Өтеген Оралбаев
ОРАЛБАЙҰЛЫ 1952 жылғы 1-ші қыркүйекте Атырау облысының Жылыой
ауданындағы Ақкиізтоғай ауылына қарайтын Ақмешіт деген жерде туған.
1974 жылы Қазақ Ұлттық Университетінің филология факультетін
бітірген. 1974-1976 жылдары Маңғыстау облыстық Телерадиостудиясында
және облыстық газетінде редактор, тілші болып жұмыс жасаған.
1978 жылдан КСРО журналистер одағының, 1986 жылдан КСРО
жазушылар одағының мүшесі. 1978 жылғы республикалық «Жігер», 1980
жылғы Бүкілодақтық поэзия фестивалінің лауреаты, Қазақстан
журналистер одағы сыйлығының иегері. 1976-1994 жылдары «Лениншіл
жас», «Егемен Қазақстан», «Дала дидары» газеттерінде тілші, бөлім
меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары қызметтерін
атқарды. Филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан журналистика
Академиясының академигі (2010 ж.). Қажы (2011 ж.).
1994 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты
болып сайланып, Комитеттің жауапты хатшысы болып қызмет атқарған.
Жыр жинақтары: («Тұңғыш» 1978 ж., «Мәңгілік қозғалыс», 1980 ж.,
«Жұлдызды шақ», 1982 ж., «Көгілдір көкжиек», ұжымдық, 1984 ж., «Ақ пен
қара», 1988 ж., «Аспаны биік атажұрт», 1997 ж., «Екімыңжылдық дала
жырлары», антология, 2008 ж., «Өлеңбаян» 2 томдық, 2008 ж., «Сүмбіле
саздары», 2010 ж., «Қағбаның қарлығаштары», 2012 ж., «Айсұлудың
алақаны» 2016 ж., «Шуақты шақ» 2016 ж.; , Прозалық кітаптары: «Жолға
шықты жүрегім», 1993 ж., «Жолдар мен жылдар», 2008 ж., «Серпер сезім»,
2014 ж., «Текті өнердің Тұмары», 2015 ж., «Тәуелсіз елдің Тұңғышы», 2016
ж., Ғылыми-әдеби монографиялары: «Ақындықтың өлшемі – азаматтық»,
2009 ж., «Қазіргі қазақ поэзиясы: дәстүрлі арналар және көркемдік
сабақтастық», 2010 ж. Әлемнің 40-тан астам ақынының өлеңдерін орыс
және басқа тілдерден қазақшаға аударған. Өлеңдері кеңес одағы
халықтарының оннан астам тілдеріне аударылған. Кең тараған 30-дан астам
ән текстерінің, Қысқы 7-ші Азиада ойындары, Ақтау, Атырау, Түркістан
қалалары гимндерінің мәтін авторы. Баспасөздерде жарияланған 500-ден
астам мақалалардың авторы. Республикалық мүшәйралардың бірнеше
дүркін жеңімпазы.
Маңғыстау облысы Бейнеу (2008 жыл), Атырау облысы Жылыой
аудандарының (2015 жыл) «Құрметті азаматы».
1995 жылдан 2016 жылға дейін ҚР Президенті Әкімшілігінде жауапты
қызметтер атқарды. 2016 жылдан «Назарбаев Орталығының» аға ғылыми
қызметкері.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері;
«Парасат» орденімен, 8 мерекелік медалмен марапатталған;
«ҚР Мемлекеттік қызметінің Үздік қызметкері»;
Елбасының БАҚ саласындағы сыйлығының лауреаты;
Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты;
Қазақстан жазушылар одағының Басқарма мүшесі;
«Нұр Отан» партиясының мүшесі. Отбасылы, 3 баласы бар.
Көп оқылғандар
Төлен Әбдік. Ол кезде бәріміз бақылауда болдық
Максималар мен қоғамдық ойлар...
Тіл білімінің атасы
Баянауыл дейтін ел көрдік...
«Солар жайлы ойлансын ұрпағымыз...»
«Кішкентай мемлекеттегі» үлкен тоталитаризм
Асылдың тұяғы, алтынның сынығы алпыс жаста
Шәріп Айтмуханбетұлы. Әріптер тілдің тағдырына айналғанда
«Әдебиет танытқышты» тани алдық па?
«Көк есектің» кейіпкерлері кім?
ОЙСОҚТЫ АҢСАР...
Көрнекті ғалым Әуелбек Қоңыратбаевтың туғанына 120 жыл
Төрегелді Тұяқбайдың «Сөзбилерінің» рецепциясы
«Астана Опера» ХІІІ маусымын «Абай» операсымен ашпақ
«BIKEN» халықаралық театр фестивалі өтеді
Мақсат Тәж-Мұрат. Көксіл - ауа тұрғыны-2 (элегия#минор)
Жадыра Шамұратова. Нөлінші қабатта жоғалу
Төлен Әбдік. Ол кезде бәріміз бақылауда болдық
Абай тойы қалай өтті?
Жарық пен көлеңкенің арасын жазу
Маржан Ершу. Жаңғырық (мистикалық микропоэма)
Жазушы және socialnetwork: идиократия қақпанында
Жазушы Қуандық Түменбай жетпіс жаста
Мұхарбек Жәкейұлы. Ай жарығында оқылған хат
Балалар әдебиеті кітаптарын мектепте қалай насихаттау керек? (Заманауи трендтер мен бағыт-бағдарлы әдістеме)
Нұрпейіс Байғанин – ұлт жыршысы
Өркениеттік өлшем: сана дағдарысының қазіргі сәті
Сағындық Рахымжан. «Инженю...» (әңгіме)