің тағдырына айналғанда
«Әдебиет танытқышты» тани алдық па?
Асылдың тұяғы, алтынның сынығы алпыс жаста
Көл қорыған қызғыш құс секілденіп...
Мақсат Тәж-Мұрат. Көксіл - ауа тұрғыны-2 (элегия#минор)
Жадыра Шамұратова. Нөлінші қабатта жоғалу
Таңдаулы 100 кітап анықталды
Абай тойы қалай өтті?
Айнаш Қасым. Ақ пен қара
Жарық пен көлеңкенің арасын жазу
Маржан Ершу. Жаңғырық (мистикалық микропоэма)
Жазушы және socialnetwork: идиократия қақпанында
Жазушы Қуандық Түменбай жетпіс жаста
Мұхарбек Жәкейұлы. Ай жарығында оқылған хат
Балалар әдебиеті кітаптарын мектепте қалай насихаттау керек? (Заманауи трендтер мен бағыт-бағдарлы әдістеме)
Нұрпейіс Байғанин – ұлт жыршысы