Кәрім Жұмағалиев
Кәрім Жұмағалиев 1930 жылы мамыр айының 15-жұлдызында бұрынғы Семей облысы, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданына қарасты «Белтерек» колхозында дүниеге келді. Аталған колхоздың бастауыш мектебіне 1938 жылы оқуға барды. 1949-жылы Жарма ауданының орталығы Георгиевка селосында орналасқан Абай атындағы 10 жылдық мектеп интернатын бітірді. Сол жылы Алматы мемлекеттік заң институтына оқуға түсіп, оны 1953 жылы тәмамдады. 1953-1963 жылдар аралығында Семей облыстық прокуратурасында тергеуші болып қызмет істеді. Семей қаласының судьясы болып сайланып, қызымет жолын жалғастырды.
Қазақ ССР Ішкі Істер Министрінің жолдамасымен Қызылорда облысында 1963-1990-жылдар аралығында Қызылорда қалалық тергеу бөлімінің бастығы, облыстық қылмысты іздестіру бөлім бастығы, облыстық ОБХСС бөлім бастығының орынбасары, Шиелі аудандық милиция бөлімінің бастығы, Қызылорда облыстық мемлекеттік автоинспекциясының бастығы, облыстық 5-бөлім бастығы, 5-ші арнайы комендатураның бастығы қызметтерінде жұмыс істеп полковник шенінде 1990-жылы зейнетке шықты.
Зейнетте жүрген кезінде 1991-1994-жылдары жеке кәсіпкер болып омарта шаруашылығымен айналысып Қызылорда облыстық Ерікті Омарташылар қоғамына бастық болып сайланды. Облыс басшыларының тапсырмасымен Қызылорда-Арал қалаларында қысқа мерзімді омарташылар оқу орнын ашып, колхоз-совхоздардан келісім шарт бойынша келген 39 қазақ жігіттеріне қазақ тілінде дәріс беріп, омарта туралы сауаттарын ашып, омарта ұстауға үйретті.
Зейнетте жүрсе де адвокаттық жұмыс істеуге сынақ тапсырып, адвокаттық лицензия алып 1994-2012-жылдар аралығында Қызылорда облыстық және Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты болып жеке кәсіпкерлік жұмыспен айналысып 83-ке қараған жасында демалысқа шықты. Қазір үй іргесіндегі жерге жеміс жидек, көкөніс дақылдарын өсіріп бағбандық жұмыспен айналысуда.
Сұрапыл Отан соғысы басталысымен балалық шақты жинап қойып, 11 жасынан бастап колхоздың жұмысына жегілді. 1948 жылы колхозда жасаған жұмысын бағалап, «Отан соғысы (1941-1945) кезінде еткен ерен еңбегі үшін» деген медалмен марапаттады. Сол медаль арқылы Отан соғысына қатынасушылардың қатарына еніп, арнайы Үкіметтің қаулысында көрсетілген жеңілдіктер тағайындалды. Одан басқа Кеңес Үкіметінің 12 медалімен, министрліктің, облыс әкімшіліктерінің бірнеше Құрмет грамотасымен наградталды.
Жастайынан әдебиетке, мәдениетке, өнерге құштар болды, Қызмет істей жүріп әңгіме, өлең жазу, ән шығарумен айналысуды жалғастырды. Олардың біразы орталық газет журнал беттерінде жарық көріп жүрді. 2005 жылы «Өнерім-өмірім» деген естелік кітабы, 2008 жылы адвокаттың қойын дәптерінен алынған, шытырман оқиғалы (детектив жанырында жазылған) «Жолаушы» атты көркем повесі де кітап болып баспадан шығып, оқырмандарының қолына тиді. Өткен 2015 жылы (85 жасында) «Омарта Әліппесі» деген кітап жазып, баспадан 150 данасын шыққан.
Отбасында төрт бала бар. Екі қыз, екі ұл. Барлығы да жоғарғы білімді, үйлі-баранды. Жұбайы 2011 жылы дүниеден озған.
Кәрім Жұмағалиев
Алматы облысы, Қарасай ауданы, «Еңбекші» аулы. Байланыс индексі 040913.
Көп оқылғандар
Қазіргі қазақ поэзиясындағы ұйқас тәсілдері
Мәтін эволюциясы
«Әр адамның өз үні болуы керек...»
“Alqa” әдеби подкастының алғашқы шығарылымы жарық көрді
ChatGPT және көркем мәтін: Семиотикалық жүйенің жаңа деңгейі
Кітапханашылар кітап оқымайды
Мәдениет пен өнер - ұлт жанының өзегі
Әкбар Мәжит. Экоәдебиет табиғатты аялауға үйретеді...
Жүсіпбек жазған Әмірқан кім
"Әйел құпиясы" шақырады
Асқар Алтай. Тасқын тып-типыл қылған «...Табыты»
Кеңес Ілиясұлы шығармашылығы туралы
Бақытбек Қадыр. Шаштараз
Жұбан ақынның елдегі үйі
"Кітапқұмарлар" тобына қош келдіңіз!
«Ән патшасы Шәмші » республикалық драма байқауы
Күзгі бұралаң жол
"Алыс Алтай" Ғалымбек Елубайдың бір әңгімесі жайлы
Шерияздан Тайконұлы. Кенші толғауы
Қазақ-қырғыз арасындағы көңіл айту дәстүрі
Қазақ әдебиетіне жаңа образдағы әйел бейнесі керек
Ақын жүрегіндегі иман
Төрт жанрды тел емген
Толымбек Әбдірайым. Әлемде әуелеген әндер
«Алқа» гранты жалғасуда