Ермахан Шайхыұлы
Әбдіраман Ермахан Шайхыұлы - 1966 жылы 29 қаңтарда Түркістан қаласында туған. 1993 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірді. «Қазақ университеті» (қазіргі «Санат») баспасында редактор, «Түркістан» газетінің мәдениет бөлімінің меңгерушісі, Түркістан қалалық әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің бас маманы, «Түркістан тынысы» телеарнасының директоры, «Бикеш», «50 де 50» газеттері мен «Той-қазына» журналының бас редакторы қызметтерін атқарды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінде дәріс берді. Әр жылдары «Дала мен қала» газеті бас редакторының орынбасары, «Айқын» газетінің тілшісі, меншікті тілшілер қосынының меңгерушісі, бас шолушы, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары, шығарушы редактор болып істеді. Қазір «Аннұр сапа» баспасының бас редакторы. 2007–2009 жылдары «Қазақстан» ұлттық телеарнасында қайта ашылған «Қымызхана» әзіл-оспақ отауының сценарилерін жазды.
«Ауыз тие отырыңыз», «Біртүрлі кітап», «Мынауың жынды екен», «Жатыпатар», «Шылдыр шүмек», «Аққудың сыңары», «Қазіргі қазақ сатирасы», «Ағынан жарылсақ...», «Әріп әлемі», «Сандалған сауал», «Қоңыр қажының күнделігі», «Атақты айтқыштар» атты кітаптардың авторы.
Ермахан Шайхыұлының шығармалары 3 оқулыққа және бірнеше жинақтарға енгізілді.
Сондай-ақ оның құрастыруымен «Күйеу келтір, қыз ұзат, тойыңды қыл» атты той кітабы және Ыбырай Алтынсариннің 2 томдық, Камал Смайыловтың 3 томдық шығармалар жинағы жарық көрді.
Сонымен бірге «Санат», «Аннұр сапа», «Қазығұрт», «Аруна», «Алтай медия» баспаларынан жарық көрген 300-ге жуық кітаптың жауапты редакторы болды.
Балғабек Қыдырбекұлы атындағы сыйлықтың екі мәрте, Садықбек Адамбеков атындағы, сондай-ақ «Алтын қалам» сыйлықтарының лауреаты. Президент Алғысхатының, сонымен бірге «Бейбітшілік әлемі», «Әл Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 80 жылдығы», «Ел ардақтысы», «Қазақ журналистикасының қайраткері», «Қазақстан полициясына 25 жыл», «Шона Смаханұлы», «Қадыр Мырзалиев», «Төлеген Айбергенов» атындағы және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медальдарының иегері.
Қазақстан Жазушылар және Халықаралық Жазушылар одағының, сондай-ақ Журналистер одағының мүшесі.
Ұялы тел.: 8-701-736-14-21.
Эл.адрес: ermahanshaihy@mail.ru
Көп оқылғандар
Сағындық Рахымжан. «Инженю...» (әңгіме)
Төлен Әбдік. Ол кезде бәріміз бақылауда болдық
Өркениеттік өлшем: сана дағдарысының қазіргі сәті
Айнаш Қасым. Сол қол (әңгіме)
Жүз кітапты қалай насихаттаймыз?
Қазақ ертегілеріндегі фантастикалық элементтер
Ертегілер – көркем ойдың бесік жыры
Ғабдул-Сәбит Юсупов. Детектив – күрмеуі қиын, күрделі жанр
Тіл білімінің атасы
«Көк есектің» кейіпкерлері кім?
Шәріп Айтмуханбетұлы. Әріптер тілдің тағдырына айналғанда
«Әдебиет танытқышты» тани алдық па?
Асылдың тұяғы, алтынның сынығы алпыс жаста
«BIKEN» халықаралық театр фестивалі өтеді
«Астана Опера» ХІІІ маусымын «Абай» операсымен ашпақ
Көл қорыған қызғыш құс секілденіп...
Мақсат Тәж-Мұрат. Көксіл - ауа тұрғыны-2 (элегия#минор)
Жадыра Шамұратова. Нөлінші қабатта жоғалу
Таңдаулы 100 кітап анықталды
Абай тойы қалай өтті?
Айнаш Қасым. Ақ пен қара
Жарық пен көлеңкенің арасын жазу
Маржан Ершу. Жаңғырық (мистикалық микропоэма)
Жазушы және socialnetwork: идиократия қақпанында
Жазушы Қуандық Түменбай жетпіс жаста
Мұхарбек Жәкейұлы. Ай жарығында оқылған хат
Балалар әдебиеті кітаптарын мектепте қалай насихаттау керек? (Заманауи трендтер мен бағыт-бағдарлы әдістеме)
Нұрпейіс Байғанин – ұлт жыршысы