Болат Бодаубай
БОДАУБАЕВ БОЛАТ 1940 жылы туған. 1956 жылдан Соколов-Сарыбай кен байыту комбинатының құрылысында екі жыл жұмыс істеген. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика бөлімін бітірген. Сол жылдардан бастап мақалалары, очерктері, әңгімелері республикалық газетжурналдарда жариялана бастайды.
1962 жылы «Лениншіл жас» газетіне қызметке алынады. Университеттің соңғы курсын жұмыс істей жүріп бітіреді. Бұдан кейінгі жылдарда ол осы газеттің Қарағанды облысындағы меншікті тілшісі, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшысы, 1970 – 74 жж. бас редактордың орынбасары болып істейді. Екі жылдан аса республикалық «Социалистік Қазақ-стан» газетінде әдебиет және өнер бөлімін басқарады, редакциялық алқаның мүшесі болады. 1976–84 жж. Орталық Партия Комитетінде жауапты қызмет атқарады. 1984–86 жж. республикалық «Жалын» баспасының директоры, 1986–91 жж. Республикалық «Қазақкітап» бірлестігінің бас директоры, 1991–94 жж. Ақпарат және баспа министрлігінде Кітап саудасы мен баспа қызметі Бас басқармасының бастығы, 1994 – 96 жж. мемлекетаралық «Заман-Қазақстан» газетінің бас редакторы, 1996 жылдан 2003 жылдың күзіне дейін жеті жылдан аса ҚР Парламенті Сенаты Аппаратының бөлім меңгерушісі болып істеген «Жас жүректер», «Желсіз түнде жарық ай», «Дети одного дома» (орыс тілінде), «Май жаңбыры», «Ескі дәптер шерткен сыр», «Қарт тергеушінің әңгімелері», «Прокурордың ажалы», «Таңдамалы», «Тұлға», «Таңғаламын өмірдің ғажабына», «Тайна старой тетради» (орыс тілінде) атты кітаптары шыққан. Атақты композитор Е. Рахмадиевтің өмірінен жазылған «Тұлға» атты романына Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы берілді.
Ел ағасы Мырзатай Жолдасбековтің басынан кешкен өмірі туралы «Таңғаламын өмірдің ғажабына» атты екі кітаптан тұратын роман жазды. Атақты жазушы Н.Носовтың «Дымбілмес пен достарының бастан кешірген хикаялары», «Дымбілмес Күн қаласында», «Дымбілместің айға саяхаты» романдарын, Юз. Алешковскийдің «Кіш, Қоспортфель және бір аптадағы оқиғалар», «Кіш екеуміз Қырымдамыз» атты повестерін орысшадан қазақ тіліне аударған.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденімен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен, «Астана», «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл», Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» медальдарымен марапатталған.
Көп оқылғандар
Төлен Әбдік. Ол кезде бәріміз бақылауда болдық
Максималар мен қоғамдық ойлар...
Тіл білімінің атасы
«Солар жайлы ойлансын ұрпағымыз...»
Баянауыл дейтін ел көрдік...
«Кішкентай мемлекеттегі» үлкен тоталитаризм
Асылдың тұяғы, алтынның сынығы алпыс жаста
Шәріп Айтмуханбетұлы. Әріптер тілдің тағдырына айналғанда
«Әдебиет танытқышты» тани алдық па?
«Көк есектің» кейіпкерлері кім?
ОЙСОҚТЫ АҢСАР...
Көрнекті ғалым Әуелбек Қоңыратбаевтың туғанына 120 жыл
Төрегелді Тұяқбайдың «Сөзбилерінің» рецепциясы
«Астана Опера» ХІІІ маусымын «Абай» операсымен ашпақ
«BIKEN» халықаралық театр фестивалі өтеді
Мақсат Тәж-Мұрат. Көксіл - ауа тұрғыны-2 (элегия#минор)
Жадыра Шамұратова. Нөлінші қабатта жоғалу
Төлен Әбдік. Ол кезде бәріміз бақылауда болдық
Абай тойы қалай өтті?
Жарық пен көлеңкенің арасын жазу
Маржан Ершу. Жаңғырық (мистикалық микропоэма)
Жазушы және socialnetwork: идиократия қақпанында
Жазушы Қуандық Түменбай жетпіс жаста
Мұхарбек Жәкейұлы. Ай жарығында оқылған хат
Балалар әдебиеті кітаптарын мектепте қалай насихаттау керек? (Заманауи трендтер мен бағыт-бағдарлы әдістеме)
Нұрпейіс Байғанин – ұлт жыршысы
Өркениеттік өлшем: сана дағдарысының қазіргі сәті
Сағындық Рахымжан. «Инженю...» (әңгіме)