Ғалымқайыр Мұтанов
Ғалымқайыр (Ғалым) Мұтанов – көрнекті ғалым, дарынды педагог, жоғары мектеп ұйымдастырушысы, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ректоры, ҚР ғылым мен техниканың еңбек сіңірген қайраткері, академик.
Ғ. Мұтанов 1957 жыл наурыз айында ауыл мұғалімдері отбасында дүниеге келген. Қазақ политехникалық институтын «Автоматика және телемеханика» мамандағы бойынша тәмамдап, Рудный индустриялық институтында ассистент болып жұмыс істеді. Мәскеу қаласындағы МИСИС-те екіжылдық ғылыми тағылымдамадан өтті. Мәскеу мемлекеттік кен университетінің «Автоматтандырылған басқару жүйелері» кафедрасында аспирантура мен докторантурада оқыды. Оның диссертациясы жасанды интеллект элементтерін қолдану арқылы технологиялық үдерістерді автоматты басқарудың теориясы мен тәжірибесіне арналды.
М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің ректоры (1995-2002), ҚР Білім және ғылым бірінші вице-министрі (2002-2003), Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік техникалық университетінің ректоры (2003-2010). https://egemen.kz/article/zhanhashyl-rektor
Ғ. Мұтанов 2010 жылдан осы уақытқа дейін әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ректоры. www.kaznu.kz
Мұтанов ғылыми мектепті басқарады, 3 ғылым докторын, 3 PhD докторын дайындап шығарды және 40-қа жуық ғылым кандидатын дайындады. Ол 400-ден астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 20-дан астам монографияның, оқулықтардың, оқу құралдарының, әдістемелік әзірлемелердің авторы. Сондай-ақ, 50-ден астам Отандық және шетелдік патенттің, өнертабыстардың да авторы. ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, вице-президенті, ҚР Жоғары Мектебі Ұлттық Ғылым Академиясының президенті.
Оның еңбегі Қазақстан Республикасының жоғары мемлекеттік наградаларымен: ІІІ дәрежелі «Барыс» және «Парасат» ордендерімен, шет елдердің мемлекеттік наградаларымен: «Академиялық пальма бұтағы» ордені (Франция), «Кавалер кресі» Польша Республикасының ордені, ТМД ордені, сонымен қатар жоғары ғылыми жетістіктері үшін бірнеше беделді марапаттармен: Лиссабон Жоғары инженерлік институтының «Ғылым мен инновациядағы айрықша жетістігі үшін» медалі, Жоғары Мектептің Халықаралық Ғылым Академиясының «Ғылым мен білімдегі айрықша жетістігі үшін» алтын медалі, халықаралық сыйлықтармен: «Түркі әлемін дамытуға қосқан үлесі үшін»; ғылым саласы бойынша: Ғылым мен технологияның ISESCO сыйлығының математика саласы бойынша лауреаты, «Ғылымдағы ерекше есім» (Оксфорд), М. Склодовский-Кюри атындағы, М.В. Ломоносов атындағы және т.б. сыйлықтармен марапатталды.
Ғалым Мұтанов Өнер және Ғылым Бүкіләлемдік академиясының мүшесі (WAAS).
Ол әдеби ортада шығыстық нақышпен өрілген философиялық поэзиясымен де танымал. Сондықтан да оның туындыларына қызығушылар өлеңдерін ағылшын, түрік, орыс, парсы, украин, әзербайжан тілдеріне аударып, шет елдерде кітап ретінде шығаруда.
Позитивті пікірлердің географиясы кең: Еуразиядан бастап, Канада мен АҚШ-қа дейін. Қазақтың танымал ақыны, драматург, аудармашы, «Абай» халықаралық клубының негізін қалаушы, баспагер Роллан Сейсенбаев былай деп, негіздейді: «Әйгілі Шығыстың ақындары бір мезетте математик, астроном, географ және тарихшы болған. Танымал неміс ақыны Гёте шығыс поэтикасын жақсы көрген. Ғалымқайырдың өлеңдері Абай шығармашылығымен шабыттанған. Шығыстың біртуарлары математикалық нақтылықпен ерекшеленеді. Сондықтанда автор терең мағыналы ойларды бір ауыз сөзге сыйғыза алады. Оның поэзиясы жоғары гуманизммен өрілген. Ғалымның туындысы абырой мен намыстан тұрады. Өйткені тек ұлы адам мен ақын ғана адамзаттың санасына қадір-қасиеттің уағыздаушысы әрі мұрагері бола алады».
Украина Әдебиет және өнер халықаралық академиясының президенті С. Дзюба былай деп жазады: «Қазақ ақыны Ғалымқайыр Мұтанов – тек қызықты, талантты шығармашылық адамы ғана емес, ол бірегей, ерекше дарынды философ. Оның өлеңдері – терең мағыналы, зеріктірмейді, әрі таңқаларлық. Ол – естеліктер, ой-толғамдар, дана әрі кемеңгер жанның кеңестерінен тұрады. Оқыған жанды жалықтырмайды әрі қарабайыр емес, ол шын мәнінде жарқын, терең философияға құрылған». Оның пікірін қостаған ақын, әдебиеттанушы В. Слапчук: «Ғалымқайыр Мұтанов шығыстың философиялық поэзиясына тән дәстүрді өз деңгейінде жалғастырып келеді, ол оны модерн стилінде дамытып, көріктіні - қажеттімен, оңтайлыны – құндылықпен ойлы түрде біріктіріп жібереді. Өйткені оның шығармашылығы – бір сәттік назды сәнге, қисынсыз олжаға емес, мәңгілікке машықтануға ұмтылады».
Ғалым Мұтановтың шығармашылығындағы ақиқат пен мейірімділіктің үйлесімі, оның көптеген оқырмандары мен бағалаушыларының жүрегін жаулап алуда. Огайо университетінің философия докторы Джеймс Петрик (АҚШ) Ғ. Мұтановтың «The Shining Light» (2017) өлеңдер жинағына пікір білдіріп, өте ерекше әсерімен бөлісті: https://www.amazon.co.uk/Shining-Light-Galymkair-Mutanov/dp/1911414453 «Ғалым Мұтановтың дауысы қазақ халқының үніндей терең болса, адами жағынан алғанда тұңғиыққа толы, оның өлеңдерінің тереңдігі мен жанкештілігі, қазақ мәдениеті мен барша адамзаттың әмбебап тақырыптарын берудегі тәжірибесі мен алаңдаушылығы жағынан Абайдың шығармашылығымен үндес. Білемін, мен бұл кітапқа әлі талай қайтып ораламын, әсіресе жан дүнием шөліркеген кезде. Мен баршаға бұл кітапты оқып шығуды ерекше энтузиазммен ұсынамын».
Тәуелсіз сарапшылардың пікірінше, Ғ.М. Мұтановтың шығармашылығы модерндік және постмодерндік поэзияға сай келеді. Ақынның шығармашылығы әлемнің көптеген тілдерінде «еуразиялық көшпелілер» ұрпақтары елдерінен жеке орбитасын еншілеп, тұрмыстың түрлі тауқыметіне жауап іздеген автордың жүрек нұрын паш етуде: «Айналаңды нұрландыр» (2014-2016), «Аль-Фараби и современность» (2014), «Сияющий свет» (2015), «Zamanin Ruhuyla söyleşi» (Түркия, 2015, 2016), «Nur’a boya dünya’yı» (Әзірбайжан, 2016), «У ковчезі часу» (Украина, 2017), «The Shining Light» (Ұлыбритания, 2017) және т.б.
Ғ. Мұтановтың ақындық өлеңдері мынадай халықаралық әдеби сыйлықтар мен марапаттарға ие болды: Н. Гоголь, Ф. Мақтымқұлы, М. Қашқари, Ж. Баласағұн, Г. Сковорода, Л. Украинки, В. Блаженного атындағы және т.б. Оның оннан астам өлеңдері танымал композитор В. Питерцевтің қатысуымен нотаға түсіріліп, бейнеклиптер дайындалды.
Толығырақ төмендегі интернет-сайттарда: amazon.com, adlibris.com, adebiportal.kz, kazpravda.kz, akikat.kazgazeta.kz, speckor.net, sknews.net, bilahata.net, bukvoid.com.ua, sibogni.ru, magazines.russ.ru, manera.az, anayurtgazetesi.com, ukrainka.org.ua, bokus.com, barnesandnoble.com және т.б..
Көп оқылғандар
Сағындық Рахымжан. «Инженю...» (әңгіме)
Төлен Әбдік. Ол кезде бәріміз бақылауда болдық
Өркениеттік өлшем: сана дағдарысының қазіргі сәті
Айнаш Қасым. Сол қол (әңгіме)
Жүз кітапты қалай насихаттаймыз?
Қазақ ертегілеріндегі фантастикалық элементтер
Ертегілер – көркем ойдың бесік жыры
Ғабдул-Сәбит Юсупов. Детектив – күрмеуі қиын, күрделі жанр
Тіл білімінің атасы
«Көк есектің» кейіпкерлері кім?
Шәріп Айтмуханбетұлы. Әріптер тілдің тағдырына айналғанда
«Әдебиет танытқышты» тани алдық па?
Асылдың тұяғы, алтынның сынығы алпыс жаста
«BIKEN» халықаралық театр фестивалі өтеді
«Астана Опера» ХІІІ маусымын «Абай» операсымен ашпақ
Көл қорыған қызғыш құс секілденіп...
Мақсат Тәж-Мұрат. Көксіл - ауа тұрғыны-2 (элегия#минор)
Жадыра Шамұратова. Нөлінші қабатта жоғалу
Таңдаулы 100 кітап анықталды
Абай тойы қалай өтті?
Айнаш Қасым. Ақ пен қара
Жарық пен көлеңкенің арасын жазу
Маржан Ершу. Жаңғырық (мистикалық микропоэма)
Жазушы және socialnetwork: идиократия қақпанында
Жазушы Қуандық Түменбай жетпіс жаста
Мұхарбек Жәкейұлы. Ай жарығында оқылған хат
Балалар әдебиеті кітаптарын мектепте қалай насихаттау керек? (Заманауи трендтер мен бағыт-бағдарлы әдістеме)
Нұрпейіс Байғанин – ұлт жыршысы