Мыңжас Темір
Темір Мыңжасұлы Мыңжас - 1952 жылғы 25 қыркүйекте дүниеге келді. Орта мектептен кейін Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласындағы кәсіптік- техникалық училищені, Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірді. Көршілес түрікмен еліндегі Красноводск ауданының «Жұмысшы», Маңғыстау облыстық «Коммунистік жол», Бейнеу аудандық «Рауан» газеттерінде бөлім меңгерушісі, Жаңаөзен қалалық «Жаңаөзен» газетінде жауапты хатшы болды. Сондай-ақ Жаңаөзен қалалық Кеңесі атқару комитеті төрағасының, қала әкімінің орынбасары, қалалық мәдениет бөлімінің меңгерушісі, «Өнер» ҚКМ-інің директоры, облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы тіл бөлімінің бастығы қызметтерін атқарды.
2003 жылдың ақпанынан бері Маңғыстау облыстық «Маңғыстау» газеті Бас редакторының орынбасары қызметін атқаруда.
Шығармалары «Қарылғаш», «Қос ішек – Струны души», «Бекет ата», «Дала данасы», «Жыр моншақ», «Кәусар бұлақ» сынды оннан астам ұжымдық жинақтарға енді. Өзінің «Бойтұмар», «Атамекен», «Жүрек сөзі», «Сені іздедім», «Ақ қайың жылап тұр» атты кітаптары, 2012 жылы поэзиялық және прозалық туындыларынан тұратын қос томдық жинағы жарыққа шықты.
Темір Мыңжасұлы сондай-ақ 30-ға жуық ән мәтінінің авторы. Ол 2005 жылы республикалық патриоттық әндер байқауының (ән мәтіні үшін) дипломанты, 2009 жылы Халықаралық «Дарабоз» әдеби бәйгесінің жүлдегері, 2011 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған этножурналистика саласындағы «Шаңырақ» республикалық шығармашылық конкурсының жеңімпазы атанды.
Темір Мыңжасұлы Қазақстан Қазақстан Жазушылар Одағының және Журналистер Одағының мүшесі.
Көп оқылғандар
Сағындық Рахымжан. «Инженю...» (әңгіме)
Өркениеттік өлшем: сана дағдарысының қазіргі сәті
Тарыдай болып кіресің...
Жүз кітапты қалай насихаттаймыз?
Айнаш Қасым. Сол қол (әңгіме)
Төлен Әбдік. Ол кезде бәріміз бақылауда болдық
Қазақ ертегілеріндегі фантастикалық элементтер
Ертегілер – көркем ойдың бесік жыры
Нұрбек Нұржанұлы. Қаһарман құмырсқалар (хикаят)
Ғабдул-Сәбит Юсупов. Детектив – күрмеуі қиын, күрделі жанр
Тіл білімінің атасы
«Көк есектің» кейіпкерлері кім?
Шәріп Айтмуханбетұлы. Әріптер тілдің тағдырына айналғанда
«Әдебиет танытқышты» тани алдық па?
Асылдың тұяғы, алтынның сынығы алпыс жаста
Көл қорыған қызғыш құс секілденіп...
Мақсат Тәж-Мұрат. Көксіл - ауа тұрғыны-2 (элегия#минор)
Жадыра Шамұратова. Нөлінші қабатта жоғалу
Таңдаулы 100 кітап анықталды
Абай тойы қалай өтті?
Айнаш Қасым. Ақ пен қара
Жарық пен көлеңкенің арасын жазу
Маржан Ершу. Жаңғырық (мистикалық микропоэма)
Жазушы және socialnetwork: идиократия қақпанында
Жазушы Қуандық Түменбай жетпіс жаста
Мұхарбек Жәкейұлы. Ай жарығында оқылған хат
Балалар әдебиеті кітаптарын мектепте қалай насихаттау керек? (Заманауи трендтер мен бағыт-бағдарлы әдістеме)
Нұрпейіс Байғанин – ұлт жыршысы