Әділғазы Қайырбеков
Әділғазы Қайырбеков - 1955 жылы 10 қаңтарда Семей облысы Ақсуат ауданының (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы) Қожагелді ауылында туған.
Қ.И.Сәтбаев атындағы қазақ орта мектебін 1972 жылы, әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың филология факультетін 1978 жылы тамамдаған. Еңбек жолын 1978 жылы С.Мұқановтың әдеби-мемориалдық музей-үйінде экскурсовод болып бастаған. Қазақ телевизиясының Жастар редакциясында редактор (1979—1981), «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде мәдениет және әдебиет бөлімінің меңгерушісі (1981 — 1991), «Халық кеңесі» газетінде руханият бөлімінің меңгерушісі (1991 — 1996), «Қазақ елі» газеті бас редакторының бірінші орынбасары, «Шалқар» қосымшасының редакторы (1996 — 1999), «Қазақ Энциклопедиясы» Бас редакциясының жетекші маманы (1999 — 2000) болып қызмет атқарған. 2000 жылдан бері С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің мемлекеттік әдеби-мемориалдық музей кешенінің директоры.
Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты. Филология ғылымдарының кандидаты. ҚР Жоғарғы Кеңесінің Грамотасымен, «Астананың 10 жылдығы» мерекелік медалімен марапатталған. Қазақстан Жазушылар одағының басқарма мүшесі.
Шығармалары
Бастау. Өлеңдер. Алматы. «Жалын», 1980;
Ақ тума (Жетіген). Поэма және өлеңдер. Алматы. «Жалын», 1984;
Шамшырақ. Өлеңдер. Алматы. «Жалын», 1987;
Сөз бен іс. Деректі әңгімелер мен очерктер. Алматы. «Жалын», 1988;
Намыс найзағайы. Деректі хикаят. Алматы. «Шартарап», 1996;
Шер шертер. Жыр кітабы. Алматы. «Ана тілі», 1998;
Саға. Эссе, әдеби сын-зерттеу, ой-толғам. Астана. «Фолиант», 2003;
Автореферат. Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақ поэзиясы: ізденістер, проблемалар (1991-2001 ж.ж.). Алматы. «Комплекс», 2004;
Шарайна. Библиографиялық көрсеткіш. Алматы. «Мерсал», 2005;
Бөртостаған. Жыр кітабы. Алматы. «Жазушы», 2005;
Ардакүрең. Эссе, әдеби сын-зерттеу, сыр-сұхбат, ой-толғам. Алматы. «Дәуір», 2008.
Сұлутал. Жыр кітабы. Астана: "Астана-полиграфия", 2009;
Тәуелсіздік және қазақ поэзиясы. Зерттеу кітабы. Алматы: "TST Company", 2011;
Жандауа. Жыр кітабы. Алматы :"TST Company", 2013;
Тұлғалар тағылымы: Сәбит пен Ғабит. Эсселер,ғылыми-зерттеу мақалалар, ой-толғам, сыр-сұхбат. Алматы: Айғаным, 2014.
10 томдық шығармалар жинағы. Алматы :"TST Company", 2014.
Көп оқылғандар
Сағындық Рахымжан. «Инженю...» (әңгіме)
Өркениеттік өлшем: сана дағдарысының қазіргі сәті
Тарыдай болып кіресің...
Төлен Әбдік. Ол кезде бәріміз бақылауда болдық
Жүз кітапты қалай насихаттаймыз?
Айнаш Қасым. Сол қол (әңгіме)
Қазақ ертегілеріндегі фантастикалық элементтер
Ертегілер – көркем ойдың бесік жыры
Нұрбек Нұржанұлы. Қаһарман құмырсқалар (хикаят)
Ғабдул-Сәбит Юсупов. Детектив – күрмеуі қиын, күрделі жанр
Тіл білімінің атасы
«Көк есектің» кейіпкерлері кім?
Шәріп Айтмуханбетұлы. Әріптер тілдің тағдырына айналғанда
«Әдебиет танытқышты» тани алдық па?
Асылдың тұяғы, алтынның сынығы алпыс жаста
Көл қорыған қызғыш құс секілденіп...
Мақсат Тәж-Мұрат. Көксіл - ауа тұрғыны-2 (элегия#минор)
Жадыра Шамұратова. Нөлінші қабатта жоғалу
Таңдаулы 100 кітап анықталды
Абай тойы қалай өтті?
Айнаш Қасым. Ақ пен қара
Жарық пен көлеңкенің арасын жазу
Маржан Ершу. Жаңғырық (мистикалық микропоэма)
Жазушы және socialnetwork: идиократия қақпанында
Жазушы Қуандық Түменбай жетпіс жаста
Мұхарбек Жәкейұлы. Ай жарығында оқылған хат
Балалар әдебиеті кітаптарын мектепте қалай насихаттау керек? (Заманауи трендтер мен бағыт-бағдарлы әдістеме)
Нұрпейіс Байғанин – ұлт жыршысы