Қалбай Әбдіраманов
Шығармашылық сапары мектеп қабырғасында жүргенде 1962 жылдардан басталған. Ақынның алғашқы өлеңдері сол 1964-65 жылдары «Қазақ әдебиеті», «Қазақстан пионері», «Балдырған», «Совет Қарақалпақстаны», «Әмудария» тәрізді газет-журналдарда жарияланған.
1965 жылы орта мектепті бітіріп ҚазМУдің журналистика факультетіне түспек болады. Сынақтан өте алмағанмен, сол жылы Алматыда қазақтың көптеген ақын-жазушыларымен танысып-біліседі. Солардың арасында жерлес ақын ағасы Төлеген Айбергеновпен бір пәтерде баспаналап, қамқорлығына бөленеді, Мұқағали Мақатаевқа өлеңдер оқытады. Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстан Халық жазушысы Мұзафар Әлімбаевпен сол кездерде басталған ұстаздық-шәкірттік байланыс 47 жылдан бері осы күнге дейін сабақтасып келе жатыр.
1966 жылы Т.Г.Шевченко атындағы Қарақалпақ Мемлекеттік педагогикалық институтының филология факультетіне оқуға түскен Қалбай Әбдіраманов бұл институтты 1971 жылы бітіргеннен республикалық «Совет Қарақалпақстаны» газетіне жұмысқа орналасып, онда 1981 жылдың желтоқсан айына дейін 11 жыл газеттің әдебиет және өнер бөлімінде тілшілік, меңгерушілік қызметтерін атқарады.
Ақынның сонда жүргенде 1977 жылы «Жүректегі жазулар», 1981 жылы «Келешекке сапар» атты өлеңдер жинақтары жарық көреді. 1968 жылы «Әму гүлдері», 1977 жылы «Сәуір» ұжымдық жинақтарында,1981 жылы татар тілінде Қазан қаласында жарық көрген қарақалпақ ақындарының «Арал дулкыннары» атты антологиясында жарияланады.
Осыған қоса-қабат оның өлеңдері қазақ баспасөзінде қатарласа жарық көріп, «Қыс» атты өлеңі қазақ сыныптарының «Ана тілі» оқулығына кірді.
Қалбай өз Отаны –Маңғыстау облысына келгенге дейін ұзақ шығармашылық дайындықтан өтті. «ҚАЗАҚНАМА: Қазағыма хат» атты көптомдық қолжазба бітірген ол 2000 жылы мамыр айының аяғында бүкіл жанұясы, бес ұлы, екі қызы, немерелерін қолынан жетелеп Ақтау қаласына ат басын тіреді. Маңғыстауға келгеннен бергі жерде ақынның өлеңдері газет-журналдар басылымдарын есепке алмағанның өзінде елуге жуық әрқилы кітаптарға енді. Ақынның өлеңдері 1967-1995 жылдар аралығында 28 жыл «Ана тілі» оқулығында оқытылған болса, қазіргі шақта «Ана тіліме», «Ұлдарыма насихат» атты өлеңдері Өзбекстан Республикасы білім беру министрлігі тарапынан бекітіліп 2005-2006 оқу жылынан бастап қазақ сыныптарының 7-сынып әдебиет оқулығы және хрестоматиясына енді. Оқулықтың бір басылымының таралымы 14000 дана. Ақын бұл оқулық-хрестоматияда Т.Айбергенов, М.Шаханов, Ө.Қожамұратов сияқты ақындармен жалғастырыла оқытылуда.
Көп оқылғандар
Сағындық Рахымжан. «Инженю...» (әңгіме)
Өркениеттік өлшем: сана дағдарысының қазіргі сәті
Тарыдай болып кіресің...
Жүз кітапты қалай насихаттаймыз?
Айнаш Қасым. Сол қол (әңгіме)
Төлен Әбдік. Ол кезде бәріміз бақылауда болдық
Қазақ ертегілеріндегі фантастикалық элементтер
Ертегілер – көркем ойдың бесік жыры
Нұрбек Нұржанұлы. Қаһарман құмырсқалар (хикаят)
Ғабдул-Сәбит Юсупов. Детектив – күрмеуі қиын, күрделі жанр
Тіл білімінің атасы
«Көк есектің» кейіпкерлері кім?
Шәріп Айтмуханбетұлы. Әріптер тілдің тағдырына айналғанда
«Әдебиет танытқышты» тани алдық па?
Асылдың тұяғы, алтынның сынығы алпыс жаста
Көл қорыған қызғыш құс секілденіп...
Мақсат Тәж-Мұрат. Көксіл - ауа тұрғыны-2 (элегия#минор)
Жадыра Шамұратова. Нөлінші қабатта жоғалу
Таңдаулы 100 кітап анықталды
Абай тойы қалай өтті?
Айнаш Қасым. Ақ пен қара
Жарық пен көлеңкенің арасын жазу
Маржан Ершу. Жаңғырық (мистикалық микропоэма)
Жазушы және socialnetwork: идиократия қақпанында
Жазушы Қуандық Түменбай жетпіс жаста
Мұхарбек Жәкейұлы. Ай жарығында оқылған хат
Балалар әдебиеті кітаптарын мектепте қалай насихаттау керек? (Заманауи трендтер мен бағыт-бағдарлы әдістеме)
Нұрпейіс Байғанин – ұлт жыршысы