Басты бет
/
Авторлар
/
Т
/
Төлепберген Болатбек Көрпебайұлы

Төлепберген Болатбек Көрпебайұлы

1974 жылы  Жамбыл облысы Сарысу ауданы «Жайылма» ауылында дүниеге келген. 

1991 жылы ауылдағы орта мектепті күміс медальға бітіріп, 1991-1996 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің журналистика факультетінде оқыған.

Еңбек жолын 1992-1994 жылдары «Өркен» және «Жас алаш» газеттерінің тілшісі болып бастаған. 

1994-1996 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінің бөлім меңгерушісі, 

1996-1998 жылдары «Зерде» журналы бас редакторының орынбасары, 

1998-1999 жылдары «Жалын» журналы бас редакторының орынбасары, 

1999-2002 жылдары Президент Телерадио-кешенінің редакторы

2002-2003 жылдары «Асар» жастар газетін ұйымдастырушы, бас редакторы, 

2002-2007 жылдары «Журналист» газетінің редакторы болды. 

2008 жылы  Шалқар радиосының Бас редакторы,

2012 жылы Қазақ радиосы директорының орынбасары – Шалқар радиосының директоры қызметтерін атқарды.    

2019 жылдан қазірге дейін Шалқар радиосының директоры.      

2010 жылы Ұлттық Ғылым Академиясы Философия және саясаттану институтында философия ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін қорғаған. 

2014 - 2018 жылдары Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті Журналистика және саясаттану факультетінде аға оқытушы ретінде дәріс оқыды. 

2021 жылдың қыркүйегінен Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Журналистика факультеті Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасында қосымша дәріс береді.

Ұлттық мәселелер, тарихи ақтаңдақтар және демократия принциптері турасында өз авторлығымен және құрастыруымен жиырма кітапты жарыққа шығарған. 

2004 жылы «Көшкен күннің бояуы» публицистикалық кітабы, 

2006 жылы «Біз білмейтін желтоқсан» кітабы, 2006 жылы «Желтоқсан-86» он томдық естеліктер, құжаттар, мақалалар жинағы" (құрастырушы авторы), 

2007 жылы «1937-2007: Тауқымет пен тағзым» жинағы, 

2008 жылы «Мәңгі жас Алаш идеясы» кітабы, 

2009 жылы «Ұлтым деп соққан жүректер» жинағы, 2010 жылы «Желтоқсан қарлығаштары» кітабы, 

2011 жылы «Ұлттық идея – тәуелсіздік тұғыры» кітабы, 

2012 жылы «Қасиеттім-Желтоқсан!» және 

2015 жылы «Біз осы не бітіріп жүрміз?», 

2017 жылы "Алаш жолы",

2022 жылы "Азаттық аңсаған" және

2024 жылы «Атамұра» баспасынан “Алаң жұрт” кітабы жарық көрді. Еңбекке автордың деректі хикаяттары, әңгімелері және әдеби сын мақалалары енген. 

2024 жылы  «Ұлттық идея-ұлттық медиа тұғыры» монографиясы, 

2024 жылы  «Ұлттық идея - ұлттық қауіпсіздік» кітабы, 

2024 жылы «Тұрақты даму мақсаттары аясындағы журналистика және баспа ісі: дәстүр және жаңашылдық» атты халықаралық  ғылыми-тәжірибелік конференция  материалдары, 

2024 жылы «Болатбек Төлепберген: Библиографиялық көрсеткіш»  жинағы  жарық көрген.

2008 жылы «Сүйікті менің отаным» және 2009 жылы "Тәуелсіздік бесігін тербеткен" атты деректі фильмдері көрерменге жол тартты. Ол барлық туындыларында ұлттық құндылықтар мен қазақ мәселесіне қалам тербеп келеді. Ағарту бағытында республикалық БАҚ-да мақалалар жазып, теледидар мен радиода ұлттық бағыттағы насихат жұмыстарын жүргізіп келеді.

Ұлт мәдениеті мен тарихына қатысты бірнеше халықаралық, республикалық ғылыми-теориялық конференциялар мен дөңгелек столдарды ұйымдастырушы. Оның ішінде Алашқа қатысты конференциялар, Дәстүрлі музыка орындаушыларының республикалық I-ші құрылтайы, репрессия, желтоқсан және оралмандар мәселелеріне орайғы дөңгелек столдар бар.

Болатбек Төлепберген - Қазақстан Жазушылар Одағы мен «Атамұра» корпорациясының жазушы Оралхан Бөкей атындағы стипендиясының тұңғыш иегері (1993), 

«Сорос-Қазақстан» жас жазушылар бәйгесінің жүлдегері (1996), 

Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты (2003), 

«Астананың 10 жылдығы» мерекелік медалінің иегері (2008),

Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты (2008), 

ҚР Мәдениет қайраткері (2009), 

ҚР Президентінің БАҚ саласы бойынша сыйлығының лауреаты (2011) және 

"ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы" мерекелік медалінің иегері (2016),

 Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мейірім» төс белгісі иегері (2020),

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Алғысы» мен «Барыс» төсбелгісінің иегері (2024),

Халықаралық ТҮРКСОЙ  ұйымының "Түркідүниесі мәдениеті мен өнеріне қосқан үлесі үшін" медалінің иегері (2024),

Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024),

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері (2024),

Жамбыл облысына сіңірген «Еңбегі үшін» медалінің иегері (2024), 

Жамбыл облысы, Сарысу ауданына сіңірген «Еңбегі үшін» медалінің иегері (2024),

«Қонаев университетіне 30 жыл» мерейтойлық медалінің, Ықылас Дүкенұлы мерейтойлық медалінің және Халықаралық Махамбет қоры медалінің және Ахмет Байтұрсынұлы медалінің иегері (2024),

Жамбыл облысы әкімінің қолдауымен өткен «Асқақ рухты Әулие ата» республикалық әдеби-мәдени байқауының «Проза» номинациясы бойынша Бауыржан Момышұлы атындағы сыйлығының лауреаты (2024),

Елорда күніне орай БАҚ өкілдері арасындағы республикалық байқаудың «Үздік шолушы» номинациясы бойынша жүлдегері (2025).

 Қазақстан Жазушылар Одағы мен Журналистер Одағының мүшесі.

Көп оқылғандар