Нұржан Қуантайұлы
Нұржан Қуантайұлы - прозашы, ақын. 1971 жылдың 22-қаңтарында бұрынғы Семей облысының (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы) Көкпекті ауданындағы Үлгілі ауылында дүниеге келген.
1988 жылы Абай атындағы орта мектепті тәмамдап, сол жылы Киров атындағы (қазіргі Әл-Фараби) Қазақ мемлекеттік университетiнiң журналистика факультетiне оқуға түседі. Студент шағынан «Жұлдыз», «Лениншіл жас», «Қазақ әдебиеті», «Жалын», «Жас қазақ», «Алматы ақшамы» басылымдарында өлеңдері жарияланып, әдебиет әлеміне ерте танылған.
1993 жылы осы факультетті үздiк дипломмен бiтiріп, сол жылдан бастап 1994 жылға дейін Қазақ радиосында аға редактор, шолушы болып қызмет етеді.
1995-1996 жылдары Қазақстан Журналистер одағына қарасты Журналистердi қолдау қорының вице-президентi, ал 1996 жылдан 2009 жылға дейін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетiнiң журналистика факультетiнде аға оқытушы, содан соң доцент болып дәріс бере жүріп, 2000-2002 жылдары республикалық «Жас алаш» газетiнiң шолушысы, 2002-2004 жылдары «Ақ жол - Қазақстан» газетiнің әдебиет бөлімінің мңгерушісі, 2004-2005 жылдары «Айқын» газетiнiң саяси шолушысы болып қызмет еткен.
2000 жылы ҚазҰУ-дің диссертациялық кеңесінде «Жүсiпбек Аймауытовтың көсемсөз мұрасы және Алаш Орда баспасөзі» атты кандидаттық диссертациясын сәтті қорғап, филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіне ие болған.
2005 жылдың мамыр айынан 2009 жылдың мамыр айына дейін «Алматы ақшамы» газетi бас редакторының бірінші орынбасары қызметiн атқарды.
2009 жылдың мамыр айынан Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігіне қарасты «Шығыс ақпарат» медиа-холдингінің бас директоры қызметiн атқарып келдi.
Мемлекеттiк «Дарын» сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты, Қазақстан Журналистер одағының Смағұл Садуақасов атындағы сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар одағының Басқарма мүшесі, Қазақстан Жазушылар одағының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы.
Қазақстан Журналистика академиясының академигі.
Мәдениет және ақпарат министрінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен наградталған.
«Қараөзек» атты романның, бірнеше әңгімелердің, үш жыр жинағының авторы.
«Адырна», «Күмбiр», «Қараөзек», «Алаш Орда баспасөзi және Жүсiпбек Аймауытұлы», «Қолшатыр» атты кiтаптары жарық көрген.
Көп оқылғандар
Сағындық Рахымжан. «Инженю...» (әңгіме)
Өркениеттік өлшем: сана дағдарысының қазіргі сәті
Тарыдай болып кіресің...
Төлен Әбдік. Ол кезде бәріміз бақылауда болдық
Жүз кітапты қалай насихаттаймыз?
Айнаш Қасым. Сол қол (әңгіме)
Қазақ ертегілеріндегі фантастикалық элементтер
Ертегілер – көркем ойдың бесік жыры
Нұрбек Нұржанұлы. Қаһарман құмырсқалар (хикаят)
Ғабдул-Сәбит Юсупов. Детектив – күрмеуі қиын, күрделі жанр
Тіл білімінің атасы
«Көк есектің» кейіпкерлері кім?
Шәріп Айтмуханбетұлы. Әріптер тілдің тағдырына айналғанда
«Әдебиет танытқышты» тани алдық па?
Асылдың тұяғы, алтынның сынығы алпыс жаста
Көл қорыған қызғыш құс секілденіп...
Мақсат Тәж-Мұрат. Көксіл - ауа тұрғыны-2 (элегия#минор)
Жадыра Шамұратова. Нөлінші қабатта жоғалу
Таңдаулы 100 кітап анықталды
Абай тойы қалай өтті?
Айнаш Қасым. Ақ пен қара
Жарық пен көлеңкенің арасын жазу
Маржан Ершу. Жаңғырық (мистикалық микропоэма)
Жазушы және socialnetwork: идиократия қақпанында
Жазушы Қуандық Түменбай жетпіс жаста
Мұхарбек Жәкейұлы. Ай жарығында оқылған хат
Балалар әдебиеті кітаптарын мектепте қалай насихаттау керек? (Заманауи трендтер мен бағыт-бағдарлы әдістеме)
Нұрпейіс Байғанин – ұлт жыршысы