Қаназ Молдахмет
Қаназ Молдахмет 1942 жылы 23 ақпанда Арал ауданы Бекбауыл станциясында туған. Жазушы. 1980 жылдан Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі (1998 ж.), Алаш әдеби сыйлығының (2016 ж.) және Ғабдол Сланов атындағы сыйлықтың (2019 ж.) иегері. 1963 жылы Шымкент педагогика институтының филология факультетін бітірген. 1963–67 жылдары Қазалы аудандық орта мектепте мұғалім, 1967 – 69 жылдары “Ленин туы” газетінде бөлім меңгерушісі, 1969 – 74 жылдары Қазалы аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, ауданы кәсіподақ комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған. 1978-85 жылдары “Жалын” баспасында редактор, бөлім меңгерушісі, 1992 жылдан “Денсаулық” журналында бөлім меңгерушісі, 1993 жылдан бас редакторы қызметін атқарған. Алғашқы шығармалары 1970 жылдан жариялана бастады. Молдахмет Қаназдың ауыл адамдарының тұрмыс-тіршілігі, замандастарының ой-арманы, адамгершілік мәселелері туралы жазылған “Сонар” (1973 ж.), “Арна” (1978 ж.), “Ақ тайлағым-ай” (1980 ж.), “Құм ойнау” (1984 ж.), “Армандай алыс жағалау” (1988), “Жаңбырлы жал” (1991 ж.), “Қияндағы күн нұры” (1993 ж.), “Жанқожа” (2001 ж.), «Чика ‒ Дабылдың баласы» (2003), «Кек» (2013) атты кітаптары, «Сырдария кітапханасы» сериясымен 2 томдық шығармалар жинағы (2009) жарық көрген. “Чика - Дабылдың баласы” (1991 ж.), “Жер кіндігі” (1975 ж.) повестері үшін жасөспірімдер мен балаларға арналған үздік шығармалардың республикалық жабық бәйгесінде жүлде алған. Орыс жазушылары В.Карпов, Е.Пелин, В.Распутиндердің шығармаларын қазақ тіліне тәржімалаған. Жекелеген туындылары орыс, грузин, өзбек тілдеріне аударылған. Молдахмет Қаназдың еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі шығармашылығы - Халық батыры Жанқожа Нұрмұхамедұлының өнегелі өмірі мен өшпес ерлігіне арналған. Осы тақырып аясында "Кек" атты киноповесті, «Жанқожа» атты үш актілі тарихи драмасы, сондай-ақ, “Ел қорғаны - Ер Жәкем" атты іргелі еңбегі (С.Қалуовпен бірге), «Жанқожа Нұрмұхаммедұлы» (2014 ж.) атты жинағы жарияланған. «Құрмет» орденімен (2017), бірнеше медальмен марапатталған. Арал (2007 ж.) және Қазалы (2012 ж.) аудандарының құрметті азаматы.
Көп оқылғандар
Сағындық Рахымжан. «Инженю...» (әңгіме)
Өркениеттік өлшем: сана дағдарысының қазіргі сәті
Тарыдай болып кіресің...
«Островский ‒ ФЕСТ» фестиваліндегі жүлде
Ертегілер – көркем ойдың бесік жыры
Жүз кітапты қалай насихаттаймыз?
XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі драма жанры
Нұрбек Нұржанұлы. Қаһарман құмырсқалар (хикаят)
Америкалық жазушылар ЖИ-ды сотқа берді
Айнаш Қасым. Сол қол (әңгіме)
Ғабдул-Сәбит Юсупов. Детектив – күрмеуі қиын, күрделі жанр
Конституция және қазақ қаламгерлері
СӨЗ ҚАЗЫҒЫ – «БӘДУӘМ!»
Қазақ ертегілеріндегі фантастикалық элементтер
«Сен ішкен у – әбілхаят сусыны...»
Көл қорыған қызғыш құс секілденіп...
Мақсат Тәж-Мұрат. Көксіл - ауа тұрғыны-2 (элегия#минор)
Жадыра Шамұратова. Нөлінші қабатта жоғалу
Таңдаулы 100 кітап анықталды
Абай тойы қалай өтті?
Айнаш Қасым. Ақ пен қара
Жарық пен көлеңкенің арасын жазу
Маржан Ершу. Жаңғырық (мистикалық микропоэма)
Жазушы және socialnetwork: идиократия қақпанында
Жазушы Қуандық Түменбай жетпіс жаста
Мұхарбек Жәкейұлы. Ай жарығында оқылған хат