Ермек Аманшаев
Ермек Аманшаев - 1963 жылы дүниеге келген, Маңғыстау түлегі. Белгілі драматург, жазушы, әдебиет зерттеушісі, эссеист.
1963 жылы 12 наурызда Маңғыстау облысы, Құрық ауылында дүниеге келген. 1985 жылы Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін филология мамандығы бойынша бітірген. 1985–95 жылдары Орталық мемлекеттік мұражайында ғылыми қызметкер, «Қазақ Совет энциклопедиясында» ғылыми редактор, «Жалын» журналында жауапты хатшы, әл-Фараби атындағы ҚазМУ-да аға оқытушы болған.1991 жылы М.Әуезов атындағы академиялық драма театрда қойылған «Үзілген бесік жыры» атты алғашқы қойылымы оған үлкен табыс алып келді. Осылайша, Амантаев сол жылдары академиялық театр сахнасында қойылған қойылымның ең жас авторы атанды. Ол 10-нан аса ғылыми еңбектің, 2 кітаптың авторы: «Албасты туралы аныз», «Үзілген бесік жыры» (1991 ж. Мәскеу қаласы Халықаралық жас драматургтер фестивалінің лауреаты), «Қыр астындағы сол ғажайып әлем» және т.б. Сондай-ақ, М.Әуезов жайлы шығармасы ҚР Мемлекеттік сыйлығына ұынылды. Оның пьессалары М.Әуезов атындағы академиялық драма театрда, М.Лермонтов атындағы орыс драма театрында, Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында сахналанды.
Қазақстан Жазушылар Одағының, Кинематографистер Одағының, Театр қайраткерлері Одағының мүшесі. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты.
«Үзілген бесік жыры», «Сұлтан болсам, егер мен» (аударма, С.Ваннус), «Құбылыс» (Ф.Кафка бойынша), «Жынойнақ» (Д.Кобурн, аударма, өзі режиссер ретінде сахналады) атты шығармалары М.О.Әуезов атындағы Қазақтың академиялық драма театрында, «Қыр астындағы сол бір ғажайып әлем», «Балкон» атты пьесалары Ғ.М.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Жастар театрында, «Балкон» пьесасы М.Лермонтов атындағы Мемлекеттік орыс драма театрында, «Жұлдыздарда бір сыр бар» драмасы бірқатар облыстық театрларда қойылған. М.Әуезовке, Абайға арналған бірнеше деректі фильмдердің сценарий авторы.
«Параллель әлемдер» (жинақтағы «Балкон» кинохикаяты) атты фильмнің (Ресей) қоюшы-режиссері, сценарий авторы.
Жастар одағы сыйлығының лауреаты (1992)
Филология ғылымдарының кандидаты.
Мәдениет комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің вице-министрі болып жұмыс істеді (2002-2003); ҚР мәдениетінің вице-министрі (2003-2004); ҚР Ақпарат және спорт министрлігінің вице-министрі (2004-2006). 2008 жылдан бері Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының президенті. Қазақстан жазушылар одағының және кинематографистер одағының мүшесі (2009). «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері» мемлекеттік атағымен марапатталған.
Режиссер:
- 2013 – Параллель әлемдер / Параллельные миры (Қазақстан, Ресей)
- 2013 - Параллель әлемдер / Параллельные миры (Қазақстан, Ресей)
- 2014 – Елестерді аулау / Охота за призраком (Қазақстан)
- 2013 – Көшбасшы жолы. Өтты өзен. Темір тау. / Путь лидера. Огненная река. Железная гора | Көшбасшы жолы (Қазақстан)
- 2011 – Жоюшы / Ликвидатор (Қазақстан)
- 2011 - Жерұйық | Земля обетованная (Қазақстан)
- 2010 - Трубадур (Қазақстан, Ресей)
- 2010 – Қызғылт қоян туралы ертегі / Сказ о розовом зайце (Қазақстан)
- 2010 – Серпіліс / Рывок (Қазақстан)
- 2010 –Махаббат тәлкегі / Ирония любви / Соблазнить неудачника (Қазақстан, Ресей)
- 2009 – Афалиннің секірісі / Прыжок Афалины (Қазақстан)
- 2009 – Сіз кімсіз, Ка мырза? / Кто вы, Господин Ка? (Қазақстан, Ресей)
- 2009 – Арман қала /Город мечты (Қазақстан)
- 2010 –Астана-махаббатым менің / Астана, любовь моя (телехикая, 12 бөлім)
Көп оқылғандар
Сағындық Рахымжан. «Инженю...» (әңгіме)
Өркениеттік өлшем: сана дағдарысының қазіргі сәті
Тарыдай болып кіресің...
Жүз кітапты қалай насихаттаймыз?
Айнаш Қасым. Сол қол (әңгіме)
Төлен Әбдік. Ол кезде бәріміз бақылауда болдық
Қазақ ертегілеріндегі фантастикалық элементтер
Ертегілер – көркем ойдың бесік жыры
Нұрбек Нұржанұлы. Қаһарман құмырсқалар (хикаят)
Ғабдул-Сәбит Юсупов. Детектив – күрмеуі қиын, күрделі жанр
Тіл білімінің атасы
«Көк есектің» кейіпкерлері кім?
Шәріп Айтмуханбетұлы. Әріптер тілдің тағдырына айналғанда
«Әдебиет танытқышты» тани алдық па?
Асылдың тұяғы, алтынның сынығы алпыс жаста
Көл қорыған қызғыш құс секілденіп...
Мақсат Тәж-Мұрат. Көксіл - ауа тұрғыны-2 (элегия#минор)
Жадыра Шамұратова. Нөлінші қабатта жоғалу
Таңдаулы 100 кітап анықталды
Абай тойы қалай өтті?
Айнаш Қасым. Ақ пен қара
Жарық пен көлеңкенің арасын жазу
Маржан Ершу. Жаңғырық (мистикалық микропоэма)
Жазушы және socialnetwork: идиократия қақпанында
Жазушы Қуандық Түменбай жетпіс жаста
Мұхарбек Жәкейұлы. Ай жарығында оқылған хат
Балалар әдебиеті кітаптарын мектепте қалай насихаттау керек? (Заманауи трендтер мен бағыт-бағдарлы әдістеме)
Нұрпейіс Байғанин – ұлт жыршысы