Қуаныш Сұлтанов
Қуаныш Сұлтанов - 1945 жылы 12 мамырда Талдықорған облысы Панфилов ауданының Еңбекші ауылында туған. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін (1972) журналист мамандығы бойынша; КОКП ОКжанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясын (1986) бітірген. Саяси ғылымдардың кандидаты (1996), докторы (2001). Докторлық диссертациясының тақырыбы: «Қазақстандағы және Қытайдағы реформалардың ерекшеліктері: салыстырмалы талдау». ҚР Саяси ғылымдар академиясының академигі (1997). ҚХР ҚҒА, Қарағанды мемлекеттік университетінің құрметті профессоры. ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының про- фессоры (2003 жылдан).
«Қарлығаштар» (1976), «Жастардың аяқ алысы» (1981), «Қазақстан комсомолы» (1982), «Уақытпен бетпе-бет» (1995). «Қазақстан-Қытай: тарих және қазіргі заман» (1995), «Қазақстан-Қытай: құжаттар мен материалдар жинағы» (1997), «Алыптың оянуы (қытай реформасы туралы очерктер)» (1999) кітаптарының авторы, «Қазақстан мен Қытайдағы реформалар. Ерекшеліктері. Ұқсастығы. Айырмашылықтары. Жетістіктері. Мәселелері» (2000), Қазақстан Республикасы мен Қытай халық Республикасының арасындағы дипломатиялық қарым - қатынастардың орнағанына 10 жыл толуы құрметіне орай жазылған «Тату көршілік. Добрососедство» (Астана-Пекин, 2001), «Мүдделер қиылысы. Перекресток интересов» (2003) монографияларының, «Қазіргі заманғы саяси процестер» (2004) атты оқу құралыныңтең авторы, «Серпінді кезең» (2005) кітабының, сондай-ақ 200-ден аса мақала мен жарияланымдардың авторы.
Көп оқылғандар
Сағындық Рахымжан. «Инженю...» (әңгіме)
Өркениеттік өлшем: сана дағдарысының қазіргі сәті
Тарыдай болып кіресің...
Төлен Әбдік. Ол кезде бәріміз бақылауда болдық
Жүз кітапты қалай насихаттаймыз?
Айнаш Қасым. Сол қол (әңгіме)
Қазақ ертегілеріндегі фантастикалық элементтер
Ертегілер – көркем ойдың бесік жыры
Нұрбек Нұржанұлы. Қаһарман құмырсқалар (хикаят)
Ғабдул-Сәбит Юсупов. Детектив – күрмеуі қиын, күрделі жанр
Тіл білімінің атасы
«Көк есектің» кейіпкерлері кім?
Шәріп Айтмуханбетұлы. Әріптер тілдің тағдырына айналғанда
«Әдебиет танытқышты» тани алдық па?
Асылдың тұяғы, алтынның сынығы алпыс жаста
Көл қорыған қызғыш құс секілденіп...
Мақсат Тәж-Мұрат. Көксіл - ауа тұрғыны-2 (элегия#минор)
Жадыра Шамұратова. Нөлінші қабатта жоғалу
Таңдаулы 100 кітап анықталды
Абай тойы қалай өтті?
Айнаш Қасым. Ақ пен қара
Жарық пен көлеңкенің арасын жазу
Маржан Ершу. Жаңғырық (мистикалық микропоэма)
Жазушы және socialnetwork: идиократия қақпанында
Жазушы Қуандық Түменбай жетпіс жаста
Мұхарбек Жәкейұлы. Ай жарығында оқылған хат
Балалар әдебиеті кітаптарын мектепте қалай насихаттау керек? (Заманауи трендтер мен бағыт-бағдарлы әдістеме)
Нұрпейіс Байғанин – ұлт жыршысы