Шоғай Шалқаров
Шоғай Шалқарұлы туралы мәлімет жоқтың қасы. Автордың өз аузымен айтылып хатқа түскен дерек те келіп жеткен. Онда былай делінген: «Маңғыстау облысының «Шаған» деген жерінде 1926 жылы күзде туылыппын. Құжатта Түркістанда 1924 жылы туылған болып жазылыппын. Әкемнің шын аты Шалқарбай, ол кейін бізге Шалқаров деген атпен фамилия болып кетті. Өз атымды туылғанда «Шұғайып» деп Пайғамбардың атын қойған екен. Кейін мектепке барған соң мұғалімдер «Шоғай» деп жазып бұрынғы атымды өзгертіп, содан соң құжатта солай болып кетті де.
1933 жылдан 1948 жылға дейін Түрікменстанның Байрам-Алы деген қаласында тұрдық.
1948 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданына көшіп келдік. 1950 жылдан бастап оқып, екі педагогикалық институтты бітірдім. 1949 жылдан бастап педагог болып кеткенмін.
Әуелі Мақтаралдың «Коммунизм», бұрынғы «Трудовосток» колхозында, 1954 жылы «Алғабас» колхозына орта мектептің директоры болдым.
1958 жылы денсаулығыма байланысты Өзбекстан Республикасы Бостандық ауданына қоныс аудардым. Бұл аудан бұрын Оңтүстік Қазақстан облысына қарайтын.
Бостандық ауданында 1985 жылға дейін орта мектептің директоры қазметінде істеп келдім. 1985 жылы зейнетке шықтым. Сол жылдардан бастап қатардағы мұғалім болып 1997 жылға дейін жұмыс жасадым. 1997 жылы қазан айында Оңтүстік Қазақстан облысы Жетісай қаласына қоныс аудардым. Өзіміздің еліміз деп, жеріміз деп келген жағдай бар...
Шығармашылығымнан өмір бойы қол үзген жоқпын. «Серік көл», «Ақ пен қара», «Ананың ақ сүті», «Әкемнің сыры» атты кітаптарым «Жазушы» баспасынан басылып шыққан. Көптеген мақалаларым, әңгімелерім баспасөз беттерінде жарық көрді. Саналы ғұмырымда адайдың кешегі өткен қос ғашығы «Ақбөбек пен Қайып» оқиғасын отыз жылдан астам уақыт зерттеп роман жаздым.
Көп оқылғандар
Сағындық Рахымжан. «Инженю...» (әңгіме)
Өркениеттік өлшем: сана дағдарысының қазіргі сәті
Тарыдай болып кіресің...
Жүз кітапты қалай насихаттаймыз?
Төлен Әбдік. Ол кезде бәріміз бақылауда болдық
Айнаш Қасым. Сол қол (әңгіме)
Қазақ ертегілеріндегі фантастикалық элементтер
Ертегілер – көркем ойдың бесік жыры
Нұрбек Нұржанұлы. Қаһарман құмырсқалар (хикаят)
Ғабдул-Сәбит Юсупов. Детектив – күрмеуі қиын, күрделі жанр
Тіл білімінің атасы
«Көк есектің» кейіпкерлері кім?
Шәріп Айтмуханбетұлы. Әріптер тілдің тағдырына айналғанда
«Әдебиет танытқышты» тани алдық па?
Асылдың тұяғы, алтынның сынығы алпыс жаста
Көл қорыған қызғыш құс секілденіп...
Мақсат Тәж-Мұрат. Көксіл - ауа тұрғыны-2 (элегия#минор)
Жадыра Шамұратова. Нөлінші қабатта жоғалу
Таңдаулы 100 кітап анықталды
Абай тойы қалай өтті?
Айнаш Қасым. Ақ пен қара
Жарық пен көлеңкенің арасын жазу
Маржан Ершу. Жаңғырық (мистикалық микропоэма)
Жазушы және socialnetwork: идиократия қақпанында
Жазушы Қуандық Түменбай жетпіс жаста
Мұхарбек Жәкейұлы. Ай жарығында оқылған хат
Балалар әдебиеті кітаптарын мектепте қалай насихаттау керек? (Заманауи трендтер мен бағыт-бағдарлы әдістеме)
Нұрпейіс Байғанин – ұлт жыршысы