Ақтан Керейұлы
Ақтан Керейұлы (1850 , қазіргі Ақтөбе облысы Байғанин ауданы — 1912, сонда, Шибұлақ мекені) — ақын. Атасы Абдолла ел аузында аңыз болып қалған айтулы атбегі. Ақтан Абыл, Махамбет, Шернияз, Нұрым, Марабай дәстүрімен өлеңді қолма-қол шығарған. Ол Орынбор, Жайық, Ойыл, Қиыл, Жем, Сағыз, Маңғыстау алқабындағы елдерді аралап, ақын, жырлаулармен кездесіп, жиын-тойларда той бастап, жыр толғайды. Нұрым, Қашаған, Қоспақ, Жаскілең, Құлманбет, Нұрпейіс сияқты ақын, жыраулармен бір жүріп, өнер таратады. Шығармалары — өмір мәні туралы филос., ақыл-нақылдық терме, толғаулар (“ Аяғына қан түссе”, “Біріншіден не жаман” т.б.), тұрмыс-салт тақырыбындағы жырлар (“Той бастар”, “Бата”). Ақтан адамгершілік пен адалдықты (“Біразырақ сөйлейін”, “Замана жайында”,“Тыңдасаңыз сөзімді”, “Қайыспас бұлан нар едім”) өз шығармаларына арқау етіп, ел мүддесі үшін күрескен батырларды (“Ерлік жыры”) жырлаған. “Қырымның қырық батыры” аталатын ерлік дастандардың бірқатары Атырау, Қарақалпақ аймағына Ақтан арқылы тараған. Қашаған, Нұрпейіс сынды ақындар бұл жырларды Ақтаннан үйренген. Ақтан жырлары ойнақы, ойлы да отты бейнелі сөздерге бай. Қазақстан, Орта Азия өңірлеріндегі жыршы, термешілер ақын жырларын “Ақтан сазы” дейтін өзіндік әуенмен орындайды. Оның өлең, толғаулары “Ертедегі әдебиет нұсқалары” (1967), Ақберен”(1972), “Өсиет-нама” (1982), “Бес ғасыр жырлайды” (1985 — 1989), “Жыр- Дария” (1995), “Абыл, Нұрым, Ақтаным” (1997) жинақтарында жарық көрген.
Көп оқылғандар
Сағындық Рахымжан. «Инженю...» (әңгіме)
Өркениеттік өлшем: сана дағдарысының қазіргі сәті
Тарыдай болып кіресің...
Жүз кітапты қалай насихаттаймыз?
Айнаш Қасым. Сол қол (әңгіме)
Төлен Әбдік. Ол кезде бәріміз бақылауда болдық
Қазақ ертегілеріндегі фантастикалық элементтер
Ертегілер – көркем ойдың бесік жыры
Нұрбек Нұржанұлы. Қаһарман құмырсқалар (хикаят)
Ғабдул-Сәбит Юсупов. Детектив – күрмеуі қиын, күрделі жанр
Тіл білімінің атасы
«Көк есектің» кейіпкерлері кім?
Шәріп Айтмуханбетұлы. Әріптер тілдің тағдырына айналғанда
«Әдебиет танытқышты» тани алдық па?
Асылдың тұяғы, алтынның сынығы алпыс жаста
Көл қорыған қызғыш құс секілденіп...
Мақсат Тәж-Мұрат. Көксіл - ауа тұрғыны-2 (элегия#минор)
Жадыра Шамұратова. Нөлінші қабатта жоғалу
Таңдаулы 100 кітап анықталды
Абай тойы қалай өтті?
Айнаш Қасым. Ақ пен қара
Жарық пен көлеңкенің арасын жазу
Маржан Ершу. Жаңғырық (мистикалық микропоэма)
Жазушы және socialnetwork: идиократия қақпанында
Жазушы Қуандық Түменбай жетпіс жаста
Мұхарбек Жәкейұлы. Ай жарығында оқылған хат
Балалар әдебиеті кітаптарын мектепте қалай насихаттау керек? (Заманауи трендтер мен бағыт-бағдарлы әдістеме)
Нұрпейіс Байғанин – ұлт жыршысы