Елена Әбдіхалықова
1991-2002 жылдар аралығында болып өткен 60-қа тарта республикалық, 20-ға тарта облыстық, облыс аралық, 5 рет халықаралық ақындар айтысының жеңімпазы. Атап айтсақ; М.Мақатаевтың 60 жылдығына орай, ІІ республикалық студент жастардың айтысында І орын, Ақтөбедегі Тама Есет батырға арналған айтыста Бас жүлде, 1995 жылғы республикалық ақындар айтысында І орын, т.б.
1992 жылы Бишкекте өткен “Ақ таңдай” халықаралық айтысынан 2 орын, 1993 жылғы қырғыз-қазақ халықаралық айтысынан 1 орын, 1995 жылғы Ташкентте өткен халыаралық айтысынан І орын, 1996 жылғы Алматыда өткен Наурыз халықаралық айтысынан І орын, 2002 жылғы Шымкентте өткен халықаралық айтыстан Бас жүлде жеңіп алды.
Ақындар айтысына қатысумен бірге, жазба поэзияның өкілі ретінде де танымал, 2000 жылы “Қарашық” атты өлеңдер мен әндер жинағы, 2004 жылы “Бақыт құсы”, 2008 жылы «Шынар көлі» атты жыр жинағы жарыққа шықты. Бір топ жырлары 2000 жылы «Өлке» баспасынан шыққан Жас ақындар жырларының антологиясына енді. Өлеңдері баспасөз беттерінде жарияланып келеді. 2012 жылы Төлеген Айбергеновтің 75 жылдығына арналған республикалық жыр мүшәйрасынан 2 орын, халықаралық «Шығыс шынары» мүшәйрасында бас жүлдені, 2013 жылы Петропавлда өткен «Мағжан көктемі» өнер фестивалінде жазба ақындар мүшәйрасында 1 орын иеленді.
Танымал әнші – композитор. Халық арасына “Есіңе мені алғайсың”, “Сыр елі”, “Маңғыстау”, “Көздеріңе ғашықпын”, “Сені көрдім”, “Барады жылдар жылжып”, «Кош дерсің», «Аманат», «Қазақ елі», «Доспен қоштасу» т.б. 60-қа тарта әндердің авторы әрі орындаушысы. Оның әндері Мәдина Ералиева, Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова, Майра Ілиясова, Рамазан Стамғазиев, Тамара Асар, Жұбаныш Жексенұлы сияқты белгілі әншілердің ғана емес, жалпы халықтың сүйіп орындайтын әндеріне айналған. 2000 жылы “Есіңе мені алғайсың” атты аудио - ән жинағы жарық көрсе, 2004 жылы “Қош дерсің…” , 2010 жылы «Көздеріңе ғашықпын» атты компакт-дискісі шықты. Қазақстанның барлық аумақтарында, Түркия, Монғолия, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей қазақтарының арасында өнер көрсетті.
1995 жылғы Таразда өткен Ш.Қалдаяқов атындағы ән байқауының лауреаты, 2000 жылы Алматыда өткен “Жаңа ғасырға – жаңа ән” халықаралық ән байқауында 2 әні лауреат атанып, 1 әні дипломат атағына ие болды. 2003 жылғы І Ұлттық “Астана-Бәйтерек” республикалық байқауында “Астана туралы әні” дипломант атағын алды. 2012 жылы Шығыс Қазақстанда өткен «Шырайлы Шығысым» ән байқауынан «Тарбағатай- Барқытбел» әні 2- орынды жеңіп алды.
2001 жылы Қызылорда “Сыр елім менің” атты шығармашылық кеші, 2002 жылы Алматыдағы Ғалымдар үйінде, 2004 жылы Астанадағы Конгресс-Холлда “Есіңе мені алғайсың” атты шығармашылық кештерін өткізді.
“Сыр сүлейлерінің жазба айтысы” деген тақырыпта зерттеу еңбегі жарық көрді. Осы тақырыпта филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін қорғады.
1996 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен “Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері” атағымен наградталған.
Қазіргі таңда Астана қаласында тұрады.
Көп оқылғандар
Сағындық Рахымжан. «Инженю...» (әңгіме)
Төлен Әбдік. Ол кезде бәріміз бақылауда болдық
Өркениеттік өлшем: сана дағдарысының қазіргі сәті
Айнаш Қасым. Сол қол (әңгіме)
Жүз кітапты қалай насихаттаймыз?
Қазақ ертегілеріндегі фантастикалық элементтер
Ертегілер – көркем ойдың бесік жыры
Ғабдул-Сәбит Юсупов. Детектив – күрмеуі қиын, күрделі жанр
Тіл білімінің атасы
«Көк есектің» кейіпкерлері кім?
Шәріп Айтмуханбетұлы. Әріптер тілдің тағдырына айналғанда
«Әдебиет танытқышты» тани алдық па?
Асылдың тұяғы, алтынның сынығы алпыс жаста
«Астана Опера» ХІІІ маусымын «Абай» операсымен ашпақ
«BIKEN» халықаралық театр фестивалі өтеді
Көл қорыған қызғыш құс секілденіп...
Мақсат Тәж-Мұрат. Көксіл - ауа тұрғыны-2 (элегия#минор)
Жадыра Шамұратова. Нөлінші қабатта жоғалу
Таңдаулы 100 кітап анықталды
Абай тойы қалай өтті?
Айнаш Қасым. Ақ пен қара
Жарық пен көлеңкенің арасын жазу
Маржан Ершу. Жаңғырық (мистикалық микропоэма)
Жазушы және socialnetwork: идиократия қақпанында
Жазушы Қуандық Түменбай жетпіс жаста
Мұхарбек Жәкейұлы. Ай жарығында оқылған хат
Балалар әдебиеті кітаптарын мектепте қалай насихаттау керек? (Заманауи трендтер мен бағыт-бағдарлы әдістеме)
Нұрпейіс Байғанин – ұлт жыршысы