Ыбырайым Маманов
Көрнекті тілші ғалым Ыбырайым Есенғұлұлы Маманов 1907 жылы 13 маусымда Талдықорғанның Ақсу өңiрiндегi Қараағаш қыстағында 10-шы ауылда дүниеге келген. Ол Алматыда алғаш ашылған Қазпединституттың тұңғыш бiтiрушiлерiнiң бiрi болды.
1927-28 жылдары Талдықорған облысы, Сарқант ауданындағы Коммуна мектебiнiң директоры болып, еңбек жолын ендi ғана бастаған кезде əкесi Есенғұл қажы аса iрi бай ретiнде тəркiлеу науқанына iлiгiп, Пенза губерниясына, ал үй iшi Оралға жер аударылады. Бұл жерде де ГПУ қудалауын қоймай, жас маманды зайыбымен Красноярск өлкесiнiң Ачинск қаласынан ары тайганың бiр бұрышына бес жылға жер аударады.
Ол жердiң негiзгi тұрғындары татарлар екен. Iргелi бiлiмi мен жастайынан үйренген татар, орыс тiлi кəдеге асып, тұрғындарға татар, орыс тiлiнен сабақ берiп, күнкөрiсiн ажыратады. Қолы бос
кезiнде шамадан жасап сатады. Ара-тұра скрипка тартып, жұрттың көңiлiн көтередi, сөйтiп «Ибраһим əбзи» атанады. Бiрақ оны мұнда да ұзақ тұрақтатпай, түкпiрдегi орыс деревнясына жер аударады. Бұл жерде де аңшылық, балықшылық кəсiппен шұғылданып күн көредi.
Ақыр соңында белгiленген бес жылы өтiп, елге оралады. 1932-37 жылдары алғашқыда Қызылжарда, ондағы қудалаудан соң Көкшетау облысы, Еңбекшiлер ауданында орта мектепте мұғалiм болып жұмыс iстейдi. 1938 жылы Алматыдағы 35-ші мектепке мұғалiмдiк жұмысқа тұрады. 1940 жылы ҚазМУ-дың қазақ тiлi кафедрасына оқытушы болып орналасады.
1947 жылы Ленинградта Марр атындағы Тiл жəне ойлау институты мен КСРО ҒА Орыс тiлi институты Ленинград филиалының ғылыми кеңесiнде жетi айда «Қазақ тiлiндегi көмекшi етiстiктер» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғайды. Сол кездегi кеңестiң құрамында академик И.И. Мещанинов, В.В. Струве, В.Ф. Шишмарев, И.И. Толстой; корреспондент мүшелер: В.М. Жирмунский, С.Е. Малов, С.Е. Чернышев, Е.С. Истрина, С.Г. Бархударов тəрiздi аса көрнектi ғалымдар болатын. Диссертациялық кеңесте жас ғалымның С.Е. Малов жетекшiлiк еткен зерттеуi жоғары бағаланады.
Қызметiне қайтып оралғаннан кейiн тарих-филология факультетiнiң деканы болып белгiленедi, аудандық кеңестiң депутаттығына сайланады. Алайда ғалым тағы да саяси қудалаудың құрығынан
қауiптенiп, 1952-54 жылдары амалсыз Мəскеуге кетедi.
Елдегi саяси өзгерiстерге байланысты 1954 жылы Алматыға келiп, ҚазМУ-дегi қазақ тiлi кафедрасының доцентi, сырттан оқу факультетiнiң деканы болып, оқытушылық жұмысын əрi қарай жалғастырады.
Содан 1991 жылға дейiн аталмыш оқу орнында ұстаздық еттi. Осы жылдың 16 қарашасында дүниеден озды.
Көп оқылғандар
Сағындық Рахымжан. «Инженю...» (әңгіме)
Төлен Әбдік. Ол кезде бәріміз бақылауда болдық
Өркениеттік өлшем: сана дағдарысының қазіргі сәті
Айнаш Қасым. Сол қол (әңгіме)
Жүз кітапты қалай насихаттаймыз?
Қазақ ертегілеріндегі фантастикалық элементтер
Ертегілер – көркем ойдың бесік жыры
Ғабдул-Сәбит Юсупов. Детектив – күрмеуі қиын, күрделі жанр
Тіл білімінің атасы
«Көк есектің» кейіпкерлері кім?
Шәріп Айтмуханбетұлы. Әріптер тілдің тағдырына айналғанда
«Әдебиет танытқышты» тани алдық па?
Асылдың тұяғы, алтынның сынығы алпыс жаста
«BIKEN» халықаралық театр фестивалі өтеді
«Астана Опера» ХІІІ маусымын «Абай» операсымен ашпақ
Көл қорыған қызғыш құс секілденіп...
Мақсат Тәж-Мұрат. Көксіл - ауа тұрғыны-2 (элегия#минор)
Жадыра Шамұратова. Нөлінші қабатта жоғалу
Таңдаулы 100 кітап анықталды
Абай тойы қалай өтті?
Айнаш Қасым. Ақ пен қара
Жарық пен көлеңкенің арасын жазу
Маржан Ершу. Жаңғырық (мистикалық микропоэма)
Жазушы және socialnetwork: идиократия қақпанында
Жазушы Қуандық Түменбай жетпіс жаста
Мұхарбек Жәкейұлы. Ай жарығында оқылған хат
Балалар әдебиеті кітаптарын мектепте қалай насихаттау керек? (Заманауи трендтер мен бағыт-бағдарлы әдістеме)
Нұрпейіс Байғанин – ұлт жыршысы