Сайын Назарбекұлы
Сайын Назарбекұлы Назарбек 1941 жылы 2 қаңтарда өмiрге келген. Қазақстан Жазушылар Одағының және Қазақстан Сәлетшілер Одағының мүшесі.
1958 жылы мектеп бітірген соң еңбек жолын Таушық автобазасында жүргізуші болып бастап, оны Өзен мұнай-газ iздеу экспедициясында жалғастырды. 1964–69 жылдары Алматы политехникалық институтында оқып, құрылысшы-инженер мамандығы бойынша бітірді. Ректорат шешiмiмен ұстаздық жұмысқа қалдырылып, 1975 жылға дейiн мұғалiм, аға мұғалiм деңгейiнде студенттерге дәрiс бердi.
1975–80 жылдары “Маңғыстаумұнайгаз” өндiрiстiк бiрлестiгiне қарасты Жаңаөзен қаласындағы жөндеу-құрылыс мекемесiнде бас инженер, мекеме басшысы қызметін атқарды. 1980–89 жылдары Алматы құрылыс техникумында ұстаздық еттi.
1989-1992 жылдары республикамыздың ұмытылуға айналған ұлттық қолөнерiн қалпына келтiру, қайта жандандыру, осы шаруалармен айналысатын шеберлердi бiрiктiру жолында үлкен еңбек сiңiріп, Қ.Тілеуханов басшылық еткен “Мирас” атты өндiрiс-шығармашылық кооперативiн құруға атсалысты.
1992 жылы өзi туып-өскен Маңғыстау өңiрiнде – қазақ халқының ұлттық өнерінің көрмесіндей Маңғыстау өлкесінің мирасын жинақтау, соның iшiнде тас өнерiн елге таныту, жетiстiру мақсатында “Парыз” атты шағын мекеме құрды. 1992 жылдан берi бiраз зираттық сәулет ескерткiштерi өмiрге келдi. Маңғыстауда Абыл, Досан күмбездерi Маңғыстау шеберлерiнiң тарихи қалыптасқан күмбездiк сәулет өнерiнiң ұлттық формасын, мағынасы мен сипатын сақтай отырып жаңа кеңiстiкке қадам басты. Шеберлерге жаңа үлгi көрсетiлдi.
Қазақ халқының ЮНЕСКО шеңберiнде тойланып өткен атақты тойларының негiзгi ғимраттары көрнекті сәулетші оның қолынан өтiп, ұлтымыздың ұлы перзенттерiне тұрғызылған Абай, Шәкәрiм мұнаралары, Мұхтар Әуезовттiң ата-анасы Омархан–Нұржамал кесенелерi дүниеге келді. Исатай-Махамбет кешеніне кеңесшілік көмек көрсетті. Ұлы Абай жерiнде тiкелей араласуымен Тоқтамыс батыр күмбезi, Дiлдә, Әйгерiм, Ақылбай, Шәкiр Әбенов сағаналары өмiрге келдi. Мамай батыр, Көкбай ақын және Кеңгiрбай баба күмбездерiнiң өмiрге келуiне де елеулі үлес қосты. Осы еңбектерi үшін 1996 жылы “Құрмет” орденiмен марапатталды. 1996–97 жылдар Оңтүстiк Қазақстан облысында “Домалақ-Ана” кесенесiнiң жобасын жасап, құрылыс жұмыстарын жүзеге асырды. 1999 жылы “Хан Ордалы Сарайшық” кесенесiн өмiрге әкелдi. Осы еңбегi үшiн Атырау облысының Махамбет Өтемiсов атындағы сыйлығының лауреаты атанды.
Сайын осы шаруалардан қол босаған сәттерде өлең, әңгiме жазуменен де шұғылданды. Алғашқы өлеңін ол 46 жасқа толған кезінде жазған. Қазір оннан астам кітаптары бар. 9 томдық толық шығармалар жинағы «Жазушы» баспасынан жарық көрді. «Қазақ халқының шежіре-тарихы. Адай тайпасы» атты шежіреші Ж.Жылқышыұлымен бірге дайындаған 8 томдық еңбегі Алматы қаласындағы «Үш Қиян» баспасынан жарық көрді. Сондай-ақ “Парыз” (1994), “Абай басқан Жидебай топырағы” (1995), “Шерқала” (1996) өлеңдер жинағы, үш томдығы ( 2001), “Сырласым бол” ой-толғам кітабы (2004), “Менің Ақ Ордам”, таңдамалылыры (2006), «Ұлы Дала Ұлдары», (2009), т.б. кітаптары жарық көрген.
Көп оқылғандар
Сағындық Рахымжан. «Инженю...» (әңгіме)
Өркениеттік өлшем: сана дағдарысының қазіргі сәті
Тарыдай болып кіресің...
Жүз кітапты қалай насихаттаймыз?
Айнаш Қасым. Сол қол (әңгіме)
Төлен Әбдік. Ол кезде бәріміз бақылауда болдық
Қазақ ертегілеріндегі фантастикалық элементтер
Ертегілер – көркем ойдың бесік жыры
Нұрбек Нұржанұлы. Қаһарман құмырсқалар (хикаят)
Ғабдул-Сәбит Юсупов. Детектив – күрмеуі қиын, күрделі жанр
Тіл білімінің атасы
«Көк есектің» кейіпкерлері кім?
Шәріп Айтмуханбетұлы. Әріптер тілдің тағдырына айналғанда
«Әдебиет танытқышты» тани алдық па?
Асылдың тұяғы, алтынның сынығы алпыс жаста
Көл қорыған қызғыш құс секілденіп...
Мақсат Тәж-Мұрат. Көксіл - ауа тұрғыны-2 (элегия#минор)
Жадыра Шамұратова. Нөлінші қабатта жоғалу
Таңдаулы 100 кітап анықталды
Абай тойы қалай өтті?
Айнаш Қасым. Ақ пен қара
Жарық пен көлеңкенің арасын жазу
Маржан Ершу. Жаңғырық (мистикалық микропоэма)
Жазушы және socialnetwork: идиократия қақпанында
Жазушы Қуандық Түменбай жетпіс жаста
Мұхарбек Жәкейұлы. Ай жарығында оқылған хат
Балалар әдебиеті кітаптарын мектепте қалай насихаттау керек? (Заманауи трендтер мен бағыт-бағдарлы әдістеме)
Нұрпейіс Байғанин – ұлт жыршысы