Ақылбек Шаяхмет
Ақылбек Қожаұлы Шаяхмет көрнекті қазақ ақыны, жазушы, драматург, көсемсөзші-журналист, Қазақстан жазушылар одағының басқарма мүшесі, әлем халықтары жазушылар одағының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ профессоры, халықаралық шығармашылық Академиясының корреспондент-мүшесі, ҚР мәдениет қайраткері, Қазақстанның құрметті журналисі. Махмұт Қашқари атындағы түркі әлеміне сіңірген еңбегі үшін халықаралық сыйлықтың, «Алаш» халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты. Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы халықаралық әдеби сыйлықтың және тәуелсіз «Алтын қалам» сыйлығының иегері.
Қостанай облысының Жітіқара ауданында туған. Жітіқара қаласында қазақ мектебін бітіргеннен кейін «Шевченко» кеңшарында шопан болып жұмыс істеді.1968 ж. оны Әулиекөл аудандық газетіне қызметке шақырады. Одан кейін Алматы облыстық «Жетісу», Қостанай облыстық «Қостанай таңы» газеттерінде, облыстық телекомпанияда жұмыс істеді. Алматыда Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін және Москвада Әдебиет институтын бітірген.
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы облыстық ұйымының төрағасы, Қазақстан жазушылар одағының Қостанай және Торғай облыстары бойынша әдеби кеңесшісі, Қостанай облыстық тіл басқармасы бастығының орынбасары, ұлт саясаты жөніндегі Қостанай облыстық комитеті төрағасының орынбасары, облыстық мәдениет басқармасы бастығының орынбасары, облыстық білім департаменті директорының орынбасары, Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті Қазақ және орыс филологиясы институтының директоры, журналистика факультетінің деканы, ҚМУ Медиа-орталығының директоры. болып қызмет атқарды.
Тұңғыш жинағы 1977 ж. жарық көрген. Республика баспаларынан 70-тен астам кітабы басылып шыққан. Солардың ішінде «Гүл мен бидай», «Шынар», «Күлімдейді күніміз», «Біздің бақшада», «Әдемі», «Аяз және Қыдыр», «Бағдаршам» атты кітаптары балаларға арналған.
«Есте қалар ел тарихы», «Ел есіндегі есімдер», «Тыңда туған», «Пирамида», «Көзімді ашып-көргенім», «Жұлдызды дәуір», «Жер-бесік», «Мөлдір бұлақ», «Гуси-лебеди летят», «Голос степи», «Сөз» деп аталатын прозалық, өлеңдер және поэмалар жинақтары оқырмандардың ықыласына бөленді.
Драматургия саласында көптен қалам тербеп келеді. Ақсұлу Орысбайқызына арналған «Ақсұлу» тарихи драмасы Қазақ радиосының алтын қорына қабылданды. Қостанайдағы Ілияс Омаров атындағы қазақ драма театрында «Таза бұлақ», «Өкініш», «Шоқанның шері», «Еңбек ер атандырады» деп аталатын спектакльдері, Қостанай облыстық орыс драма театрында «Ыбырайдың өсиеті» драмасы қойылды. Аталған пьеса 2014 жылдың ең үздік драмасы атанып, автор «Алтын қалам» жүлдесін алды. «Жыл аттарын кім алған?» пьесасы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетінің Өнер басқармасы жариялаған қоғамдық-маңызды көркем шығармаларды жасауға арналған мемлекеттік конкурсында грантқа ие болды.
А. Шаяхмет бірнеше монография мен оқу құралының авторы. Қазақтардың бірінші және үшінші дүниежүзілік құрылтайының, Қазақстан халықтарының республикалық форумының делегаты, Қазақстан халықтары Ассамблеясының мүшесі болды. Қостанай жастар ұйымының, Бүкілодақтық әуесқой шығармашылық фестивалінің лауреаты. «Үздік педагогтар» Академиясының толық мүшесі.
КСРО Жазушылар одағына 1983 ж. қабылданған. Қазақстан жазушылар одағы басқармасының мүшесі. «Ана тілі» газетінің лауреаты. «Дала қоңырауы» газетінің тұңғыш ұйымдастырушысы және редакторы болды.
Қаламгер «Құрмет» орден»нің иегері. «Хакім Абай», «Ататүрік», «»Ахмет Байтұрсынұлы», «Түркі халықтары бірлігі», «Абдулла Арипов» медальдарымен марапатталған.
Көп оқылғандар
Төлен Әбдік. Ол кезде бәріміз бақылауда болдық
Айнаш Қасым. Сол қол (әңгіме)
Жүз кітапты қалай насихаттаймыз?
Қазақ ертегілеріндегі фантастикалық элементтер
Тіл білімінің атасы
Ғабдул-Сәбит Юсупов. Детектив – күрмеуі қиын, күрделі жанр
Максималар мен қоғамдық ойлар...
Шәріп Айтмуханбетұлы. Әріптер тілдің тағдырына айналғанда
«Көк есектің» кейіпкерлері кім?
«Әдебиет танытқышты» тани алдық па?
Асылдың тұяғы, алтынның сынығы алпыс жаста
ОЙСОҚТЫ АҢСАР...
«Астана Опера» ХІІІ маусымын «Абай» операсымен ашпақ
«BIKEN» халықаралық театр фестивалі өтеді
Көл қорыған қызғыш құс секілденіп...
Мақсат Тәж-Мұрат. Көксіл - ауа тұрғыны-2 (элегия#минор)
Жадыра Шамұратова. Нөлінші қабатта жоғалу
Таңдаулы 100 кітап анықталды
Абай тойы қалай өтті?
Айнаш Қасым. Ақ пен қара
Жарық пен көлеңкенің арасын жазу
Маржан Ершу. Жаңғырық (мистикалық микропоэма)
Жазушы және socialnetwork: идиократия қақпанында
Жазушы Қуандық Түменбай жетпіс жаста
Мұхарбек Жәкейұлы. Ай жарығында оқылған хат
Төлен Әбдік. Ол кезде бәріміз бақылауда болдық