Қуандық Шамахайұлы
Қуандық Шамахайұлы (1961-2020) – Моңғолияда туып, өскен, Ұланбатырда Моңғолия мемлекеттік университетінде журналистік жоғары білім алған жазушы. 1983 жылдан бастап әдеби ортаға көркем аударма арқылы келген жазушы кейін ғылыми-зерттеу жұмыспен айналыса жүріп, прозаға бет бұрды. шығармаларын қазақ және моңғол тілдерінде жазады.
1993 жылы Моңғолия жазушылар одағына мүшелікке өткеннен кейін тарихи Отаны Қазақстанға көшіп келіп, қоныстанған. Елдегі бірнеше жетекші университеттерде дәріс берді, Астанадағы газет-журналдарда бас редактор болды. Оның қаламынан туған сатиралық шығармалар мен лирикалық әңгімелер қазақ оқырмандарынан қызу қолдау тауып келеді.
АҚШ, Жапония, Колумбия, Канада, Швейцария, Қытай, Ресей, Моңғолия жазушыларының таңдаулы шығармаларын қазақ тіліне аударды. Альфрейд Нобель атындағы әдебиет сыйлығын әр жылдарда алған жазушылардың таңдаулы әңгімелерінен де арнайы аударып, әдеби басылымдар мен порталдар арқылы оқырманға ұсынды. Мемлекеттік тапсырыс бойынша «Менің сатып алған күйеуім» деген атпен жеке жинақ етіп жарыққа шығарды.
Орыс жазушысы Василий Шукшиннің «Көңілжай» повесін қазақ тіліне аударып, «Алтын көпір» халықаралық конкурсында жеңімпаз болды.
Өзі туып өскен, етене араласқан Монғолияның жаңа заман көркем әдебиеті көрнекті өкілдерінің отызға тарта әңгіме, повестерін қазақ тіліне аударып, «Найзағайлы жылдар жаңғырығы» деген атаумен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен жарыққа шығарды.
Автордың өз қаламынан туған таңдаулы прозалық көркем шығармаларының жинағы «Шөлейт жақта» деген атаумен топтастырылып, басылып шықты. Қуандық Шамахайұлының «Таскене», «Сексеуіл бүршік жарғанда» романдарымен қатар «Кішкентай адам», «Сағым жыл» секілді көптеген әңгіме, хиқаяттары оқырмандар тарапынан жоғары бағаланып отыр.
Жазушы Қ. Шамахайұлы – ҚР мәдениет қайраткері, Ақпарат ісінің үздігі, Қазақстан журналистер одағы сыйлығының лауреаты. Сондай-ақ, филология ғылымдарының кандидаты, әдебиеттану ғылымы бойынша қауымдық профессор. Автор әдеби-көркем ой-толғамдарымен қатар қазіргі қазақ қоғамының өзекті мәселелерін көтерген публицистикалық туындыларының таңдаулыларын ғана іріктеп, «Қаламгердің ізі қағазда қалады» деген жинаққа топтастырып, оқырманға ұсынған.
Астанада «Шабыт» шығармашылық орталығының директоры және Қаржы академиясы журналистика кафедрасының профессоры болды.
Көп оқылғандар
ОЙСОҚТЫ АҢСАР...
Сағындық Рахымжан. «Инженю...» (әңгіме)
Өркениеттік өлшем: сана дағдарысының қазіргі сәті
Тарыдай болып кіресің...
Төлен Әбдік. Ол кезде бәріміз бақылауда болдық
Жүз кітапты қалай насихаттаймыз?
Айнаш Қасым. Сол қол (әңгіме)
Қазақ ертегілеріндегі фантастикалық элементтер
Ертегілер – көркем ойдың бесік жыры
Нұрбек Нұржанұлы. Қаһарман құмырсқалар (хикаят)
Ғабдул-Сәбит Юсупов. Детектив – күрмеуі қиын, күрделі жанр
Тіл білімінің атасы
«Көк есектің» кейіпкерлері кім?
Шәріп Айтмуханбетұлы. Әріптер тілдің тағдырына айналғанда
«Әдебиет танытқышты» тани алдық па?
Асылдың тұяғы, алтынның сынығы алпыс жаста
Көл қорыған қызғыш құс секілденіп...
Мақсат Тәж-Мұрат. Көксіл - ауа тұрғыны-2 (элегия#минор)
Жадыра Шамұратова. Нөлінші қабатта жоғалу
Таңдаулы 100 кітап анықталды
Абай тойы қалай өтті?
Айнаш Қасым. Ақ пен қара
Жарық пен көлеңкенің арасын жазу
Маржан Ершу. Жаңғырық (мистикалық микропоэма)
Жазушы және socialnetwork: идиократия қақпанында
Жазушы Қуандық Түменбай жетпіс жаста
Мұхарбек Жәкейұлы. Ай жарығында оқылған хат
Балалар әдебиеті кітаптарын мектепте қалай насихаттау керек? (Заманауи трендтер мен бағыт-бағдарлы әдістеме)
Нұрпейіс Байғанин – ұлт жыршысы