Қойлыбай Асанов
Қойлыбай Асанұлы 1964 жылдың 10 қарашасында Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданы Ақтау ауылында шопан отбасында дүниеге келген. 1991 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірді. Кейін облыстық «Замандас» жастар апталығы, «Орталық Қазақстан газеттерінде тілші қызметін атқарған. 1993-1996 жылдар аралығында Қарағандыда шығатын облыстық «Шипагер» денсаулық газетінде бас редактор болып қызмет етеді. 1994 жылдан Қазақстан журналистер одағының мүшесі. 1998 жылдан бері Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті журналистика кафедрасында қызмет істейді.2010 жылы «Айтыс өнерінің публицистикалық сипаты» атты тақырыпта докторлық диссертация қорғады.Филология ғылымдарының докторы,профессор. Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері. «Жылымық жылдар жаңғырығы» (публицистикалық,2004), «Е.А.Букетов-публицист» (ғылыми зерттеу,2006), «Айтыс өнерінің публицистикалық сипаты» (монграфия,2010), «Сөз өнері және журналистика» (оқу құралы,2012) кітаптары жарық көрген.
Қойлыбай Асанұлы алғаш рет 1987 жылы Павлодар қаласында өткен республикалық телеайтысқа түсіп, содан бергі жиырма жылдан астам уақыт ішінде жүзге жуық айтысқа қатысты.
Республикаға танымал Баянғали Әлімжанов, Серік Құсанбаев, Құдайберлі Мырзабеков, Шорабек Айдаров, Әзімбек Жанқұлиев, Мұхаметжан Тазабеков, Жадыра Құтжанова сияқты ақындармен сынға түскен.
Күйші Сайдалы Сары Тоқаның130 жылдығы, Кенішбай ақынның 125 жылдығына арналған ақындар айтыстарында топ жарып, бас бәйгені иемденсе, Төле бидің 330 жылдығы, Қабанбай батырдың 300 жылдығы сияқты республикалық деңгейдегі түрлі айтыстарда жүлделі орындарға ие болды. 1989 жылы Шымкент қаласында өткен халықаралық студент-жастар айтысының жеңімпазы. Сондай-ақ Қарағандыда өткен облыстық,аймақтық айтыстардың да бірнеше дүркін жеңімпазы.
Қойлыбай Қарағандыда өткен 1986 жылғы Желтоқсан қозғалысына қатысушы. Сол жылдары студент жастарға үгіт жүргізуші һәм ұйымдастырушы ретінде ішкі істер органдарында бірнеше рет тергеуде болып, әкімшілік жазаға тартылған. Кейіннен баспасөз беттерінде «Желтоқсанның қара желі» («Замандас» 1991), «Желтоқсан қазаққа не берді» («Орталық Қазақстан» 2006ж) атты мақалалары жарық көріп, сол уақыттың біраз шындықтарын ашып айтты. Сондай-ақ Қойлыбай Асанұлы ел мен жер тағдыры, тіл, дін т.б ұлттық мүдде тұрғысында біршама мәселелерді баспасөзде жариялап жүрген қаламгер, журналист.
Көп оқылғандар
ОЙСОҚТЫ АҢСАР...
Сағындық Рахымжан. «Инженю...» (әңгіме)
Өркениеттік өлшем: сана дағдарысының қазіргі сәті
Тарыдай болып кіресің...
Төлен Әбдік. Ол кезде бәріміз бақылауда болдық
Жүз кітапты қалай насихаттаймыз?
Айнаш Қасым. Сол қол (әңгіме)
Қазақ ертегілеріндегі фантастикалық элементтер
Ертегілер – көркем ойдың бесік жыры
Нұрбек Нұржанұлы. Қаһарман құмырсқалар (хикаят)
Ғабдул-Сәбит Юсупов. Детектив – күрмеуі қиын, күрделі жанр
Тіл білімінің атасы
«Көк есектің» кейіпкерлері кім?
Шәріп Айтмуханбетұлы. Әріптер тілдің тағдырына айналғанда
«Әдебиет танытқышты» тани алдық па?
Асылдың тұяғы, алтынның сынығы алпыс жаста
Көл қорыған қызғыш құс секілденіп...
Мақсат Тәж-Мұрат. Көксіл - ауа тұрғыны-2 (элегия#минор)
Жадыра Шамұратова. Нөлінші қабатта жоғалу
Таңдаулы 100 кітап анықталды
Абай тойы қалай өтті?
Айнаш Қасым. Ақ пен қара
Жарық пен көлеңкенің арасын жазу
Маржан Ершу. Жаңғырық (мистикалық микропоэма)
Жазушы және socialnetwork: идиократия қақпанында
Жазушы Қуандық Түменбай жетпіс жаста
Мұхарбек Жәкейұлы. Ай жарығында оқылған хат
Балалар әдебиеті кітаптарын мектепте қалай насихаттау керек? (Заманауи трендтер мен бағыт-бағдарлы әдістеме)
Нұрпейіс Байғанин – ұлт жыршысы