Айтуар Өтегенов
Айтуар Оспанұлы Өтегенов (14.10.1946 ж.т. Атырау облысы, Жылыой ауд., Аққиiзтоғай ауылы) – ақын. Қазақстан Жазушылар Одағының, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесi. Бейнеу ауданының құрметтi азаматы. Тұңғыш Президентiмiз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың елiмiздегi тәуелсiздiктi нығайту жолындағы реформаторлық сара саясатын қолдап, «Қазақстан - 2030» бағдарламасын кеңiнен насихаттайтын жалынды публицистикалар, мақалалар және көркемдiгi жоғары «Барыс мiнез халықпыз» атты топтама өлеңдерiн жазды.
Оның «Тұңғыш» (1978), «Ақкөйлек» (1980), «Ақсұқсыр» (1994), «Арманым саған ауған» (1998), «Қарашүңгiл – қаракөзiм тұңғиық» (2000), «Адыраспан» (2003), «Ата Қазақ» (2011), «Мұнайы мол Маңғыстау» (2011), «Мұнай-дәулет, мұнай-сәулет, мұнай-жыр» (2013) атты жыр және проза жинақтары шыққан. Сонымен бiрге әр жылдары жарық көрген «Бiр нәзiк сәуле», «Атырау айдыны», «Жыр моншақ», «Жыр арқауы – Пiр Бекет», «Жылыой қаламгерлерi», «Азаматтық парыз», «Ақкетiгiм - арқауы ән-жырымның», т.б. ұжымдық жинақтарға бiр топ өлеңдерi мен очерктерi енген. Ол - «Маңғыстау» энциклопедиясының (бiрiншi шығарылуы), «Бейнеу» өлке танытқыш кiтабының авторларының бiрi. Форт-Шевченко 4 қаласының 150 жылдығына, Шотан батыр, Досан батыр, Абыл ақынның халықтық Асына арналған ақындар мүшәйраларының бас жүлдегерi. «Маңғыстау ақын-жазушыларының кітапханасы» 50 томдығының (2013) құрастырушысы әрі шығарушысы болды.
Елiмiз әлi еркiндiк алмаған сонау тоталитарлық кезең заманында-ақ Маңғыстау өлкесiнiң өткен шежiре-тарихына терең үңiле бiлген ол «Ақсұқсыр», «Қалындық», «Ақшолпан», «Құла ат қасiретi», «Тобанияз толғаулары», «Шөжеп сұлу», «Ән», «Ант», «Алланың сүйген құлы боп…», «Шерқала», «Ақмыштағы кәрi ағаш», «Булыойық», т.б. балладаларымен оқырмандарды елең еткiзiп, зор сүйiспеншiлiкке бөлендi. Ұмыт қалған тарих қойнауынан сырлар тартуға, сөйтіп, тәуелсiздiгiмiздiң Туын жоғары ұстай бiлуге өзге де жас қаламгерлердi жетелеп, тәрбиелеп, Атырау, Маңғыстау облыстары және республика журналистикасы мен әдебиетiнiң дамуына өз үлесiн қосты.
ҚазМҰУ-дiң журналистика факультетiн (1976), Алматы жоғары партия мектебiн (1982) бiтiрген. Еңбек жолын Жылыой (бұрынғы Ембі) ауданының «Коммунизм таңы» кеңшарында көмекшi шопан, механизаторлықтан бастап, Құлсары мұнай кәсiпшiлiгiнде, Құлсары автотранспорт кәсiпорнында жөндеушi болып еңбек еттi. Әскер қатарында Отан алдындағы борышын өтеп келген соң, Жылыой (бұрын Ембi) аудандық «Ембі» газетiнде әдеби қызметкер, аудандық радио торабының ұйымдастырушы-редакторы, экономика бөлiмінің меңгерушiсi, жауапты хатшы, Ембі аудандық партия комитетiнiң нұсқаушысы қызметтерiн атқарды.
1985 жылы Маңғыстау облысындағы Бейнеу аудандық «Рауан» (бұрын «Ленин жолы») газетiне редакторлыққа шақырылып, кейiн баламалық негiздерде халық депутаттары Бейнеу аудандық кеңесiне төраға, аудандық мәслихатқа хатшы болып сайланды. Аудан әкiмiнiң орынбасары, Маңғыстау облыстық ақпарат және қоғамдық келiсiм басқармасында бас маман, «Отан» партиясының Маңғыстау облыстық филиалында кеңесшi қызметтерiн атқарды. «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ жұртшылықпен байланыс тобының жетекшiсi болды.
Ол «Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгiне 10 жыл» мерекелiк медалiмен, Ел Президентi Н.Назарбаевтың «Алғыс» хатымен, Баспа, полиграфия және кiтап саудасы iстерi жөнiндегi мемлекеттiк комитеттiң, Атырау, Маңғыстау облыстарының, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның Құрмет грамоталарымен марапатталған. Маңғыстау облысы «Жыл адамы-2011» байқауының жыл журналисі.
Көп оқылғандар
Сағындық Рахымжан. «Инженю...» (әңгіме)
Өркениеттік өлшем: сана дағдарысының қазіргі сәті
Тарыдай болып кіресің...
Жүз кітапты қалай насихаттаймыз?
Айнаш Қасым. Сол қол (әңгіме)
Төлен Әбдік. Ол кезде бәріміз бақылауда болдық
Қазақ ертегілеріндегі фантастикалық элементтер
Ертегілер – көркем ойдың бесік жыры
Нұрбек Нұржанұлы. Қаһарман құмырсқалар (хикаят)
Ғабдул-Сәбит Юсупов. Детектив – күрмеуі қиын, күрделі жанр
Тіл білімінің атасы
«Көк есектің» кейіпкерлері кім?
Шәріп Айтмуханбетұлы. Әріптер тілдің тағдырына айналғанда
«Әдебиет танытқышты» тани алдық па?
Асылдың тұяғы, алтынның сынығы алпыс жаста
Көл қорыған қызғыш құс секілденіп...
Мақсат Тәж-Мұрат. Көксіл - ауа тұрғыны-2 (элегия#минор)
Жадыра Шамұратова. Нөлінші қабатта жоғалу
Таңдаулы 100 кітап анықталды
Абай тойы қалай өтті?
Айнаш Қасым. Ақ пен қара
Жарық пен көлеңкенің арасын жазу
Маржан Ершу. Жаңғырық (мистикалық микропоэма)
Жазушы және socialnetwork: идиократия қақпанында
Жазушы Қуандық Түменбай жетпіс жаста
Мұхарбек Жәкейұлы. Ай жарығында оқылған хат
Балалар әдебиеті кітаптарын мектепте қалай насихаттау керек? (Заманауи трендтер мен бағыт-бағдарлы әдістеме)
Нұрпейіс Байғанин – ұлт жыршысы